Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
1/18/18, 10:28
Нурбек Гулкамила
Сәлеметсіз бе А.Қ.Күрішбаев! Мен ВжМШТ факультетінің 1 курс студентімін. 16.01.18 күні тапсырған экология және тіршілік қауіпсіздігі пәнінің емтиханынан 50 балл алдым,басқа сабақтарым төрт пен бес. Общий 74% шығып тұр. Сонда мен осы пайыз көрсеткішімен шәкіртақыдан және болашақта берілетін қызыл диплом ала алмаймын ба? Бір балға көтеру үшін не істесем болады. Өтініш көмектесіңізші!
Құрметті Гүлкамила! Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларына (№125 2008.03.18., 2017.01.30 №36 бұйрығына қосымша) сәйкес: 100. Емтихандарды А, А - "өте жақсы", В-, В, В+ - "жақсы" деген бағаға тапсырған және оқытудың барлық кезеңіндегі үлгерімінің орта балы 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ барлық мемлекеттік емтихан мен диплом жұмысын (жобасын) А, А - "өте жақсы" деген бағаға тапсырған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлығы бойынша бағасын ескермегенде) беріледі. 101. Оқу кезеңінде емтихандарды қайта немесе қайталап тапсыру жағдайы болған білім алушы осы Қағидалардың 102-тармағында көрсетілген талаптарға қарамастан үздік диплом алу құқығынан айырылады. қосымша: 20. Қорытынды бақылаудың оң бағасын аралық аттестаттаудың осы кезеңінде көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. Қорытынды бақылаудың оң бағасын қайта тапсыру осы Қағидалардың 23-тармағына сәйкес жүзеге асырылады. 23. "Қанағаттанарлықсыз" бағасын оң бағаға өзгерту немесе үлгерімнің орта балын (GPA) көтеру мақсатында қайта тапсыру үшін білім алушы келесі академиялық кезеңде немесе жазғы семестрде сол пән бойынша оқу жұмыс жоспарында қарастырылған барлық сабақ түрлеріне қайта қатысып, рұқсат алады және қорытынды бақылау тапсырады. Мұндай жағдайда білім алушы белгіленген тәртіп бойынша оқу пәніне жазылу рәсімінен қайта өтеді.
1/11/18, 17:15
Amangeldieva Akzarkyn
Курметти Акылбек Кажыгулулы! Мен ВжМШТ факультетинин 1-курс студентти, кыскы сессиядан кейин, аталмыш университеттин экономикалык факультетинин, ^каржы^ мамандыгына ауыскым келеди. Бирак мен куз кезинен (кыркуйек қазан айларында) экономикалык факультеттин деканатына барган кезимде, маган бул мамандык бойынша топтар жинакталган орын жок, ауысу мумкин емес деп айтты. Сол каншалыкты занды? Ата-анамның айтуымен "биотеxнология" мамандығын таңдап,грантқа өте алмадым,менин мектеп кезимнен арманым каржы мамандыгынын иеси болу,сизден отинип сурарым ауысуга кол ушынызды тигизе аласыз ба? алдын-ала рахмет!
Құрметті Ақжарқын! «Қаржы» мамандығы бойынша қазақ топтары толып қалды. Бірақ сіз ағылшын тілін меңгерген болсаңыз, көп тілді топқа ауыса аласыз. Ауысу мүмкіндігі демалыс уақытында жазғы сессияны жақсы тапсырып болған соң жүргізіледі. Мамандықтан мамандыққа ауысу кезінде пәндер арасында айырмашылықтар болады. Сол себепті сіз жазғы семестрге жазылуыңыз керек. Барлық рәсімдер мен қажетті құжаттар тізімін сіз біздің университетіміздің сайтындағы http://kazatu.kz/«Оқу» бөлімінен ала аласыз. Сонымен қатар кеңес алу үшін №8 жатақхана 104 каб. Білім алушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласуыңызға болады, немесе тел. 8(7172) 49-34-69 және 39-73-78.
1/11/18, 16:34
Сембеков Бекжан Нурланулы
Курметти Ахылбек Кажигулулы. Мен 3 курс студентимин. Сизден сурайын дегеним: 1) Академиялык демалыс кандай себептермен алуга болады? 2) Кай уакыттарда? Оку жылы басында немесе 2 семестринде де бола ма? 3) 4 курс студенти болган жагдайда алуга бола ма? 4) Грант сактала ма алган жагдайда?
Құрметті Бекжан Нұрланұлы! Білім беру ұйымдарының студенттеріне академиялық демалыс беру ережелеріне сәйкес 4.12.2014ж. бастап № 506 білім алушыларға академиялық демалыс мына негізде: - Амбулаторлық – саяси ұйымда 6 айдан 12 айға дейінгі медициналық кеңес беру комиссиясының қорытындысы бойынша (ВКК); -Туберкулез ауруына шалдыққандарға ұзақтығы 36 айдан аспайтын, туберкулезге қарсы ұйымның орталықтандырылған дәрігерлік кеңес беру комиссиясының шешімі (ЦВКК); -Әскери міндетін өтеуге шақырту туралы; -босану немес 3 жасқа толмаған баланы асырап алу жағдайында; Егер сіз осы аталған тармақтардың біреуіне сәйкес келетін анықтама әкелсеңіз академиялық демалыс беріліп, грант сақталады. Барлық академиялық демалысқа шығу туралы рәсімдер мен қажетті құжаттар тізімін сіз біздің университетіміздің сайтындағы http://kazatu.kz/ «Оқу» бөлімінен ала аласыз. Сонымен қатар кеңес алу үшін №8 жатақхана 104 каб. Білім алушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласуыңызды болады, немесе тел. 8(7172) 49-34-69 және 39-73-78.
1/2/18, 15:52
Дәулет Аманжол Каленұлы
Ақылбек Қажығұлұлы, салематсызба! Сіздің басқарып отыраған ҚазАТУ-нің Жер қатынастары факультеті, Геодезия және картография бөлімінің, 1 - ші курсында, балам Қаленов Айбек Аманжолұлы оқитын. Қазіргі уақытта қысқы каникулға орай, үйге келген болатын. Сізден, баламның қысқы каникулдан кейін оқуына қайта барған жағдайда (07.01.2018ж.) жатанын орнының болмауына байланысты, жатаханамен қамтамасыз етуге қол ұшын берер деген себеппен жазып отырмын. Осыған дейін жалдап келген үйдің бағасының күрт өсіп кетуіне байланысты, қыстың көзі қырауда демекші, баспанасыз қалып отыр. Құрметті, Ақылбек Қажығұлұлы, "бар үмітіміз Сізде" - деген үмітпен, көмектесер деген ойдамыз. Алдын ала рахметімді білдіремін))! Игі тілекпен, Қаленов Айбектің әкесі Аманжол Каленұлы.
Құрметті Аманжол Қаленұлы! 2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 1-курс студенттерінің жатақханаға кезексіз орналасуға мүмкіндігі бар. Балаңыз электронды портал арқылы жатақхана алуға өтінішін тіркесе, орын беріледі.