Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
3/8/16, 16:39
Туржанова Айдана
Құрметті Ақылбек Қажыгұлұлы Сәлеметсізбе! Мен Астана қаласындағы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінен "есеп және аудит" мамандығының 2-курс студентімін, сізге сұрағым, мен сіздің университетке "есеп және аудит" мамандығына ауыса аламынба? Оқу ақысы жылына қанша? Және де "Разница" қанша шығады дәл сол мамандыққа ауыссам?Рахмет
Сәлеметсізбе Айдана! Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 19 қаулысына сәйкес біздің университетке ауыстыру жүргізіледі. Сондықтан, тек қана демалыс кезінде ауыса аласыз. 2015-2016 оқу жылындағы «Есеп және аудит» мамандығының жылдық оқу ақысы 2 курста – 390978 тг, 3 курста – 416783 тг. Оқу жоспарларындағы айырмашылығыңыз жөнінде құжаттарды қарастыруға тапсырғаннан кейін анықталады.
2/3/16, 15:27
Макашев Галымбек Бауыржанулы
Саламатсызба.Мен 2016 жылғы түлекпін.Сізге қоятын сұрағым қанша балмен қандай мамандыққа грантқа түсуге болады.
Құрметті Ғалымбек! 2015 жылғы конкурс нәтижесінде мемлекеттік білім гранттарына талапкерлер қанша баллмен ие болған туралы мәліметті ҚР Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter,kz ресми сайтынан қарай аласыз, ал университетіміздің мамандықтары бойынша біздің сайтта «Талапкер» бөлімінен қарап, жүктеп алуыңызға болады. Сондай-ақ университетіміздің талапкерлерге арналған ақпараттық парағын Сіздің электрондық поштаңызға жіберілгендігін хабарлаймыз. Анықтамалар үшін: 8-7172-31-75-56, 711_12@inbox.ru
1/26/16, 07:43
Нагашыбай Гульжан
Салеметсизбе,Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы!!!Менің айтайын дегенім,университет асханалары жайында болмақ.әсіресе,жатақхана асханаларында бағаны дұрыс есептемеу жағдайлары көп кездесіп жүр,бір күні алған тағам бағасы 300тг болса,екінші күні 400ден асып кетеді.мен де менің достарым да әдейі бақылап көрдік.бұл жағдай көп студентті толғандырады деп ойлаймын.рахмет!
Құрметті Гүлжан! Сіздің хатыңыз бойынша университеттің барлық асхана жалгерлеріне ескерту жасалды. Алдағы уақытта мұндай жағдай орын алған асхананы нақты көрсетуіңізді сұраймыз.
1/25/16, 08:59
Отегали Мадина Ерболқызы
Финанс-кредит мамандығын таңдасам 5пән(Таңдау пәні) қандай болады.
Құрметті Мадина! Қаржы мамандығы бойынша таңдау пәні география болып табылады. Анықтамалар үшін: 8-7172-31-75-56, 39-80-18 (қабылдау комиссиясы).
1/21/16, 18:51
Sabitov Nurdaulet Sabit
Саламатсыз! Мен 4 курс студентімін. Бізде қазір практика өтіп жатыр. Менде договор бойынша өтетін жерден өте алмаған себептен мен басқа жерде өтіп жатырмын(Басқа жерде өтіп жатқан себебім, мен досым жумыс істейтін жерден өтпекші боп, приказға сол компания атын жаздырғанбыз.Бірақ ол компания 5 баладан артық алмаймыз ддеп мені және тағы бір досымды қабылдамады.Қазір біз басқа компанияда өтіп жатырмыз). Бірақ егер мен приказда көрсетілген жерден өтпесем, онда мені екінші жылға қалдырады деді. Енді сұрайын дегенім мен қазіргі өтіп жатқан жерден өтіп, сол жақтан печать койдырып, договор алып келсем болама?
Құрметті Нұрдаулет! Тәжірибе оқу пәнімен тең дәрежеде студенттің білім алу траекториясының құрамдас бөлігі болып табылады. Өндірістік тәжірибелер тәжірибе базасы болып табылатын және университетпен келісім-шарт жасасқан мекемелерде жүргізіледі. Сіз өндірістік тәжірибені 14.01.2016 ж. университет бойынша шығарылған № 66 бұйрыққа сәйкес жалғыз өзіңіз ғана «Epsilon Sistems» ЖШС-нде өтуге тиістісіз. Тәжірибеден өтуге жіберген компания 5 баладан артық алмады деуіңіз шындыққа сәйкес келмейді. Егер Сіз тәжірибе өткен база бұйрыққа сәйкес келмесе, онда сіздің тәжірибе бойынша есебіңіз қабылданбайды. Оқу бағдарламасын уақытылы игермеген студент қайта оқуға қалдырылады.