Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
4/22/20, 17:30
Жамилова Маржан Бақбергенқызы
Сәлеметсіз бе, Ақылбек Қажығұлұлы! Мен, Жамилова Маржан, КЖжКББ факультетінің 4 курс студентімін. Сізден дипломдық жұмысымды мемлекеттік емтиханға ауыстыруңызды сұраймын. Қазірге кезде еліміздегі төтенше жағдайға байланысты, менің дипломдық жұмысым тоқтап қалды. Мен қазіргі сәтте Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындамын, бұнда маған керекті құрал-жабдықтар жоқ, және де интернет желісі төмен. Сондықтан мен дипломдық жұмысымды аяқтауға толық мүмкіндігім жоқ. Бір апта бұрын мен мемлеткеттік емтиханға өтуге өтініш жазған едім, бірақ унивеpситет тарапынан нақты жауап келмеді. Менің өтінішімді қарастырарсыз деген ойдамын, Ақылбек Қажығұлұлы.
Құрметті Маржан! Елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты 2020 жылғы бітіруші түлектерге қатысты дипломдық жұмыстарды (жобаларды) қорғауды кешенді емтиханға ауыстыру мәселесі ҚР БҒМ-нің ұйымдастырған веб-конференция байланысында (ВКБ) талқыланды. ВКБ қорытындысы бойынша, дипломдық жұмыстарды (жобаларды) қорғау өзгертілмейді (яғни, кешенді емтиханға ауыстырылмайды). Университет дипломдық жұмысты уақытылы аяқтай алмаған білім алушыларға қосымша мүмкіндік беріп, жұмысты орындау мерзімін 2020 жылдың шілде айының соңына дейін ұзартады. Сонымен қатар, студенттер ғылыми жетекшілермен кеңесе отырып, жиналған материалдар негізінде дипломдық жұмыстың (жобаның) құрылымы мен мазмұнына түзету енгізе алады. Дипломдық жұмыстарды (жобаларды) дайындау және жазу мәселелері бойынша декандар, кафедра меңгерушілері, ғылыми жетекшілер, эдвайзерлер Сіздермен міндетті түрде хабарласады және барлық шешілмеген мәселелерді талқылайды. Сіздерге осы қиын кезеңде оқуды табысты аяқтауды тілеймін! Біз бірге болсақ, бәрін де еңсереміз. Аман болыңыздар! Сүйікті университетіміздің қабырғасында жақсы күндерде кездесейік! БІЗ БІРГЕМІЗ!
4/21/20, 11:09
Нармаханова Арайлым Әбдібақытқызы
Сәлеметсіз бе, осы жылы бітіруші студенттер дипломды қалай қорғайды және дипломды қалай алады, кай уақытта?
Құрметті Арайлым! Елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты 2020 жылғы бітіруші түлектерге қатысты дипломдық жұмыстарды (жобаларды) қорғауды кешенді емтиханға ауыстыру мәселесі ҚР БҒМ-нің ұйымдастырған веб-конференция байланысында (ВКБ) талқыланды. ВКБ қорытындысы бойынша, дипломдық жұмыстарды (жобаларды) қорғау өзгертілмейді (яғни, кешенді емтиханға ауыстырылмайды). Университет дипломдық жұмысты уақытылы аяқтай алмаған білім алушыларға қосымша мүмкіндік беріп, жұмысты орындау мерзімін 2020 жылдың шілде айының соңына дейін ұзартады. Сонымен қатар, студенттер ғылыми жетекшілермен кеңесе отырып, жиналған материалдар негізінде дипломдық жұмыстың (жобаның) құрылымы мен мазмұнына түзету енгізе алады. Дипломдық жұмыстарды (жобаларды) дайындау және жазу мәселелері бойынша декандар, кафедра меңгерушілері, ғылыми жетекшілер, эдвайзерлер Сіздермен міндетті түрде хабарласады және барлық шешілмеген мәселелерді талқылайды. Сіздерге осы қиын кезеңде оқуды табысты аяқтауды тілеймін! Біз бірге болсақ, бәрін де еңсереміз. Аман болыңыздар! Сүйікті университетіміздің қабырғасында жақсы күндерде кездесейік! БІЗ БІРГЕМІЗ!
4/17/20, 07:25
Копжасарова Жулдыз Дулатовна
Аса құрметті Ахылбек Кажигулович! Мен, Копжасарова Жулдыз, Агрономия факультетінің 3 курс студентімін. Қазіргі еліміздегі қиын жағдайға байланысты біз қашықтықтан оқыту жүйесінде білім алып жатырмыз,көп рақмет барлығы жоғары деңгейде, оқытушыларымыз да барлығын жақсы түсіндіреді, бірақ "Платонус" жүйесінде ақаулар бар. Бұл жағдай тек біздің факультетте емес, біз, студенттер, орындаған тапсырманы бірнеше қайта тіркеуге мәжбүрміз, себебі біздің білім ордамызда студенттер саны жеткілікті және "Платонус" жүйесі ауыр жүктемені көтере алмай ақаулар болып тұрады. Мен өзім Нұр-Сұлтан қаласында тұрамын, және де интернет желісі қолжетімді,соның өзінде біршама қиындықтар туып тұрады, бірақ ауданда,ауылды аймақтарда тұратын студенттерге екі есе қиын.Осы мәселеге көңіл аударуыңызды өтінемін. Тапсырмаларды электронды пошта жүйесі арқылы немесе басқа жүйемен жіберу жолдарын қарастыруыңызды өтініп сұраймын.
