Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
1/4/12, 15:05
Жанар
мен Тараз каласында Жамбыл гуманитарлык-тухникалык университетте биология мамадыгында окимын мен 2 курста Астана каласына сиздердин университетернизге агрономия мамандыгына ауспакшымын негизи аусуга боладыма
Құрметті Жанар! «Биология» мамандығынан 5В080100-«Агрономия» мамандығына 2012 жылдың 25 қаңтарына дейін, ақылы келісім шарт негізінде, төменде келтірілген ережеге сәйкес ауысуыңызға болады. «Білім беру мекемелерінде білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау ережелеріне» сәйкес бір ЖОО екінші оқу орнына ауыстыру келесі кезекпен жүргізіледі: Басқа ЖОО ауысуға тілек берген оқушы, сол өзі оқитын оқу орнының басшысына өтініш жазады, жазбаша түрде мөр қойылған рұқсат алғаннан кейін, оқығысы келген жоғары оқу орнының басшылығына өтініш білдіреді; Қабылдайтын жоғары оқу орнының басшылығына жазылған өтінішке келесі көшірмелер тіркелуі тиіс: факультет деканы қол қойған оқу картасы, тіркеуші кеңсесінің қолы және мөр қойылған транскрипт; біріңғай ұлттық тестілеу тапсырғаны туралы сертификат; білім гранты иегерінің куәлігі.
1/3/12, 21:29
Sayat Kamzin
Құрметті ректор мырза! Техникалық факультеттің жаңа корпусының салтанатты ашылуы қашан болады? Рахмет!
Құрметті Саят! Техникалық факультеттің жаңа ғимаратының құрылысы 2007 жылы басталды. Дағдарыс кезеңі аталмыш нысанның құрылысының жүруіне де кедергісін тигізді. Дегенмен, Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығы құрылыс жұмыстарын жалғастыру мақсатында тиісті шаралар жүргізді, атап айтқанда мердігердің жұмысы сотта қаралды, мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы алу мәселесі шешілді. Атқарылған іс-шараларға қарамастан 2011 жылы да құрылыс қарқыны бәсеңдеу болып, тіпті тоқтап тұрған кездері де болды. Өткен жылы университет басшылығының, тікелей өзімнің араласуымның нәтижесінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі нысанды мерзімінде пайдалануға беруге қатысты барлық шараларды қолданатынын уәде етті. Біздің талабымызға сәйкес жұмыс кестесі жасалды. Аталмыш нысанды қабылдау-тапсыру бойынша жұмыс комиссиясы бірқатар кемшіліктердің барын анықтады. Мердігер – «GREATIVE GROUP SHVGYLA» ЖШС бұл кемшіліктерді жою жұмыстарын өткен жылдың соңында бастады. Сонымен қатар оқу процессіне тиісті құрал-жабдықтарды сатып алып орналастыруда. Аталған оқу ғимаратының жұмыс тапсырушысы – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі болғандықтан, нысанды біздің қалауымызша бітіруді талап етуге құзырымыз жүрмейді. Дегенмен, атқарылып жатқан жұмыстар университеттің тарапынан күнделікті қадағалануда.
1/3/12, 14:39
Аман Шынтас Сейдахметулы
Кұрметті А.Қ. Күрішбаев мырза саламатсызба.Сізге есінізде болсам,сурак койганмын ауысу туралы.Сурагымды толыктырып мынадай сурак койгым кеп отыр. 050713 мамандыгынын жылдык акысы,ауысканнан кейн бизде болмаган сабактын акшасын толейм ба?Толык акпаратты кандай номерден ала алам?Назар аударганызга рахмет!!!
Құрметті Шынтас! Оқу орнымыздың 5В071300-«Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығына қысқы және жазғы сессия демалыс уақыты аралығында ауысуыңызға болатынын хабарлаймыз. Сонымен қатар 2011-2012 оқу жылына аталған мамандық бойынша оқу ақысы 246600 (екі жүз қырық алты мың алты жүз) теңгені құрайды. Ауысу барысында пән айырмашылығына байланысты кредит сағаты төленеді (1 кредит – 7870 теңге). Қосымша сұрақтар бойынша техникалық факультет деканатына хабарласа аласыз. Телефон: 31-80-90.
1/2/12, 21:18
Абдрахманова Гульзат
Сәлеметсіз бе, құрметті Ақылбек Қажығұлұлы! Мен биотехнология мамандығының 1 курс магистрантымын. Ақылы бөлімде оқимын. Бірінші семестрді өз мамандығым бойынша кілең \"беске\" аяқтадым. Мемлекеттік грантқа өтуіме мүмкіндік бар ма?
Құрметті Гүлзат! Биылғы оқу жылында ҚР Білім және ғылым министрлігінен біздің университетке магистратураның 12 мамандығы бойынша 75 білім гранты бөлінді. Ал «Биотехнология» мамандығы бойынша білім гранты бөлінген жоқ, сол себепті сіз оқуды ақылы негізде ғана жалғастыра аласыз.
1/2/12, 20:58
Бөлеген Айкүміс Болатқызы
Сәлеметсіз бе А.Қ.Күрішбаев ағай!Мен өзім негізінен 10 сынып оқушысымын.Бірақ,дегенмен мені ҰБТ мәселесі толғандырады.Менің сұрайын дегенім сіздің университетіңізде конкурстар болып тұра ма?Алдағы уақытта қандай конкурстар болады?Оған мектеп жасындағы Грант иегері болуға ынталы оқушылар қатыса ала ма?Қандай мүмкіндіктер бар?Рахмет.
Құрметті Айкүміс! Білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсты білім саласындағы уәкілетті орган құратын Комиссия өткізеді. Білім беру гранттарын талапкерлер өтініш білдірген нақты мамандықтар, тіл бөлімдері және оқу нысандары бойынша мамандықтар кезектілігіне сай білім беру грантын беру туралы куәлікті берумен қоса бірыңғай ұлттық немесе кешенді тестілеудің нәтижелері бойынша сертификаттар баллдарына сәйкес конкурстық негізде беріледі. Білім беру грантын алу конкурсында қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәні бойынша балдар ескеріледі. Конкурсқа қатысу үшін кемінде 50 балл жинау қажет, оның ішінде бейіндік пән бойынша кемінде 7 балл, ал қалған пәндерден - кемінде 4 балл. Білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысу үшін азамат өтініште өзі таңдаған мамандық пен жоғары оқу орнын көрсетеді. Таңдау бойынша пәндер сәйкес келген жағдайда азамат төрт мамандықты көрсете алады. Анықтамалар үшін: тел.: 8-7172-317-556 (қабылдау комиссиясы).