Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
3/22/23, 13:07
Ая

Сәлеметсіз бе! Сіздердің университетке түсу үшін, градо архитектор мамандығына түсу үшін қанша бал жеткілікті


Құрметті Ая!

В074 - «Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс» білім беру бағдарлама тобы бойынша 2023-2024 оқу жылына С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің бекіткен межелдік өту баллы - 60. 2022-2023 оқу жылындағы мемлекеттік білім гранттары конкурсының нәтижесі бойынша өтпелі балл - 60. 2023-2024 жаңа оқу жылындағы мемлекеттік білім гранттары конкурсының нәтижесі түлектердің ҰБТ тапсыру нәтижелеріне байланысты болады.

Оқудың толық нысанына түсетін талапкерлерге (4-5 жыл) тестілеу 5 пән бойынша өткізіледі. Тестілеудің міндетті пәндері:  Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық және оқу сауаттылығы, ал В074 - «Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс» білім беру бағдарлама тобы бойынша бейіндік пәндер:  математика және физика.

В073 - «Сәулет» білім беру бағдарлама тобы бойынша 2023-2024 оқу жылына С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің бекіткен межелдік өту баллы - 70. 2022-2023 оқу жылындағы мемлекеттік білім гранттары конкурсының нәтижесі бойынша өтпелі балл - 113. 2023-2024 жаңа оқу жылындағы мемлекеттік білім гранттары конкурсының нәтижесі түлектердің ҰБТ тапсыру нәтижелеріне байланысты болады.

В073 - «Сәулет» білім беру бағдарлама тобына түсу үшін (шығармашылық емтихандарға) өтініштер 20 маусымнан 7 шілде аралығында қабылданады. Шығармашылық емтихандар 8-15 шілде аралығында өтеді.

Қажетті құжаттар тізімі: аттестат (диплом) түпнұсқа, 075у және 063-нысанындағы медициналық анықтамалар, флюорография суреті, 3х4 көлемiндегi 2 фото, жеке куәлік немесе паспорт көшiрмесi, ҰБТ сертификаты, әскери куәліктің көшірмесі (ер бала үшін).

Толық ақпарат алу үшін 8(7172) 317-556, 398-018 нөмерлерге хабарласыңыз.

3/16/23, 10:56
Рахимов Дулат Сейтказыевич

Қайырлы күн!!! Мен 2006-2007 жылдары "Землеустройства и земельный кадастр" факультетінде сырттай оқып, бітірмей оқудан шығып қалдым. Оқуды қайта жалғастыруға мүмкіндігім бар ма???


Құрметті Дулат Сейтқазыұлы!

Қазіргі уақытта университет "Жерге орналастыру және жер кадастры" мамандығы бойынша мамандар даярламайды. Бір-бірінен бөлек "Жерге орналастыру" және "Кадастр" білім беру бағдарламалары бар. Оқыту формасы тек күндізгі.

Барлық сұрақтар бойынша сіз Білім алушыларға қызмет көрсету орталығына /87172/31-75-62 телефон нөмері бойынша қоңырау шала аласыз.

1/27/23, 04:34
Бақнұр

Сәлеметсіз бе? Мен биыл Элекрэнергетика мамандығы бойынша 4-ші курсты бітіремін. Құдайқаласа магистратурға тапсырсам деген ниетім бар еді. Пгер ақылыға түсетін болсам жылдық оқу ақысы қанша төлеймін?


Құрметті Бақнұр!

Магистратураға қабылдау кешенді тестілеу (КТ) нәтижесі бойынша жүзеге асырылады. Кешенді тестілеуге қатысуға өтінішті 1 маусым мен 15 шілде аралығында ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында беруге болады (http://testcenter.kz/). КТ қорытындылары бойынша сертификат тестіленушінің жеке кабинетінен электрондық нысанда алынады.

Магистратураға кешенді тестілеу 20 шілдеден 10 тамызға дейін жалғасады.

Қабылдауға қажетті құжаттар тізімі: диплом түпнұсқасы, ф. 075у, ф. 063 медициналық анықтама, флюорография суреті, 3х4 көлеміндегі 2 фото, жеке куәлік немесе төлқұжат көшірмесі, КТ сертификаты.

Магистратура - білім беру бағдарламарының барлық топтары бойынша 2022-2023 оқу жылы бойынша «661 800» теңгені құрайды, 2023-2024 оқу жылы бойынша оқу ақысы өзгеруі мүмкін.

 

Толық ақпарат алу үшін 8(7172) 317-556, 398-018 нөмерлерге хабарласыңыз.

1/22/23, 15:26
Магжан Жумабай

Ветеренария мамандыгына грантка тусу ушин канша бал кажет Жане канша жыл окит


Құрметті Мағжан Жұмабай!

«Ветеринария» бағыты бойынша мемлекеттік білім беру грантын иеленуге қажетті балдардың көлемі, осы білім беру бағытына бөлінген гранттар санына және конкурсқа қатысушылардың санына байланысты. Мысалы, 2022 жылы мемлекеттік білім беру грантын иелену үшін 50-тен астам балл жинау жеткілікті болды және жинаған балдарыңыздың ішінде әр пән бойынша кем дегенде 5 балдан кем болмауы тиіс. Бірақ, биылғы жылы мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау тәртібіне өзгерістер болғалы тұр. Ол өзгерістер бекітілсе, ақпаратты ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми ақпарат беру көздерінен алуыңызға болады, немесе бізге тағы қосымша хабарласыңыз.

1/18/23, 03:37
Витж

Сәлеметсізбе,сізден Витж 4 курс студенттері лекция сабағын онлайнға ауыстыруыңызды өтінеміз.Себебі: 1)Конференция зал өте суық 2)Лекция жазуға ыңғайсыз,тек отырамыз. 3)Суық кабинеттен ауырып келе алмай қалған жағдайда ,кей оқытушылар түсіністік танытпайды. Тезірек шешім қабылдауыңызды сұраймыз)Рахмет!


Қаңтар айындағы суық түсуі кезеңдерінде ветеринариялық клиниканың конференц-залында шынымен өте суық болып тұрады, осыған орай бірқатар арнайы шаралар қолданылды, атап айтқанда, екі жақты ауа арқылы үрлеп жылыту құрылғысы іске қосылды. Қазіргі уақытта конференц-зал ішіндегі ауа температурасы санитариялық норма шамаларына сәйкеседі (20-24 оС).

Конференц-зал орындықтары, басында, жазба жүргізу үстелдерімен жабдықталмаған болатын, осы орайда орындықтарын ашпалы-жабылмалы үстелмен жабдықтауды жоспарлап отырмыз, немесе, шама келмейтін болса, сабақтарды сәйкестік аудиторияларда өткізетін боламыз.