Құрметті Жұлдыз! Сіздің және курстастарыңыздың еліміздегі орын алған төтенше жағдайдағы қиындықтарға қарамай, білім алуға деген ынталарыңыздың артып жатқаны және қашықтан оқыту жүйесіндегі туындап жатқан қиындықтарға бей-жай қарамайтындарыңыз бізді қуантады. Қазіргі таңда Қазақстандағы барлық университеттің «Platonus» бағдарламасын пайдалануына байланысты 2020 жылдың 15-17 сәуір аралығында осы платформада жұмыс істеуде бірталай қиындықтар туындады. Университет «Platonus» бағдарламасының басшылығымен келіссөз жүргізу арқылы бағдарлама жаңартылды. Сонымен қатар «Қазақтелеком» компаниясының басшылығымен келісіп, университеттің интернет жылдамдығын 1,0 мың МБ дейін арттырдық. Енді, білім алушыларымызға және оқытушыларымызға қиындық туғызбайды деген ойдамыз. Қазіргі таңда оқытушыларға 13-17 сәуір аралығында берілген тапсырмаларды білім алушылардың уақытында тапсыра алмауына байланысты, тапсыру уақытын ұзартуға тапсырма берілді. Сонымен қатар, оқытушылар берілген тапсырмаларды электрондық почта, ватсап және басқа да мессенджерлер арқылы қабылдай алады. Сіздерден уақытша туындаған кемшіліктер үшін кешірім өтінеміз. Келешекте оқу барысында туындаған қиындықтарды бірлесе шешуге дайынбыз. Сізге және сіздің отбасыңызға осы туындаған қиындықта амандық пен саулық тілеймін.
4/6/20, 12:10
Кенжетаева Аружан
-Ақылбек Қажығұлұлы ,мен ЖРБАжД факультетінің 18-09 тобының студентімін. 06.04.2020 күні онлайн тапсырған тестілеуге қатысты өтініш білдіремін. Платонустың істен шығып, дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты менің алғашқы емтиханым қанағаттандырылмайтындай бағаланды. Нақтылай кетсем, платонустың менің белгілеген тест жауаптарымды қабылдамауы. Осындай қиындыққа тап болған студенттер көп. Сізден өтінерім, тиісті шара қолдануыңыз және менің қайта емтихан тапсыруыма мүмкіндік беру. Себебі, қайталай кетсем, бұл жерде ақаулық студенттен емес порталдан. Өтінішім назардан тыс қалмайды деп үміттенемін.
Құрметті Аружан! Техникалық ақаулық болған жағдайда «Platonus» ААЖ орналасқан инструкция арқылы апелляцияға беріп емтиханды қайтадан тапсыруға мүмкіндік бар.
4/5/20, 14:30
Сейтхан Акжан Галымжанкызы
Сәлеметсіз ба! Мен 5 курс студенті. Мен ауылды жерде тұрамын. Мендегі проблема интернет. Ауылды жер болғасын интернетпен платонуспен тесті тапсыру өте қиын. Орта жолда интернет жасамай не тоқтап қалса менде аз балл немесе перекурсқа қалып қоямынба деп қорқамын. Карантинге байланысты қалаға қарай ауылдан шыға алмаймын.
Сәлеметсізба Ақжан Ғалымжанқызы! Әрине, ауылдағы тұратын білімалушылардың интернетпен байланысы жөнінде біз әрбір студенттің жағдайына талдау жүргіздік. Қазіргі кезеңде жағдайларыңызды білеміз. Орта жолда интернет жұмыс істемей байланыс болмаған жағдайда, әрбір білім алушының жағдайы ескеріліп, емтихан тапсыруға мүмкіндік жасалынады. Сессияны жақсы тапсыруға сәттілік тілейміз.
3/18/20, 17:42
Советов Буркіт Қуат
Құрметті, Ақылбек Қажығұлұлы. Мен КЖжКББ факультетінің, 1 курс студенті, Советов Буркіт, сізге Келе жатқан емтихандар бағасын, қазіргі бағалармен қою, ұсынысын талқылап қарауыңызды сұраймын. Онлайн түрінде болатын тестілеу, біз үшін жаңадан келген тәжірибе. Осыған байланысты, бізде сәлдеу қорқыныш бар. Алдын ала, сізге рахмет айтқым келеді! Келе жатқан, Ұлыстың ұлы күні, Наурыз мейрамымен құттықтаймын!
Құрметті Буркіт Қуатұлы! Білім алушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған пандемия кезінде COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 12 наурыздағы №20 жарлығының шешімі негізінде «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КЕАҚ 2019-2020 оқу жылының 2 триместр емтихан сессиясы және үшінші триместрінің сабағын қашықтықтан оқыту технологиясы арқылы жүргізеді.