Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
12/11/12, 09:03
Ысқақова Гүлсім Жақсылыққызы
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы! Сәлеметсіз бе Мен ҚазАту университетінің Агрономия факультеті Экология кафедрасының аға зертханашы болып еңбек етемін. Жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі бойынша университеттің жатақханасының бір бөлме сұрап хат жолдаған болатынмын қазіргі танда 11 жылдан астам еңбек жасап жатырмын. Өкінішке орай, осы мәселе түпкілікті шешілмей қойды. Қанша рет Сізге хат жолдасамда ешқандай өзгерістер болмай тұр. Біздің отбасымызға бір көмек берер деген үміттімізді үзбей жүрміз осы жазылған хатты Сізге жете ме, жетпей ме білмеймін. Екі баланың анасы ретінде Сізден көмек сұраймын.
Құрметті Гүлсім Жақсылыққызы! Сіздің жатақханадан бөлме беру туралы жазған екі өтінішіңіз тіркелген. Барлық өтініштерге қатысты шешім Тұрғын-жай комиссиясының, оның ішінде факультет декандарының қарастыруымен Басқарма отырысында қабылданады. Жатақханадан бөлме бөлу кезінде, ең бастысы, профессорлық-оқытушылар құрамына басымдық берілетінін ескерткім келеді. Сол себептен, барлық өтініштер Басқарманың әр отырысында профессорлық-оқытушылар құрамы, оқу-көмекші персоналы, әкімшілік-шаруашылық құрамы бойынша тіркелген тізім кезегімен қарастырылады.
12/7/12, 11:02
Бакытжан
Құрметті ректор мырза!!! мен 5в072900 Құрылыс мамандығында оқимын Қызылорда Мемлекеттік университетінде,ҚАТУ ға магистратураға оқуға мүмкіндік барма?қандай құжаттар қажетболады екен?
Құрметті Бақытжан ! Сіз оқып жатқан мамандық бойынша С.Сейфуллин атындағы Казақ агротехникалық университетінде магистратура мамандығы жок, сондықтан да ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 17 маусымдағы бұйрығымен бекітілген «Жоғарғы оқу орынынан кейінгі білім беру. Магистратура. Негізгі ережелерінің» (5.04.033-211 ҚР МЖМББС) 5.3 тармағына сәйкес таңдаған мамандықтың кәсіби оқу бағдарламасын меңгеру үшін барлық пререквизиттер сәйкес болуы тиіс. Болмаған жағдайда ол пәндерді жазғы семестрде оқу керек. Магистратураға түсу туралы ақпаратты қосымша университет сайтынан www.agun.kz («Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және біліктілікті көтеру бөлімі» – «Магистратура») оқуға болады.
12/1/12, 19:45
Ләйла
Құрметті Ақылбек Мырза! Агрономиялық факультеттің «Агрономия» мамандығының 2-ші курс студенттерінің қысқы сессиясы қай аралықта болатынын нақты айтып жібересіз бе?
Құрметті Ләйла! Бекітілген академиялық күнтізбеге байланысты Агрономиялық факультеттің «Агрономия» мамандығының 2-курс студенттерінің қысқы емтихан сессиясы 24.12.2012-12.01.2013 ж. аралығында,ал қысқы демалыс 14.01.2013ж.-26.01.2013ж дейін болады. 2-семестр 28.01.2013 ж.басталады.
11/28/12, 18:54
Айнұр
Саламатсыз ба құрметті Ақылбек Қажығұлұлы мырза!Менің сізге қояр сұрағым,мен Алматы қаласындағы ҚАЗҰАУ 4 курс студентімін мен келесі жылы сиздердин оқу орындарынызға магистратура бойынша білімімді жетілдірмекпін,соған орай сіздерге грантқа түсу қаншалықты мүмкін қанша мөлшерде грант бөлінеді?,жатақхана беріле ме?,шет мемлекеттермен қарым-қатынас жасайсыздар ма?Алдын-ала рахтет айтамын.
Құрметті Айнұр! Өзіңіз оқып жүрген мамандығыңызды көрсетпегендіктен сіздің сұрақтарыңызға нақты жауап бере алмаймын. Сол себепті осы сұрақтарыңызбен тағы да бір рет 38-61-53 телефоны арқылы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және біліктілікті көтеру бөліміне хабарласып көріңіз. Магистратураға түсу туралы ақпаратты қосымша университет сайтынан www.agun.kz («Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және біліктілікті көтеру бөлімі» – «Магистратура») оқуға болады.
11/26/12, 20:12
Ибрагим Байжан
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы! Саламатсыз ба! Университетіміздің 55 жылдығымен тағы да шын журектен құттықтаймын! С.Сейфулин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Әскери кафедраны ақылы түрде оқуға немесе келісім шарт жасасып басқа ЖОО-да оқып алуға болады ма?
Құрметті Ибрагим! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен бекітілген ЖОО-ның әскери кафедраларына студенттерді алу жоспарына сәйкес С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ әскери кафедрасында оқитын студенттердің саны анықталған. Оқыту мемлекеттік қаржыландыру есебінен жүргізіледі. Ақылы негізде оқу қарастырылмаған. Әскери кафедрада оқуға әскери кафедрасы жоқ басқа ЖОО-ның студенттері ғана тартылады (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырдағы № 449 Қаулысының 37 тармағына сәйкес). Осыған байланысты Сіздің басқа ЖОО-ның әскери кафедрасында оқуға құқығыңыз жоқ,
11/23/12, 08:15
Есиркепова Гүлнара Мухиддинқызы
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы! Мен Ветеринария және мал шаруашылығы факультетінің Азық- түлік тағамдарының технологиясы мамандығының 4 курс студентімін. Сұрағым: келесі оқу жылына Азық- түлік тағамдарының технологиясы мамандығы бойынша магустратура ашылады ма?
Құрметті Гүлнара! Сіз оқып жатқан 6В0727 – Азық-түлік тағамдарының технологиясы мамандығы бойынша магистратура ашу жоспарда бар. Тиісті құжаттар 2013 жылы наурыз айында ҚР Білім және ғылым министрлігінен лицензия алу үшін дайындалып жатыр.