Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
4/15/16, 08:36
Истекова Асем Асхатовна
Здравствуйте, на сегодняшний день я окончила колледж, получила диплом по специальности "Информационные системы", вопрос: Могу ли я поступить в ВАШ Вуз по специальности "Стандартизация и сертификация" (заочная либо дистанционная форма обучение), является ли эта специальность родственной к предыдущей специальности. В случае невозможности поступления в Вуз по данной специальности, что является родственной к уже полученной?
Уважаемая Асем! Согласно Типовым правилам поступления в высшие учебные заведения Республики Казахстан, выпускники колледжа обязательно должны сдать Комплексное тестирование. Тестирование можно пройти в любом базовом вузе Республики, так как сертификат с проходным баллом действителен во всех вузах РК. Прием документов на участие в КТА осуществляется с 20 июня по 9 июля. Обязательными предметами являются: язык сдачи (государственный или казахский в зависимости от языка обучения), История Казахстана, математика. Четвертый предмет – по выбору. В вашем случае – физика. Проходной балл для обучения на платной основе – 50. Если вы будете продолжать обучение по своей специальности – то можете обучаться 3,5 года по заочной форме обучения. Так как вы получаете диплом ТиПО по специальности «Информационные системы», родственными ей специальностями являются следующие специальности нашего университета: «Информационные системы», «Вычислительная техника и программное обеспечение». Телефоны для справок: 8-7172-317-556 е-mail: 711_12@inbox.ru
4/3/16, 20:01
Жолдасова Жанар Алпысбаевна
Салеметсизбе! Саулет факультетине тусу ушин проходной балл канша? Кейин 2 шыгармашылык емтихан тапсыру керек екен. Биреуинен отип екиншисинен отпеи калса саулет факультетине тусуге мумкиндик болама?
Құрметті Жанар! Егер Сіз мектептің 11 сынып оқушысы болсаңыз, онда биылғы жылы жоғары оқу орындарына оқуға қабылдану үшін міндетті түрде ҰБТ тапсырасыз. ҰБТ тапсырған жағдайда ҰБТ шеңберінде міндетті болып табылатын 5 пәннің барлығын тапсырасыз, ал таңдау пәні ретінде мамандықтарға сәйкес кез келген пәнді тапсыра аласыз, себебі Сәулет немесе Дизайн (шығармашылық мамандықтар) мамандығына оқуға түсу үшін талапкерлер екі шығармашылық емтихан (Сурет және Сызу) тапсырады. Жоғары оқу орындарына түсу Типтік ережелеріне сәйкес, шығармашылық мамандықтарға түсу үшін өтініштер 20-шы маусымнан 1-ші шілдеге дейін жүргізіледі. Арнайы (шығармашылық) емтихандар 2-ші шілдеден 7-ші шілдеге дейін жүргізіледі. Екі емтихан – сурет және сызу. Бірінші емтиханнан өтпесеңіз, екінші емтиханға кіруге мүмкіндік берілмeйді. Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш 23-ші шілдеден 31-ші шілдеге дейін қабылданады. Сәулет факультетінің мамандықтар бойынша 2015 жылғы конкурс нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан (орыс тілінсіз) 96-97 балл жинаған талапкерлер грантқа ие болды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
4/1/16, 12:09
Шакиманова Назерке Майданбековна
Сәлеметсіз бе Ақылбек Қажығұлұлы ! Мен 2016 жылғы бітіруші түлекпін.Эколог мамандығы бойынша грандқа проходной балл қанша?және платный оқу ақысы жылына қанша? Рахмет!!!
Құрметті Назерке! «Экология» мамандығы бойынша 2015 жылғы мемлекеттік гранттарды тағайындау конкурс нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан 90 баллдан жоғары жинаған талапкерлер грантқа ие болды. Университетіміздің мамандықтары бойынша 2015-2016 оқу жылында жылдық оқу ақысы 340-375 мың теңге болды, Экология мамандығы бойынша – 342 900 теңге. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
4/1/16, 08:59
Раисова Карашаш Татибаевна
Салеметсізбе Ақылбек Қажығұлұлы, сіздің университетіңізге ақпараттық жүйе (ИС) факультетіне қалай ауысуға болады. казір менің балам 2 курс бітіреді, келесі оқу жылын яғни 3 курстан бастап сіздерге ауысқымыз келеді, сабақ үлгерімі жақсы, қайда хабарласуға болады, құжаттарды қашаннан бастап қабылдайсыздар, оқу ақысы 3 курсқа қанша. Ауысу қиындық тудырады ма. Жауабыңызға алдын-ала рахмет
Сәлеметсіз бе, Карашаш Татибаевна! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы №19 қаулысымен бекітілген Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау ережесіне сәйкес білім алушыны курстан курсқа, бір мамандықтан екіншісіне, бір оқыту нысанынан екіншісіне, бір ЖОО-дан екінші ЖОО-ға ақылы негізде ауыстыру және қайта қабылдау рәсімін ЖОО дербес белгілейді және оның академиялық саясатында көрсетілуі тиіс. Ауыстыру жазғы және қысқы демалыс кезеңінде ғана орындалады. 2015-2016 оқу жылында Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша оқыту бағасы 386 000 теңгені құрады. Пән айырмашылықтарын анықтау үшін Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультетінің деканатына транскриптіңізді алып келуіңіз қажет. Сондай-ақ, ауыстыру үшін сіздің ұлыңыз оқитын университет ректорының қолы және мөрмен бекітілген жазбаша келісім, ҰБТ немесе АКТ сертификатының, жеке куәлігінің, курстан курсқа көшірілгені туралы бұйрықтың, ЖОО лицензиясы мен қосымшасының көшірмелері қажет. Барлық қажет ақпаратты КЖжКББ факультетінің деканатынан 8(7172)384002 телефон нөмірі бойынша немесе тікелей факультет деканының alfiya_askarova@mail.ru электронды поштасы арқылы білуіңізге болады.
