Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
1/2/13, 12:25
шолпан
саламатсыздарма,мен алы ауыспадым бырак енды руксат алам университеттен маган обшижития берема мен Алматыдан ауысамын
Құрметті Шолпан! Сіздің хатыңыздағы жатақханаға орналасу мәселесімен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде арнайы жатақхана мәселесімен айналысатын Тұрғын үй комиссиясы қарайтындығын есіңізге салғым келеді. Тек оқуыңызды толық ауыстырып болғаннан кейін, жатақханаға қатысты барлық құжаттарыңызды сол комиссияның құзырына өткізуіңізге болады. Олар оқу жылының басынан бері жатақхана кезегінде тұрған студенттердің өтініштерін саралай келе, кезекке тұру тәртібімен сіздің өтінішіңізді қарап, тиісті шешім қабылдайды.
1/2/13, 12:15
шолпан
саламатсыздарма,мен Алматыда КазГАСА да окимын 2 курста бырак 2 семестрден бастап Астанада окыгым келеды ауыса аламынба
Құрметті Шолпан! Сіздің ауысу мәселеңіз бойынша сәулет өнері факультетінің деканатына хабарласуыңызды сұраймын. Байланыс телефондары: 39-75-59.
1/2/13, 07:47
Maksat Baimanov
Salamatsizba kurmetti rektor,menein koiatin suragim men biil KATUga okuga tussem tandau panim biologia sizderdin oku ordalarinizda agilwin tilinen tegin kurstar studentterge barma rahmet!!!
Құрметті Мақсат! Біздің университетте ағылшын тілінен тегін курстар өткізілмейді.
1/1/13, 19:18
Ақбопе Алтынбек
Cәлеметсізбе ректор мырза. Менің қояр сұрағым сіздердің университеттеріңізде 5В011100 информатика мамандығы барма? Және осы мамандық бар болса магистратура оқуға болама? Алдын-ала рахмет
Құрметті Ақбөпе Алтынбек! Біздің университетте, 5В011100 «Информатика» мамандығы бойынша оқу жүргізілмейді, сол себептен осы мамандық бойынша 6М011100 бізде магистратура жоқ, алайда сіз осы бағытта магистратураға түскіңіз келсе, біздің университетімізде 6М070300 - «Ақпараттық жүйелер» және 6М070400 - «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша магистратуралары бар, осы мамандықтар бойынша бағыңызды сынап көруіңізге болады.