Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
7/12/13, 00:36
Райраева Самал
Сәлеметсіз бе Ақылбек Қажығұлұлы!Сізге қояр сұрағым мен ҰБТ-дан 88 балл алдым,орыс тілінсіз 70балл.Таңдау пәнім физика,сызу мамандығына және басқа да мамандыққа түсуге мүмкіндік болады ма?Рахмет.
Құрметті Самал! Таңдау пәні физика болып табылатын мамандықтардың барлығында «Сызу» пәнін өтеді, ал жеке «Сызу» мамандығы бойынша университетте дайындық жүзеге асырылмайды. Конкурсқа құжаттар 23-31 шілде аралығында қабылданады. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
7/11/13, 12:13
Маженов Толе
Салеметсизбе! мен Агрония факультетин биыл окуды айактаган едим, мен военный кафедраны окыган едим сол военный билетти кашан береди бизге?
Құрметті Төле! Біз 2013 жылы университет бітірген студенттерге әскери атақ берілуіне қажетті құжаттарды ҚР ҚМ Кадрлар департаментіне жәберу үшін дайындап жатырмыз. Әскери билет әскери атақ берәлуіне жөніндегі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы шыққаннан кейін 1 айдың ішінде беріледі.
7/11/13, 12:02
Мақсут
Менің физикам 6 балл,математикам 19 конкурска түсе аламынба?
Құрметті Мақсут! Сұрағыңызда ҰБТ нәтижесінде сертификатта қанша балл алғаныңыз туралы айтылмаған. Егер де Сіз тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан 50 балл жинаған болсаңыз, онда таңдау пәні физика, ал бейіндік пәні математика болып табылатын мамандықтарға оқуға түсе аласыз. Сондай-ақ мемлкеттік білім гранттары конкурсына қатыса аласыз. Құжаттар шілде айының 23-31 күндері аралығында қабылданады. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, 398-018 е-mail: 711_12@inbox.ru
7/11/13, 00:23
Алибек Акерке
Сәлеметсіз бе,Ақылбек Қажығұлұлы!Мен ҰБТ нәтижесінде орыс тілінсіз 84 балл алдым. Радиотехника,электроника ж\\е телекоммуникация факультетіне грантқа түсуіме мүмкіндік бар ма?
Құрметті Акерке! Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. 2012 жылғы конкурс нәтижесінде аталған мамандыққа мүмкін болатын 100 баллдан 95 балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Конкурсқа қатысып, үміттеніп көріңіз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
7/10/13, 16:17
Рахымберді Меруерт Адилбеккызы
Сәлеметсіз бе, Ақылбек Қажығұлұлы! Мен биыл ҰБТ-ден 90 балл, орыс тілінсіз 71 балл алдым. Таңдау пәнім география. Мен КазАТУ-дан грант ала аламын ба?
Құрметті Меруерт! Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. 2012 жылғы конкурс нәтижесінде таңдау пәні география болып табылатын мамандықтарға мүмкін болатын 100 баллдан 99 балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Конкурсқа қатысып, үміттеніп көріңіз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
7/10/13, 14:14
Ақжол
Ассалаумагалейкум! Дүниежүзі тарихы бойынша оқуға түсе аламын ба? Болса қандай мамандықтар бар? Балл-112,орыс тілінсіз-88 балл
Құрметті Ақжол! Университетімізде таңдау пәні дүние жүзі тарихы болып табылатын мамандықтар жоқ. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru