Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
5/8/20, 16:43
Ахмедина Айдана Қасқырбайқызы
Құрметті Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы! Жер ресурстарын басқару, сәулет және дизайн факультетінің «Дизайн» мамандығы бойынша бітіруші 5 курс студенттері атынан және жеке өзімнің атынан сізге жүгініп отырмыз. Қазіргі таңда ТЖ байланысты біздің университет пен қатар бүкіл білім ошақтары онлайн-қашықтық білім беру жүйесіне көшті. Соған байланысты кейбір қосымшаларда жүктемелер көбейді. Кейбір студенттер ауылдық жерлерде тұратындықтан, ғаламтор желісінің жұмыс істеуі қиындық тудырып отыр. Соған байланысты бізге алыс және де ғаламтор желісі әлсіз жерлерде тұратын студенттерге мемлекеттік емтиханды тапсыруға рұқсат берді. Әр группадан тізімдер жиналды. Біз жетекшілермен онлайн кездесіп жұмыс жасап жатырмыз. Алайда осы біраз уақыт бұрын бізге дипломдық жобаны қорғауға 1 ай қалғанда мемлекеттік емтихан мен дипломдық жобаны қатар тапсырасындар деп айтты. Бұл мүмкін емес қой, себебі біз бүкіл назарды дипломдық жобаны жазуға арнадық. Сонымен қатар студенттер 2-ші семестр оқуларын аяқтап демалыс кездерінде үйлеріне қайтып, ТЖ басталатының білмегендіктен оқуға керекті құрал-жабдықтарын алмағандықтан бізді бұл мәселе алаңдатып отыр. Соған байланысты қайтадан дипломдық жобаны қорғайтындар тек дипломды қорғап тапсырып, мемлекеттік емтихандарды тапсыратындар тек емтиханды тапсыру мүмкіндігін қалдыруды сұраймыз. Құрметті Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы сізден біздің өтінішімізді қарап қолдауыңызды сұраймыз.
Құрметті Айдана! Елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты 2020 жылғы бітіруші түлектерге қатысты дипломдық жұмыстарды (жобаларды) қорғау мәселесі ҚР БҒМ-нің ұйымдастырған веб-конференция байланысында (ВКБ) талқыланып, оның қорытындысы бойынша дипломдық жұмыстарды қорғау тәртібі өзгертілмейтіндігі, яғни кешенді емтиханға ауыстырылмайды және қорытынды аттестаттауда бітіруші түлектер кешенді емтихан және дипломдық жұмыстарды (жобаларды) қорғайтыны туралы айтылды. Дипломдық жұмыстарды (жобаларды) қорғаудың орнына екі мемлекеттік емтиханды тапсыруға арнайы жеңілдіктері бар бітіруші түлектер жіберілді. Білім алушылардың дипломдық жұмыстарының (жобалары) тақырыптары және жетекшілері қазан айында бекітілген болатын. Дипломдық жұмысты уақытылы аяқтай алмаған білім алушылар болатын болса, университет қосымша мүмкіндік беріп, жұмысты орындау мерзімін 2020 жылдың маусым айының соңына дейін ұзартады. Сонымен қатар, шығармашылық мамандықтар бойынша емтиханның екінші тәжірибелік бөлігі алынып тасталды, тек теориялық сұрақтар болады. Қорытынды аттестаттау туралы басқа да шешілмеген сұрақтар туындап жатса, декан, кафедра меңгерушісі, эдвайзермен байланысып, алдын ала талқылағандарыңыз жөн.
5/7/20, 12:19
Утепбергенов Сакен
Сәлеметсізбе! Мен 2курс студентімін. Мамандық биотехнология.1курста үлгермедім құжат жинап. Әскери кафедра ға 3-4курста оқуыма болама? Басқа университеттің әскери кафедрасында/немесе біздің Казату Әскери кафедрасында. Рахмет)
Құрметті Сәкен! «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі №375 «Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 5 сәуірдегі №219 бұйрығының 12 тармағында көрсетілгендей, запастағы офицерлер даярлау бағдарламасы бойынша оқуға бірінші курс (4 жыл оқитын) және екінші курс (5 жыл оқитын) студенттері қабылданады. Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Сіз біздің университеттің әскери кафедрасына және басқа университеттің әскери кафедраларына іріктеуге қатыса алмайсыз.
