Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
7/10/13, 13:16
Елдос Баймаханов
Cәлеметсіз бе Ақылбек Қажығұлұлы! Мен биылғы ҰБТ-дан 87 балл, орыс тілінсіз 67,таңдау пәнім физика. Сіздердің универге грантка түсуге мүмкіндігім бар ма? Алдын-ала алғыс білдіремін!жауабынызды кутемин.
Құрметті Елдос! Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. 2012 жылғы конкурс нәтижесінде таңдау пәні физика болып табылатын мамандықтарға мүмкін болатын 100 баллдан 70 баллдан жоғары жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Конкурсқа қатысып, үміттеніп көріңіз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
7/9/13, 21:58
таскараева Жанар
саламатсызба!2013Ж ЕНТ қорытындысы БОЙЫНША ОРЫС ТІЛІНСІЗ 63 БАЛЛ ҚАНДАЙ МАМАНДЫҚҚА ТҮСУІМЕ БОЛАДЫ.
Құрметті Жанар! Сұрағыңызда таңдау пәніңіз бен бейіндік пәніңіз қандай екендігін көрсетпегендіктен нақты жауап бере алмаймыз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
7/9/13, 15:35
Гулжайна
Cәлеметсіз бе Ақылбек Қажығұлұлы! 2013 жылгы Ветеринарлық санитария оқуның ақысы неше??
Құрметті Гүлжайна! 2013-2014 оқу жылына «Ветеринарлық санитария» мамандығы бойынша оқудың төлем ақысы 320,0 мың теңге құрайды. Анықтамалар үшін: 31-75-56, 39-80-18.
7/9/13, 15:08
Газиза Алимбек
Сәлеметсіз бе? Менің есімім Газиза! Мен ЕНТ-дан 77 балл алдым, ал орыс тілінсіз 65 балл төртінші пән физика. Осы көрсетілген оқу орнына қай мамандыққа грантқа түсе аламын?
Құрметті Газиза! Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. 2012 жылғы конкурс нәтижесінде таңдау пәні физика болып табылатын мамандықтарға мүмкін болатын 100 баллдан 69-100 балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
7/9/13, 14:19
Гулжайна
Cәлеметсіз бе Ақылбек Қажығұлұлы!Сіздердің телефондарыңыз алмайды!!!Қандай номерге хабарласуга болады???
Құрметті Гүлжайна! Қазіргі кезде телефон арқылы хабарласушылар көп, себебі кешенді тестілеуге, магистратураға және докторантураға құжаттар тапсырып жатқан талапкерлер, үміткерлер қабылдау ережелері бойынша, сонымен қатар ҰБТ тапсырып, мемлекеттік білім гранттары конкурсына қатысуға ниет білідіріп жатқан түлектер де конкурс ережелері бойынша кеңес алуда. Қабылдау комиссиясының телефондары: 31-75-56, 39-80-18. Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысының нөмірі 8-775-937-39-29
7/9/13, 14:13
Меруерт
Cәлеметсіз бе құрметті университет ректоры, менің сізге кояр сұрағым: биыл менеджмент факультетіне ақылы оқыту бағасы канша?
Құрметті Меруерт! Менеджмент мамандығы бойынша биылғы жылға оқудың төлем ақысы 374,5 мың теңге құрайды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru