Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
1/15/19, 03:25
Турсынбекова Камшат Жаркынбеккызы
Саламатсыз ба, Акылбек Кажыгулулы! Кеширим сураймын мазалаганыма , жазу шрифт телефонда орысша арип болган сон, казакша дурыс жазылмай тур! Менин синлим сизде 1 курс студенти, жатакханада турады аты жони Жаркынбекова Меруерт 2018 ж 14 желтоксанда каникулга шыккан болатын. Кеткен мезгилде болменин жарыгы ошпей калыпты ( адейи жасалган жок, балалык шыгар уйди сагынып асыгып журип касындагы кыз екеуи) . Сол кезден бастап коменданттан хабар келе бастады орынды босатасын деген, кураторы биледи. Кеше 14 кантарда барды , баловные баска жакка барып туру мумкиндиги жок, агайын туыс Астанада жок, кваритра жалдауга мумкиндик жок. Кеше Кусайновага 2 рет барып комек сурадык, бирак ол киси тарарынан да комек болмады окинишке орай. Кыстын кози кыраудв бала кайда барады? Свет оширмегени ушин осылай лактырып тастауга бола ма? Ол бир сондай кылмыс жасады ма Алле? Тунде студсовет келип ертен орынды босат деп кетипти, неге студсовет сол студенттергк камкоршы емес пе? Биз бала окытуга, сиздерден билим алуга, билмегенин уйренуге жибердик, ия кате кеткен шыгар бирак дал осындай шешим шыгаратындай кылмыс пе? Бул маселе осындай шешим шыгарса неге жазба туринде колымызга кужат бермейди? Ата анасы касында емес осылай далага шыгарып жиберуге мумкин бе? Сонда биз осылай урпак тарбиелеймиз бе?
Құрметті Кәмшат Жарқынбекқызы! Жарқынбекова Меруерт университет иелігіндегі №2 «Б» студенттік жатақханасында тұрған. Өз тарапынан студент ішкі тәртіпті, санитарлық нормаларды өрескел бұзған (мұздатқышта, бөлмеде тамақ қалдықтарын қалдырған, бөлменің іші иістеніп кеткен; жарықты өшірмей кеткен, салдарынан бөлмеде 3 күн жарық жанып тұрған). Қазіргі уақытта бұл мәселе қаралып жатыр. Жатақханада тұру ережесіне сәйкес шешім шығарылады.
1/14/19, 07:38
Елтай Үміт Бегжанқызы
Серпін бағдарламасы бойынша 1 семестр оқымай өз жағдайларыма байланысты отчисление болып оқудан шықтым.Енді кешенді тестілеу тапсырсам маған грант бөлінеді ме? Тағы серпін бойынша грантқа жаза аламын ба?
Құрметті Үміт Бегжанқызы! Биылғы жылы жоғары оқу орнына тестілеу тапсырып оқуға түсе аласыз. Тестілеу нәтижесіне байланысты (жемісті тапсырған жағдайда) мемлекеттік білім гранттары конкурсына қатыса аласыз. Конкурсқа құжат өткізу барысында білім беру бағдарламаларын (мамандық) таңдай аласыз. Грант тағайындау Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің құзырында, сондықтан қай гранттың иегері атанатындығыңыз конкурсқа байланысты болады. «Мәңгілік Ел жастары -Индустрияға» (Серпін) бағдарламасы аясында да гранттар бөлінеді деп үміттенеміз, аталған бағдарламаға тек қана 5 облыстың (Алматы, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан – қазіргі Түркістан) ауылдың мектептерінің түлектері қатыса алады.
1/5/19, 16:59
Турбаева Айжана Майлиевна
Сәлеметсізбе, Ақылбек Қажығұлұлы. Сізге сұрақ: Неліктен сабақ кестесін 15мин ауыстырылды? 10мин қолайлы еді ғой. Мен техникалық факультетің 3курс студентімін. Сабақ кестесінде өзгерістер жасауга болама? Мысалы: сәрсенбі күні менің сабағым 15:35 басталады, кешкі 19:40 учхозда бітеді. Учхоздан қалаға жетем дегенше бір сағат, яғни 20:40. Өз үйіме жетем дегенше 21:00 болады. Сонда осыны белгілі ұсыныстармен өзгертуге болама?
Құрметті Айжан! Қыс мезгілінде білім алуышыларға корпус арасынан қозғалыс жасау қиындық тудыруына байлынысты, сабақ кестесінің үзілістері 15 минутқа ауыстырылды. Ал, сабақ кестесіне өзгеріс жасау тек белгілі себептермен растайтын құжат болған жағдайда ғана өзгертіледі. Сіз өтетін пән тек учхозда арнайы мамандандырылған аудиторияларда өтеді. Сол себепті, басқа жерде өту мүмкін емес екенін хабарлаймыз.
1/2/19, 10:43
Толеген Акмарал Жанайдаровна
Сәлеметсіз бе, Ахылбек Кажигулов! Менің тағы келесідей сұрақтарым бар еді: 1. 2019 жылдан бастап сырттай оқуға ауысқым келсе, тек қашықтатылған (дистанционно) түрде оқи аламын ба? 2. Қашықтатылған түрде оқитын болсам, сол сияқты 3 жыл оқитын боламын ба, колледжден кейін? Рахмет.
Құрметті Акмарал! 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстандағы сырттай оқу түрі тоқтатылды. 2018 жылы соңғы рет сырттай оқуға студенттер қабылданды. Келер оқу жылынан бастап оқытудың тек күндізгі және қашықтықтан оқыту формасы қалады. Сырттай оқуға ауысқыңыз келсе, тек қашықтықтан ғана оқи аласыз және бағдарламаны бөліп, 2-3 жылда игеруіңіз мүмкін. Яғни, оқу бағдарламасын тез игерсеңіз, дипломды да тезірек алуға мүмкіндік бар.