5/5/20, 11:34
Сабитбекова Майраш
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы! Биылғы техникалық мамандық түлектеріне осы кезеңге дейін кешенді емтихан тапсыратындықтары айтылып, аяқ астынан дипломдық жоба қорғау туралы шешім шыққан. Дипломдық жұмыс жазу оңай шаруа емес екені белгілі. Бірнеше ай бұрын беріліп қоюы керек қой тақырыптың. Әлі еліміздегі шектеу шаралары толығымен аяқталмай отырған кезеңде түлектердің осы жұмысты зерттеп, жазып шығуларына мүмкіндік бар ма? Әлі тақырыптарын алмаған...
Құрметті Майраш! Елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты 2020 жылғы бітіруші түлектерге қатысты дипломдық жұмыстарды (жобаларды) қорғау мәселесі ҚР БҒМ-нің ұйымдастырған веб-конференция байланысында (ВКБ) талқыланып, оның қорытындысы бойынша дипломдық жұмыстарды қорғау тәртібі өзгертілмейтіндігі, яғни кешенді емтиханға ауыстырылмайтындығы айтылды. Білім алушылардың дипломдық жұмыстарының (жобалары) тақырыптары және жетекшілері қазан айында белгіленген болатын. Бүгінгі күні жұмыс жүргізілуде, ғылыми жетекшілермен келісе отырып, нақты жиналған материалдарды ескеріп, дипломдық жұмыстардың (жобалардың) құрылымы мен мазмұнын түзете алады. Дипломдық жұмысты уақытылы аяқтай алмаған білім алушылар болатын болса, университет қосымша мүмкіндік беріп, жұмысты орындау мерзімін 2020 жылдың шілде айының соңына дейін ұзартады. Диплом жұмыстарына (жобаларына) қатысты басқа да шешілмеген сұрақтар туындап жатса, декан, кафедра меңгерушісі, эдвайзермен байланысып, алдын ала талқылағандарыңыз жөн.
4/30/20, 18:04
Тлепберген Досбол Қалмұратұлы
Сәлеметсізбе! Мен 1жыл магистратурада грант есебінде оқыдым. 2жылдық оқуымды аяқтай алмай тұрмын. Өз еркіммен оқудан шықсам, әлгі оқыған екі семестрімнің ақшасын қайтаруға міндеттімінбе, әлде оқу орны өзі шығарып жібере алама? Қандай жағдайда оқудың құнын төлеуім керек болады?
Құрметті Досбол! Мемлекеттік білім гранты арқылы оқитын білім алушылар университеттен шығарылған жағдайда (өз қалауы бойынша, академиялық үлгермеушілік үшін және т.б.) қолданыстағы заңнамаға сәйкес оқу кезеңінде пайдаланылған қаржы қаражатын қайтармайды. Сонымен қатар, егер білім алушы оқуын жалғастыра алмаса, өтініш жазып өз еркімен шыққаны дұрыс.
4/27/20, 10:31
Жалгас Гулмира Асылбеккызы
Сәлеметсізбе,Ақылбек Қажығұлұлы!Мен,Жалғас Гүлмира,ВжМШТ факультетінің 5-курс студентімін.Сізге 1- сұрағым:gpa баллым 3,66 тек 2-курста физиология және биохимия пәні бойынша 73 балл алып қалып едім,яғни С+.Қазіргі жүйе бойынша 73 балл В дәрежесі болып саналады.Мен қызыл дипломға үміткер бола аламын ба? 2-сұрағым:Мен университетіміздің КДМ актив жастар ұйымының мүшесі емеспін.Бірақ,Иркутск аграрлық университетіне академиялық ұтқырлықпен барып,ән байқаулары мен қатар,халықаралық ғылыми байқаудың 1-орын иегерімін,Германия мемлекетінде Logo бағдарламасы бойынша тәжірбие сертификаттарының иегерімін.Мен ректор атындағы мадақтауға өзімді ұсына аламын ба?