3/17/16, 19:29
Умирзахова Элиза Жангалиевна
Сәлеметсіз бе?!) Ақылбек Қожағұлұлы! мен Көкшетау қаласындағы Ш.Уалиханов атындағы мемлекеттік университетінің 1 курс студентімін. Топырақтану жене агрохимия мамандығында грантта оқимын. Барлық сабағым үздік. Сұрағым. .. 2 курста Осы ҚазАТУ - ға өз мамандығым бойынша ауыса аламын ба грант сақтай отырып.??? Өзім Оңт.Қазақстан обл. Шымкент қаласынанмын. ...
Сәлеметсізбе, Элиза Жангалиевна! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 20 қаңтарындағы №19 бұйрығына сәйкес «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстырудың және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы» 31 тармағы негізінде біздің ЖОО-ға мемлекеттік білім беру грантын сақтай отырып, тек студенттердің демалыс уақытында ғана ауысуыңызға болады. Білім беру гранты бойынша білім алушыны бір ЖОО-дан екіншісіне ауыстыру рәсімі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: 1) басқа ЖОО-ға ауысуға ниет білдірген білім алушы білім алып жатқан ЖОО басшысының атына ауысу туралы еркін нысанда өтініш береді және ауысуға мөрмен бекітілген жазбаша келісім алып, қызығушылық танытқан ЖОО басшысына өтініш білдіреді; 2) қабылдаушы ЖОО басшысының атына жазылған ауысу туралы өтінішке оқу ісі жөніндегі проректор мен офис-тіркеуші қол қойған, мөрмен бекітілген транскрипттің, білім беру гранты иегері куәлігінің, оқыған ЖОО басшысының атына жазылған өтініштің (басшының қолы қойылып, мөр басылған) көшірмелері қоса берілуге тиіс; 3) факультет деканы (институт директоры) ұсынылған құжаттардың негізінде оқу жоспарларындағы пәндер айырмашылықтарын айқындайды және меңгерілген пререквизиттерге сәйкес оқу курсын белгілейді, білім беру бағдарламасына сәйкес меңгерілген кредиттерді қайта есептейді және тіркеу бөлімімен келісім бойынша білім алушының жеке оқу жоспарын бекітеді; 4) факультет деканы (институт директоры), офис-тіркеуші, академиялық мәселелерге жетекшілік жасайтын бөлімше басшысы, оқу ісі жөніндегі проректор, ЖОО басшысы қойған бұрыштамаларға сәйкес білім алушыны ауыстыру туралы бұйрық шығарады.
3/8/16, 18:47
мадрахимов амир толекбаевич
Салеметсизбе құрметті Ақылбек Қажығұлұлы мырза ! Мен осы университетте Биотехнология мамандыгы бойнша бірінші курс студентімін менің сізге қояр сұрағым; Мен жетіммін мен алдынгы семестрде жаздық семестірге калып койган едім мен енді степендия ала алам ба
Құрметті Әмір! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысымен бекітілген Білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендиялар төлеу ережесінің 16 бөліміне сәйкес - "Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алатын жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға мемлекеттік стипендия емтихан сессиясының нәтижелері бойынша берешектері немесе білім алушыларды аралық аттестаттау нәтижелері бойынша қанағаттанғысыз бағасы жоқ болса төленеді". Жоғарыда айтылған Ережеге сүйене отырып, биотехнология мамандығының 1 курсында мемлекеттік грант негізінде білім алушы студент Мадрахимов Әмір Төлекбайұлына уақытша шәкіртақы төлеу тоқтатылады. Себебі 1 семестрде емтихан сессиясының нәтижелері бойынша "Физика" пәнінен қорытынды бағасы "қанағаттанғысыз", яғни жазғы семестрге қалған. Әрі қарай шәкіртақы төлеу ол студенттің келесі семестр қорытындысының нәтижелеріне байланысты болады.