Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
1/12/12, 12:50
Ысқақова Гүлсім Жақсылыққызы
Мен Ысқақова Г.Ж. Қазақ агротехникалық университетінің Агрономия факультетінің Экология және орман шаруашылығы кафедрасында 2002 жылдан бастап аға зертханашы қызметін атқарып келемін. Отбасымда жолдасым мемлекеттік емес кәсіпорында жұмыс атқарады, ұлым-Абылайхан 11сыныпты аяқтайды, қызым-Айым бастауыш сыныпқа келесі жылы барады. Астана қаласында үй жалдап тұрып жатқанымызға 15 жылдай болып қалды. Пәтер жалдауға ай сайын 70000 тенге төлейміз. Өткен жылдары да жатақханалардың бірінен бөлме сұрап А.Қ.Бұлашевқа өтінім білдірген болатынмын, бірақ, Бұлашев А.Қ. бос бөлменің жоқтығын түсіндіріп, күте тұруымды айтқан болатын. Сөзімді қорыта келе жоғарыда аталған отбасы жағдайымды ескере отырып, біздің отбасымызға, Сізден жатақханалардың бірінен 1 бөлме беруіңізді сұраймын.
Құрметті Гүлсім! Сіздің университет жатақханасынан орын беру жөніндегі өтінішіңіз тіркелген. Жатақханадан орын беру туралы мәселелер менің басшылығыммен өтетін отырыста талқыланады. Сол жерде Сіздің жағдайыңызды ескеріп, мүмкіндігі болса көмектесу жолдарын қарастырамыз.
1/11/12, 20:59
ainur
kurmetti A.K.Kuriwbaev myrza menin suragim minandai, osi jili 75 grant bolindi dep okidm, kai fakul\'tetke jane kai kafedraga kanwa kanwadan ekenin surain degem. aldin ala rahmet
Құрметті Айнұр! Биылғы оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінен біздің университетке Республикалық білім беру гранты бөлісі негізінде 75 білім гранты тек магистратураның 12 мамандығы бойынша бөлінген.
1/10/12, 11:22
Смаилова Айгерим Сериковна
Сәлеметсіз бе, құрметті А.Қ.Күрішбаев. Мен ВиТЖ факультетінің 2-ші курс биотехнология мамаңдығында оқимын. Мен көпбалалы отбасынанмын: 3 студент және 2 оқушы (5бала). Менің үлгерімім жақсы. Сұрақ: үлгерімім 4 пен 5 аралас, бірақ мені көпбалалы отбасынан екенімді және ата-анамның оқуымды төлеу қиынға түсіп тұрғандықтан, осы жағдайымды ескеріп осы қысқы семестрде келісімшарт негізінен мемлікеттік білім грантына ауысуыма бола ма?
Құрметті Айгерим! Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі 2011-2012 оқу жылының қысқы емтихан сессиясы қорытындысы негізінде 5В070100 Биотехнология мамандығының 2 курсына Республика бойынша босаған 2 мемлекеттік білім беру грантына ашық конкурс жариялады. Конкурсқа қатысушылардың арасында сіздің құжаттарыңыз бар. Конкурс қорытындысы наурыз айының басында белгілі болады.
1/7/12, 18:04
Мади
Саламатсызба!Мен осы қысқы сессиямды жауып,грантқа ауысуға арыз жазғам.Қояр сұрағым биыл электроэнергетика мамандығына 2 курстарға мемлекеттік босаған білім гранты қанша?Жәнеде 2009 жылғыдай кризистик жағдайға байланысты қосымша білім гранттары бөліне ма?Конкурс қорытындысы қай уақытта айтылады?
Құрметті Мади! 2011-2012 оқу жылының қысқы емтихан сессиясы нәтижесінде оқу орнымызда 5В0701800-Электр энергетикасы мамандығының 2 курсы бойынша босаған 1 ғана білім беру гранты бар. Биылғы оқу жылына Үкімет тарапынан қосымша білім гранттары бөлінбейді. Конкурс қорытындысы наурыз айының басында белгілі болады.
1/6/12, 12:16
Саматқызы Айсана
Салеметсіз бе?Мен 2012 жылғы мектеп бітіруші түлекпін.Таңдау пәнім география.Осы пәннен грант бола ма,нактырак айтсаңыз.Сонымен қатар қандай пәнге грант көп бөлінеді екен?
Құрметті Айсана! Мамандықтарымыздың тізімімен университет сайтынан «Талапкер» бөлігінен таныса аласыз. Мамандықтар кестеде, таңдау бойынша пәндері келтіріліп, көрсетілген. Білім гранттары пәндер бойынша емес мамандықтар бойынша бөлінеді. Университетіміздің келесі мамандықтары бойынша таңдау пәні география болып табылады: 5В050600 – «Экономика», 5В050700 – «Менеджмент», 5В050600 – «Есеп және аудит», 5В050900 – «Қаржы», 5В051100 – «Маркетинг», 5В071100 – «Геодезия және картография», 5В080700 – «Орман ресурстары және орман шаруашылығы», 5В090300 – «Жерге орналастыру», 5В090400 – «Әлеуметтік-мәдени сервис», 5В090700 – «Кадастр» және 5В090800 – «Бағалау». Көрсетілген мамандықтар ішінен 5В071100 – «Геодезия және картография» мен 5В080700 – «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандықтары бойынша гранттар көбірек бөлінеді, себебі мемлекет мамандарға тапшы, еңбек нарығында сұранысқа ие, яғни, білікті мамандармен аз қамтамасыз етілген салаларға білім гранттарын көп бөледі Мемлекет тарапынан қанша білім гранттары жыл сайын бөлінетіндігі жөнінде мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz ресми сайтынан таба аласыз. Анықтамалар үшін: тел.: 8-7172-317-556 (қабылдау комиссиясы).
1/6/12, 11:24
Aidar
salamatsizba rektor mairza! men sizdin universitetinizge orman korlari zhane orman waruawiligi mamandigina tuskim keledi. Bul mamandikti bitirgen son men bolawakta kaida zhumis atkara alamin zhane kim bolip zhumis isteimin.
Құрметті Айдар ! Университетіміздің агрономия факультетінде 5В080700-Орман қорлары және орманшылық мамандығы бойынша қазақ және орыс тілінде мамандар даярланады. Жыл сайын бұл мамандыққа мемлекет бойынша гранттар бөлініп тұрады. Осы мамандық бойынша оқып шыққан түлектер «Астанадағы көгалдандыру құрылыс мекемесінде», «Жасыл аймақ», «Астана Орманы», колледжде оқытушы ретінде және басқада мемлекеттік орман шаруашылығы кәсіпорындарында жемісті қызмет атқаруда.