Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
4/19/15, 18:23
СЕТЕРХАН Маржангул
салеметсіз ба? кешенді тестілеуге документті кашаннан бастап қабылдайсыздар? қашан боладі кешенді тестілеу?
Сәлеметсізбе Маржангүл! Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер 20 маусымнан 9 шілдеге дейін қабылданады. Кешенді тестілеу 18-23 шілде аралықтарында өткізіледі. Анықтама телефондары: 8(7172)31-75-56, 39-80-18 Біздің сайт: kazatu.kz e-mail: 711_12@inbox.ru
4/18/15, 23:00
Ғабдолла Таңшолпан Ғабдоллақызы
Сәлеметсіздер ме?Менің қоятын сауалым:Мен Тәттімбет атындағы өнер колледжінің \"Кітапхана ісі \" бөлімін қызыл дипломға тәмәмдағылы отырмын.Осы дипломмен сіздерге түсуге болама?Егер болса қандай мүмкіндіктер бар?Толық мәлімет берсеңіздер.
Сәлеметсізбе Таңшолпан! Колледждан кейін С.Сейфуллин атындағы университетке оқуға түсуге болады, бірақ қысқартылған форма бойынша оқи алмайсыз. Себебі сіздің мамандығыңыз классификатор бойынша біздің университетіміздің мамандығына сәйкес келмейді. Кез келген мамандықты бірінші курстан бастап оқи аласыз, ол үшін сіз кешенді тестілеуден өтуіңіз тиіс. Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер 20 маусымнан 9 шілдеге дейін қабылданады. Кешенді тестілеу 18-23 шілде аралықтарында өткізіледі. Тестілеуге қатысу үшін қажетті құжаттар төменде көрсетілген: - аттестат (диплом) түпнұсқа; - 3х4 көлемдегі 8 фотосурет; - 086-У және 063 нысанындағы медициналық анықтамалар, флюорография көшірмесі; - жеке куәлік немесе паспорт көшірмесі Анықтама телефондары: 8(7172)31-75-56, 39-80-18 Біздің сайт: kazatu.kz e-mail: 711_12@inbox.ru
4/14/15, 21:06
Инкарбек Салтанат Жанболатқызы
Сәлеметсіздер ме? Мен биыл 9 сыныпты бітіргелі отырмын.Менің алға қойған мақсатым Ветериналды колледжде оку.Сіздерге тапсыру үшін неше балл болу қажет,және қандай пәннен тест тапсырам.Сіздерде степендия грант барма? Егер оқуға тапсырсак нақты қай айда тапсырам? Ренжімесеніздер осы сұрағыма жауап беріңіздерші өтініш.
Құрметті Салтанат! Өкінішке орай, 2010 жылдан бастап, университетіміздің колледжі қабылдау іске асырылмайды. Республика бойынша колледждер туралы мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz сайтынан, ал мемлекеттік білім гранттарына межелік өту балдары туралы мәліметті Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтынан таба аласыз Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
4/11/15, 22:23
Хамза Мариям Нурлановна
Сәлеметсіз бе!География пәні бойынша мен менеджмент мамандыгын тандап алдым!Осы мамандыкка канша балл жинау керек грант болу ушин?
Құрметті Мариям! Мамандықтар тізімін университетіміздің kazatu.kz ресми сайтынан, «Талапкер» бөлімінен қарай аласыз. Университетіміздің география пәніне сәйкес мамандықтары бойынша 2014 жылғы конкурс нәтижесінде «Алтын белгі» иелері немесе халықаралық олимпиадалар жеңімпаздар грантқа ие болды. Биылғы жылдың балл мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox
4/3/15, 10:47
Маханбет Бекжан Бақытжанұлы
Неге уиниреситетте қазақ группаларына орын аз? Қабылдауда орыс группасына түсе бер кеин, қаңтар айында ауысуға болад деді. Бірақ неге разница толеу туралы айтылмады? Қазір мен электрэнергетика орыс группасынан, қазақ группасына ауысу үшін 100 мың разница төлеуім керек. Қазір мен қаражат жетіспей жай ғана оырс группасында жүрмін.Сабақтардың көбісін түсінбеймін. Экзамендерде жауап бере алмай жазға қалып жүрмін. Маған көмек тесе аласыз ба?
Құрметті Бекжан Бақытұлы! Студенттерді оқуға қабылдау оқу жылындағы жоспарға сәйкес жүргізіледі.Топтардағы студенттер саны реттелген, басқа жоғары оқу орындарынан немесе мамандық түрін, сондай-ақ орыс тобынан қазақ тобына ауысу академиялық кезеңде жүргізіледі. Пәндер бойынша айырмашылыққа қатысты сұрақтарыңыз болса энергетикалық факультеті деканатына хабарласыңыз.
3/10/15, 21:05
Ортай Асылай Алматқызы
Сұрақ: Сәлеметсіздер ме? мен 2015жылы №122 орта мектебінің 11 сынып бітіруші түлегімін. Сіздерге қояр сұрағым физика пәні бойынша қандай оқу орындарына түсе аламын. Физикадандан 17-18 балл жинап жүрмін.
Құрметті Асылай! Мамандықтар тізімін университетіміздің kazatu.kz ресми сайтынан, «Талапкер» бөлімінен қарай аласыз. Таңдау пәні физика болып табылатын мамандықтар бойынша оқыту келесі факультеттерде жүзеге асырылады: Техникалық факультет: - 5В071300 – «Көлік, көліктік техника және технология»; - 5В072400 – «Технологиялық машиналар және жабдықтар»; - 5В073200 - «Стандарттау, метрология және сертификаттау»; - 5В080600 – «Аграрлық техника және технология»; - 5В090100 – «Көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру»; Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультеті: - 5В012000 – «Кәсіптік білім»; - 5В070300 – «Ақпараттық жүйелер»; - 5В070400 - «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»; Энергетикалық факультет: - 5В071700 – «Жылу энергетикасы»; - 5В071800 – «Электр энергетикасы»; - 5В071900 - «Радиотехника, электроника және телекоммуникация»; - 5В081200 – «Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету». Көрсетілген мамандықтар бойынша 2014 жылғы конкурс нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан (орыс тілінсіз) 63-95 балл аралығында жинаған талапкерлер грантқа ие болды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru