Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
1/10/13, 20:20
Бекайдар
ассаламугалейкум Курметти Акылбек Кажыгулулы. мен таргуде тау кен иси мамандыгы бойынша 1курста окимын убт дан орыс тилсиз 57 балл алдым 2 курстан бастап сиздин университетке туским келеди оган мумкиндик бар ма?
Құрметті Бекайдар, біздің университетке түскіңіз келсе, таңдаған мамандығыңызды көрсетуіңіз керек. Анықтамалар үшін: тел.: 8(7172) 317-556, 398-018
1/10/13, 10:30
Олжас
Сәлеметсізбе Ақылбек Қажығұлұлы, менен осы семестрде бір мұғалім пара сұрады, осындай жағдайда не істеуге болады?
Құрметті Олжас! Сіз хабардар еткен жайсыз мәселе жайында университеттің Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент басшылығына дәлелді айғақтарыңызбен келуіңізді сұраймын. Сіз туралы ақпарат еш жерде жарияланбайды. Университетте жемқорлыққа жол берілмейтіндігін есіңізге сала отырып, онымен бірлесе күресуге шақырамын.
1/9/13, 20:10
Темиров Ергали
Сәлеметсіз бе Ақылбек Қажығұлұлы! Сізге қояр сұрағым, 2012-2013 оқу жылына 5В071700 жылуэнергетикасы мамандығына қосымша грант бөлінді ме?
Құрметті Ерғали! 5В071700-Жылу энергетикасы мамандығына қосымша гранттар бөлінбейді. Аталған мамандық бойынша мемлекеттік білім гранты негізінде оқитын студент әр түрлі себептермен оқудан шыққан жағдайда, келісім шарт негізінде оқитын студенттер босаған орынға белгіленген тәртіппен ауыса алады.
1/9/13, 19:10
Нартай
Салеметсизбе Акылбек Кажыгулулы! Мен сизге бирнеше сурактар койгым келеди. Мен казир \"Шымкент аграрлык колледжинде\" \"Орман шаруашылыгы\" мамандыгы бойынша 3 курс студентимин. Колледж ди битирген сон сиздердин универиситеттеринизге окуга туским келеди.Бул универиситетте колледжден сон сырткы болимге тусуге болама? егер кундизги болимде окысам кай курстан бастап окимын жане канша жыл окимын? кешенди тест миндетти турде тапсыру керекпа? кай пан тандау керек? жане сонгы кояр сурагым мен Бокстан спорт шеберлигине умиткермин, бул менин окуыма кандай да бир комегин тигизема? Сурактарым жауапсыз калмайды деп умиттенемин. Рахмет!
Құрметті Нартай, «Орман шаруашылығы» мамандығы бойынша колледжді бітірсеңіз, біздің университетіміздің сырттай оқу бөліміне 5В080700 – «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығына түсе аласыз (оқу мерзімі – 3,5 жыл). Күндізгі бөлімінде осы мамандығының қысқартылған бағдарлама бойынша оқисыз «оқу мерзімі – 3 жыл). Кешенді тестілеуін міндетті түрде тапсыруыңыз керек, бұл мамандыққа оқуға түсу үшін таңдау пән биология болып табылады. Анықтамалар үшін: тел.: 8(7172) 317-556, 398-018
1/9/13, 10:57
Akylbekov Ualihan
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы! Сәлеметсіз бе Мен ҚазАту университетінің студентімін. платонусқа кіру үшін қайда тіркелуім керек, әлде логинды университет өзі берема? алдын ала рахмет!
Құрметті Акылбеков Уалихан ! Платонус бағдарламасы бойынша барлық мәліметтермен және логин парольдарды эдвайзерлерден аласыздар.
1/4/13, 19:42
Ләйла
Сәлеметсізбе, Ақылбек Қажығұлұлы! Менің айтайын дегенім, жаңа система бізге қиындық тудырып жатыр, көптеген қателіктер кетіп жатыр(кредиттік системамыз дұрыс еді)... Бұл системада бағаларымызды қалай біліп отырамыз? Біз алі күнге дейін кредиттік системаның логины мен парольын алган жокпыз, оны бізге кім береді? Платонуста да сол логин мен пароль болады ма? Өзгереді ме? Оны кімнен аламыз?
Құрметті Ләйла ! Платонус бағдарламасы бойынша барлық мәліметтермен және логин парольдарды эдвайзерлерден аласыздар.Әзірше алған логин парольдарыңыз өзгермейді.Логин пароліңізбен бағдарламаны ашып бағаларыңызды біліп отырасыз.