Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
7/11/23, 12:53
Орынбай Нұрсұлу

Сәлеметсіз бе? Мен оқуға онлайн түрде құжат тапсырайын дегенмін.Өсімдік шаруашылығы мамандығына.Қалай тапсырсам болады?


Құрметті Орынбай Нұрсұлу!

Сәлеметсізбе, мемлекеттік білім гранттары конкурсына қатысуға өтініштер 13-20 шілде аралығында Электрондық үкімет порталы (https://egov.kz/cms/ru) немесе виртуалдық қабылдау комиссиялары арқылы (https://kazatu.edu.kz/ru/) қабылданады.

Гранттарды тағайындау нәтижелері 1-5 тамыз аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайтында (https://www.edu.gov.kz/) немесе Ұлттық тестілеу орталығының сайтында (http://testcenter.kz/) жарияланады.

Талапкерлерді студенттер қатарына қабылдау 10-25 тамыз аралығында университеттің АЖЖ арқылы (https://platonus.kazatu.kz/index) жүзеге асырылады.

7/11/23, 10:39
Туткышбаева Айнур Сапаралиевна

Сәлеметсіз бе ? Менің қызым биология - география тп. 57 балл жинады. Қандай мамандыққа түсе алады сіздерде.Ақылы. Және оқу ақысы қанша. Осы баллмен грантқа түсе алама?


Құрметті Туткышбаева Айнур Сапаралиевна!

Салеметсізбе, ҰБТ бойынша биіндік пәніңіз география және биология, сіздерге В051-Қоршаған орта, В079-Орман шаруашылығы мамандықтарына шектік баллыңыз 50-ден жоғары болса, сіз мемлекеттік  білім грантының конкурсына қатысуға құқығыңыз бар.    

Мемлекеттік білім гранттары конкурсына қатысуға өтініштер 13-20 шілде аралығында Электрондық үкімет порталы (https://egov.kz/cms/ru) немесе виртуалдық қабылдау комиссиялары арқылы (https://kazatu.edu.kz/ru/) қабылданады.

Гранттарды тағайындау нәтижелері 1-5 тамыз аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайтында (https://www.edu.gov.kz/) немесе Ұлттық тестілеу орталығының сайтында (http://testcenter.kz/) жарияланады.

Талапкерлерді студенттер қатарына қабылдау 10-25 тамыз аралығында университеттің АЖЖ арқылы (https://platonus.kazatu.kz/index) жүзеге асырылады. 1 жылдық оқу ақысы – 700 000тг.

6/14/23, 10:57
Исабек Тахмина

Саламатсызба? Мен физ-мат таңдадым,58 балл жинадым,грантқа жетеді ма?


Құрметті Тахмина!

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде физика математика бейіндік пәндеріне сәйкес төмендегі білім беру бағдарлама топтары бар:

В059-Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар

В062-Электр техникасы және энергетика

В063-Электртехникасы және автоматтандыру

В064-Механика және металл өңдеу

В065-Автокөлік құралдары

В074-Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс

В076 -Стандарттау, сертификаттау ж/е метрология

В183–Агроинженерия

Аталған білім беру бағдарлама топтарының жекелеген бағытына мемлекеттік грантқа түсуге мүмкіндігіңіз бар екенін мәлімдейміз.

2022-2023 оқу жылындағы мемлекеттік білім гранттары конкурсының нәтижесі бойынша өтпелі баллдарды сілтеме бойынша көре аласыз: 90aa6ff201270b01d0681a6a78248014.pdf (kazatu.edu.kz)

Толық ақпарат алу үшін 8(7172) 31-75-56, 39-80-18 нөмерлерге хабарласыңыз.

4/26/23, 15:45
Базарбаева Несібелі

70балмен сертификаттау мамандығына түсе аламба?


Құрметті Несібелі!

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде В076 -«Стандарттау, сертификаттау және метрология» білім беру бағдарлама тобы бойынша конкурсқа қатысып, мемлекеттік білім грантын жеңіп алуға мүмкіндігіңіз бар.

Мемлекеттік білім гранттары конкурсына қатысуға өтініштер  13-20 шілде аралығында Электрондық үкімет порталы (https://egov.kz/cms/ru) арқылы қабылданады.

2022-2023 оқу жылындағы мемлекеттік білім гранттары конкурсының нәтижесі бойынша өтпелі баллдарды сілтеме бойынша көре аласыз: 90aa6ff201270b01d0681a6a78248014.pdf (kazatu.edu.kz)

Толық ақпарат алу үшін 8(7172) 31-75-56, 39-80-18 нөмерлерге хабарласыңыз.

3/31/23, 05:04
Диас

СӘЛЕМЕТСІЗ БЕ! Сіздерде басқа универ сияқты қазіргі таңда грант бөлініп жатыр ма ? Мен 2022-2023 жыл түлегі боламын.Химия-биология 62 балл алдым .


Құрметті Диас!

«Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу үшін мемлекеттік білім беру гранттарын беру туралы» ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 27 наурыздағы №128 бұйрығы негізінде берілген қосымша білім гранттары тізімінде химия-биология бейіндік пәндеріне сәйкес мамандықтарға гранттар бөлінбеді.

3/29/23, 02:45
Айбек

Саламатсыздарма сіздерге ветеренария мамандығына түсу үшін неше балл керек 49баллмен түсе аламынба?


Құрметті Айбек!

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде В083 - «Ветеринария» білім беру бағдарлама тобы бойынша шекті балл - 50.

Толық ақпарат алу үшін 8(7172) 31-75-56, 39-80-18 нөмерлерге хабарласыңыз.