Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
5/6/19, 09:15
Бакберген Арайлым Берикболкызы
Алдыңғы күні сұрақ қойған едім, шешімін таптым раxмет!
Құрметті Арайлым! Сұраған сұрағыңыз бойынша ауызша толықтай түсіндіріп жауап бердік, бұйрық көшірмесі қолыңызға табысталды
4/26/19, 15:04
Шойынбаева Айдана Сағатқызы
Сәлеметсіз бе Ақылбек Қажығұлұлы! Мен топырақтану жəне агрохимия мамандығының 1курс студенті Шойынбаева Айдана. 1 семестрде барлық сабақты 5ке жауып,повышка болған едім.2семестрде бір сабақ қана жалпы шыққанда 89%болып айналып тұр.Осындай жағдайда повышканы сақтап қалуға болады ма?
Құрметті Айдана! «Повышка» деген атау жоқ, Жоғары оқу орнында білім алушы студент ретінде, әсіресе үздік студент ретінде, Сізге бұл сөзді қолдануға болмайды, дұрыс атауы бойынша «жоғарылатылған стипендия» деп атауыңыз қажет. Стипендия тағайындау ережесіне сәйкес, Сіздің «жақсы» баға (В+, 89%) алуыңызға байланысты, Сізге жоғарылатылған стипендия берілмейді.
3/13/19, 18:31
Нурлыбеккызы Айнара
Сәлеметсізбе, Ақылбек Қажығұлұлы! Мен ЖРБСжД факультетінің 2 курс студентімін. Осы уақытқа дейін №8 жатақханада тұрдым бірақ, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаным үшін жатақханадан шығарылдым. Мұндай жағдайда автоматты түрде шығарылу керек екенін білемін, дегенмен, басқа жатақханалардан орын сұрап көрдім, бірақ, "Алғыңыз келсе №6 жатақханадан алыңыз, алмасаңыз шығыңыз" - деп шығарып жіберді. Ол жатақханада тұрсам сабағыма қатынау қиын болады, оның үстіне мамандығымның учхозға ешқандай да қатысы жоқ. Қазір көп орындар босап жатқаны бәріне белгілі, тіпті старосталар топтарына: "жатақхана керектерің Жайнагүл Айтмағанбетқызына барыңдар"-деп те жазып жатыр. Бәлкім, орын болғанымен ол порталда кезекте тұрғандарға деп айтарсыз, бірақ кезекте тұрғандарға арналса, онда жоғарыдағыдай хабарламалар келмес еді ғой. Өз қателігімді түсініп отырмын, бірақ әр қателік үшін солай істей берсе, оны түзетуге де мүмкіндік болмайды. Студенттердің жағдайын ойлап жатырмыз дейсіздер, бірақ сол студенттерді тыңдай білетін адамдар бар екеніне күмәнім бар. Мен университетіміздегі "Жас Отан ЖҚ" ұйымының төрайым орынбасарымын, сабағым өте жақсы, мемлекеттік гранттамын, жоғары шәкіртақыдамын, және жартылай жетім болып табыламын. Осы жағдайларды ескеріп, жылдың соңына дейін тұруға рұқсат беруге болар еді деп ойлаймын. Артық кетіп жатсам кешірім өтінемін, дегенмен, ренішімді осылай ғана білдіре аламын. Қазір жатақханадан орын берсін деп шағым жазып отырған жоқпын, жәй студенттерді ертең кел, арғы күні кел деп сандалтып, кейін орын жоқ деп алдағанша берілмейтін болса, бірден берілмейді деп айтса дұрысырақ болар еді. Рақмет!
Құрметті Айнара! Жатақханада тұру ережесіне сәйкес жатақхана тұрғындарының барлығына «Өрт қауіпсіздігінің ережелерін» сақтау және жауапкершілікпен орындау міндеттеледі. Өкінішке орай, Сіз осы ережені сақтамағансыз. Алдағы уақытта жатақхана алу үшін электронды порталға кезекке тұруға мүмкіндік беріледі.