Құрметті Гулмира Асылбекқызы! 1. "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Заңнамасына сәйкес 2018 жылдың 28 қарашасынан бастап «С +» әріптік бағалау таңбасы дәстүрлі «жақсы» баға баламасына тең, алайда Сіздің 2 курста "Жануарлар физиологиясы және биохимиясы" пәнінен 2017 жылы алған "С+" - "қанағаттарнарлық" бағаңыз бұл Заңнама өзгерістерімен қарастырылмайды, сәйкесінше "С+" - "қанағаттарнарлық" бағасы есептеліп, сіз "Үздік диплом" үміткері бола алмайсыз. 2. Оқу жылы соңында Cізге оқу барысымен қоса ғылым мен өнерде және спортта белсенді студент болып университетімізге үлес қосқаныңыз үшін мадақтау қағазын міндетті түрде береміз. Сізге осы қиын кезеңде оқуды табысты аяқтауға және диплодық жұмысты ойдағыдай қорғап шығуға тілектестік білдіремін! Аман болыңыздар! Сүйікті университетіміздің қабырғасында жақсы күндерде кездесейік!
4/22/20, 18:45
Шавдирова Дана Асановна
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы, КЖжКББ факультетінің бітіруші курс студенттері атынан және жеке өзіңімнің атымнан сізге жүгініп отырмын. Біздің дипломдық жұмыстарымыздың предзащитасына дейін бір аптадан сәл артық уақыт қалды, бірақ елдегі ТЖ байланысты өз жұмысын жазуды әртүрлі себептермен аяқтай алмайтын көптеген студенттер бар. Қажетті аппараттық қамтамасыз етудің, қажетті әдебиеттің қол жетімсіздігі,студенттердің жеке компьютерлерінің нашар өнімділігі, олардың кейбіреуінің интернет-қосылыс мәселелерінің салдарынан біз жұмысты уақытында жазуға мүмкіндігі мен құралдары болмай, өте қиын жағдайға тап болдық. Диплом алдындағы практикадан өту формальды түрде өтеді, себебі біз кәсіпорындарда өз жобаларымызбен жұмыс істеуге мүмкіндігіміз жоқ, олардың көпшілігі өз жұмысын мүлдем тоқтатқан. Бір апта бұрын біз дипломдық жұмыстың орнына мемлекеттік емтихан тапсыруға өтініш жазған болатынбыз алайда, ешқандай растау немесе жауап университет тарапынан келіп түскен жоқ. Біздің университетіміздің көптеген студенттері мемлекеттік емтихан түрінде қорытынды аттестаттаудан өтетіндіктен, біз осы жағдайда қолдаумау және бізді олардың қатарына қоспауға себептер жоқ деп ойлаймыз. Біздің жоғары оқу орнымыздың өз студенттерінің жағдайы және қиын жағдайларға байланысты деңгейі төмен болуы диплом жұмыстарының стандарттары алаңдатады деп сенеміз. Құрметті, Ақылбек Қажығұлұлы, сізден біздің бізді өтінішімізді қарап қарап оң колдау беруіңізді өтінеміз.
Құрметті Дана! Елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты 2020 жылғы бітіруші түлектерге қатысты дипломдық жұмыстарды (жобаларды) қорғауды кешенді емтиханға ауыстыру мәселесі ҚР БҒМ-нің ұйымдастырған веб-конференция байланысында (ВКБ) талқыланды. ВКБ қорытындысы бойынша, дипломдық жұмыстарды (жобаларды) қорғау өзгертілмейді (яғни, кешенді емтиханға ауыстырылмайды). Университет дипломдық жұмысты уақытылы аяқтай алмаған білім алушыларға қосымша мүмкіндік беріп, жұмысты орындау мерзімін 2020 жылдың шілде айының соңына дейін ұзартады. Сонымен қатар, студенттер ғылыми жетекшілермен кеңесе отырып, жиналған материалдар негізінде дипломдық жұмыстың (жобаның) құрылымы мен мазмұнына түзету енгізе алады. Дипломдық жұмыстарды (жобаларды) дайындау және жазу мәселелері бойынша декандар, кафедра меңгерушілері, ғылыми жетекшілер, эдвайзерлер Сіздермен міндетті түрде хабарласады және барлық шешілмеген мәселелерді талқылайды. Сіздерге осы қиын кезеңде оқуды табысты аяқтауды тілеймін! Біз бірге болсақ, бәрін де еңсереміз. Аман болыңыздар! Сүйікті университетіміздің қабырғасында жақсы күндерде кездесейік! БІЗ БІРГЕМІЗ!