Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
5/1/18, 15:27
Сатыбалды Айдын Асанханов
салеметсзбе мен осы университеттн архитетура блимине тускм келеди , барлык талаптарды окып шыктым , жатакханада жылына канша болады ?
Құрметті Айдын! Алдағы уақытта оқуға өтініш бергеннен кейін, құжаттарды қабылдау бөліміне барып, жатақхана алуға өтініштеріңізді білдіре аласыз. Қазіргі таңда жатақханада тұру ақысы - айына 4142 теңге. Жатақхана жайында қосымша ақпараттарды http://portal.kazatu.kz/obshezh/index.php?lang=ru&ps=3&ps2=1 алуға болады
4/3/18, 12:51
Батыркожа Айнур Аскаркызы
Салеметсизбе, Мен 2Б жатакханасынын тургынымын 7 жатакханага ауыскым келеди, сол ушин кай жерге отиниш жиберемин? (1 курста 7 жатакханада турганмын, энергетикалык факультет болгандыктан 2Б жатакханасына ауыстырып жиберди. Еки жатакханада да тартип бузушылык жок. Ауыскым келген себебим барлык достарым 7 жатакханада.)
Құрметті Айнұр! Бұл сұрақ бойынша тәрбие жұмысы жөніндегі департаментке өтініш бере аласыз. Жатақханаға орналастыру тәртібіне сәйкес өтінішіңіз қарастырылады.
3/16/18, 11:47
Ғалымжан Балнұр Ғалымжанқызы
Сәлеметсіз бе! Менің қоятын сұрағым былай, екінші жоғары білімді мамандықты алу үшін сырттай бөлімге оқуға түссем грантта оқи аламын ба? Ол үшін не істеу керек? Менің бірінші жоғары білімді мамандығым РЭТ бакалавр.
Құрметті Балнұр! Сіздің сұрағыңыз бойынша, біздің университеттің сырттай бөлімінің екінші жоғары кез-келген мамандығына түсе аласыз. Бірақ, өкінішке орай, сырттай бөліміне грант бөлінбейді. Сырттай бөлімі бойынша ақпаратты университет сайтынан ала аласыз http://kazatu.kz/kk/talapker/okuga-tusushelerge-arnalgan-akparat/
3/1/18, 11:47
Габдуллин Нурсултан Муратович
Қайырлы күн. Мен студент емеспін, бірақ мынандай сұрақ, сіздедердің корпустарыңыздағы банкоматтардан ақша алуға рұқсатпа бөгде адамдарға? Жауабыңызға алдын-ала раxмет!
Құрметті Нұрсұлтан Мұратұлы! "С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті" АҚ бөгде адамдарға ғимарат банкоматтарынан ақша алуға рұқсат бере алмайды, себебі, банкоматтар ғимараттың ішінде орналасқан және ғимаратқа кіру қатаң түрде рұқсат қағазбен жүзеге асырылады.
3/1/18, 09:18
Қайырқан Ерасыл Бауыраұлы
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы! Мен және Энергетикалық факультеттін 404-топ студенттері, сізді курстық жұмыстың "қанағаттанарлық" бағасының нәтижесінде шәкіртақы берілмеуіне байланысты өтінішімізді қарастыруыңызды сұраймыз. Бұрын курстық жұмыстың "қанағаттанарлық" бағасымен де шәкіртақы берілетін .Бұл жолы ЖОО басшылығы курстық жұмыстың "қанағаттанарлық" бағасы кезінде студенттерге шәкіртақы бермеуді шешті, бірақ осы жағдай жайлы студенттерді алдын ала ескертпеді. Бұл жоғары оқу орны ретінде өз жұмыстары мен жауапкершіліктерін толыққанды орындамау болып саналады. Біз бұл істі өте дұрыс емес деп есептейміз, себебі студенттерді хабардар етпеу студент пен ЖОО арасындағы шартты орындамау болып табылады. Сондықтан біз сізден жағдайымызды түсініп студенттерге толыққанды көмек болатын стипендия алу құқығын қалпына келтіруді сұраймыз.
Құрметті Ерасыл! Сіздің топтық мәлімдемеңізді қарастырдық. 2015 жылғы 30 желтоқсан №1134 т. 2 тт.4 "Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын жəне олардың мөлшерлерін бекіту туралы" сәйкес төмендегіні хабарлаймыз. Мемлекеттік шəкіртақы мемлекеттік білім тапсырысы бойынша білім алатын, сондай-ақ мемлекеттік білім тапсырысы бойынша оқуға ауысқандарға, емтихан сессиясы немесе аралық аттестаттау нəтижесі бойынша «А», «А-», «өте жақсы», «В+», «В», «В-» «жақсы» деген бағаларға сəйкес келетін баға эквивалентін алған студенттер мен магистранттарға семестр аяқталатын айдың соңын қоса алғанда төленеді. Сонымен қатар мекеменің келісілген ережесіне сәйкес оқу барысының кредиттік технологиясы бойынша 2011 жылдың «20» сәуірінен №152 т.1 тт.8 білім алушының аралық аттестациясы – жүргізілуі, емтихан сессиясы барысында оқығаннан кейін академиялық пәннің мазмұнын немесе толық көлемін оқу сапасын бағалау мақсатында өткізіледі. Ал курстық жұмыс оқу пәнінің бір бөлігі болып табылады. Курстық жұмыстың және дене шынықтыру пәнінің бағасы (балдық-рейтинг, әріптік жүйе) бақылау кезінде білім алушының бағасына әсер етеді. Осылайша, курстық жұмыстың үштік бағасы стипендия алуға әсер етеді. Осы жөніндегі мәліметтен хабарсыз білім алушыға, мемлекеттік стипендия төлеудің ережесі, біздің университетіміздің сайтында http://kazatu.kz/академиялық саясат бөлімі соның ішінде Мемлекеттік шəкіртақыны төлеу тəртібі бөлімшесінде көрсетілгенін хабарлаймыз. Бұдан басқа, білім алушыларға қызмет көрсету орталығындағы ақпараттық тақтада Мемлекеттік шəкіртақыны төлеу тəртібі, Президенттік шəкіртақыны төлеу тəртібі, ауысу және қайта қабылдау т.б. жөнінде көрсетілген. Бұл ақпарат білім алушының АИС «Platonus» жеке кабинетіндегі «Хабарландыру» бөлімінде көрсетілген.
2/14/18, 13:17
Ұмбет Қанат Жомартұлы
Салеметсізбе, Куришбаев Аxылбек Кажигулович! мен Энергетикалық факультетінің 1 курс студентімін, мені 2Б жатақxанасынан шығарып жатыр, шығару себебі мен 5 түсініктемемді алдым, мен бірақ жатақxананың студенттік кеңесінің шешімімен келіспеймін. Бұл қалада менің басқа тұратын жерім жоқ, жалдамалы пәтерде тұруға қаражатым жетпейді, 6 жатақxанадан береміз деп жатыр, бірақ менің сабағым күніге таңғы 8:00де бірінші корпуста болғандықтан, 6-жатақxана алыс болады. Сізден сұранарым жатақxанадан орынды университеттің аумағынан беруге рұқсат етуіңізді өтінемін!
Құрметті Қанат Жомартұлы! Сіз ішкі тәртіпті сақтамағандықтан, Студенттік кеңестің шешімімен жатақханадан шығарылдыңыз. Ішкі тәртіпке жауапкершілікпен қарамаған студентті университет басшылығы да қолдай алмайды. Егер №6 жатақханаға ауыстыру қарастырылса, сол шешіммен келісуге кеңес береміз.