2/9/19, 17:48
Алшинбаева Гульмира Калдаяковна
Салеметсізбе?- Ақылбек Қажығұлұлы! Менім аты жөнім Гульмира Қалдаяққызы .Менің сізден сұрайын дегенім:балам 3-курс студенті 16-05 "электроэнергетика" факультетінде ақылы бөлімінде оқиды. Менм балам жасынан мугедек бала 3-топта жүректен,алда клапанына ота жасатуына кезекте тұрмыз. Алғаш ҰБТ тапсырарда мүгедектерге грант берілетінін мүлдем білмедік,содан ел қатарлы тапсырып аз бал жинап грантқа өтпей қалды. Мен жалғыз басты анамын 3 жыл болды азер төлеп келеміз кредит қарызға кіріп қиналып отырмыз,бала күндіз оқуға барады кешке жұмыс істейді дені сау бала да емес қиын болды. Биыл жастар жылы деп қол ұшын беріп қалған 1- курсына грант беруне болама степендиясыз болсада мейлі. Мазаңызды алғаныма ренжңмеңіз.
Құрметті Гульмира Калдаяққызы! Мемлекеттік білім гранттарын Білім және Ғылым министрлігі, жергіліті әкімшіліктер тағайындайды. Энергетикалық факультетінің 5В071800-«Электр энергетикасы» мамандығының 3 курс 16-05 тобында оқитын сіздің ұлыңыз Сарсенбеков Даулетхан Айдархановичтың пәндер бойынша оқу үлгерімі орташа деңгейде GPA - 2.44 құрайды. Мемлекеттік білім гранты әр курста тек қана босаған орындар бойынша беріледі. Алдағы уақытта (4 курс) оқу ақшасын ай сайын кесте бойынша бөліп төлеуге болады.
1/30/19, 06:01
Кузенбаева Гульнар Койшымановна
Сәлеметсіз бе,Ақылбек Қажығұлұлы! Менің қызым Жүніс Ақмарал Саятқызы 2018 жылы сіз басқарып отырған университетті "Аңшылықтану және аң шаруашылығы" мамандығы бойынша қызыл дипломға бітірді.Сол жылы сол университеттің техникалық факультетіне магистратураға грантпен оқуға түсті.2018 жылдың қыркүйек айынан бастап осы факультетте 0,5 ставкамен лаборант болып жұмысқа орналасқан еді.Еңбек шарты бір жылға жасалған.Бірақ 30.01.19 күні қызыма өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш жаздыртыпты.Өйткені осыған дейін менің қызыммен екінші 0,5 ставканы бөлісіп жүрген қызметкер толық ставкаға өтуі керек екен.Бұл қаншалықты заңды.Еңбек шарты бір жылға жасалғандықтан менің қызыма басқа жұмыс ұсынылуы тиіс емес пе? Қызым ешқандай да бір еңбек тәртібін бұзбаған.Осылай алып шығара салуға бола ма?Қызым аңқаулық жасап, жаз деп қоймады деп өз еркімен босату туралы өтінішті жазып қойыпты.Өзім жесір анамын.Басқа да студент балларым бар.Мына жағдай қиын болды.Бір жауабын бересіз деп сенемін.
Құрметті Гульнар Койшыманқызы! Қызыңыз Жүніс Ақмарал Саятқызы күндізгі оқу бөлімнің магистранты, күндізгі оқу бөлімі болғандықтан сабағына кедергі келтірілмеуі мақсатында магистрант ретінде тек 0,5 мөлшерлемемен жұмыс істеуге болады. Ал зертханашы лауазымындағы мамандар кафедраның жұмысы үздіксіз жүргізілуі үшін жұмыс уақытында оның толық жұмыс күні кафедрада болуын талап етеді. Бұл жағдай қызыңыз Ақмаралмен келісілген мәселе, яғни ол негізгі қызметкер жұмысқа шыққанша уақытша жұмыс істеуге өзі келісім берді. Алдағы уақытта мамандығына сәйкес бос орын болып жатқан жағдайда, қызыңызға қосымша жұмыс атқару мәселесін қарастырамыз.
1/28/19, 06:12
Габит Тасболат Нуржауұлы
Саламатсызба? Мен Оспанәлі Тойгүлім Шымкент қаласы МГТУ университеті педагогика психология факультетинин 3 ши курс студентимин. Сурайын дегеним ендиги жылы бастауыш оқыту әдістемесі мамандыгына ауысайын деп едім. Ауысуга болама? Әлде 4 курста ауыстырмайма?
Құрметті Тойгүлім! С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде бастауыш оқыту әдістемесі мамандығы жоқ.