Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
11/21/12, 20:05
Алена
Кеш жарык ректор мырза менин аитарым унивеситеттин асханаларында барлык жагдаилар жасалган жане 5 тик балмен ба5алаимын астарыда оте дамди барлыгыда озимиздин мамамыз секилди даиындаиды мени мазалаитыны асханаларды тексеретин кыздар унамаиды олар каидан биледи олар биринши сабагын окып алмаима сизден отиниш осы кыздарды алып тастанызшы асханадагы кисилер студенттеге у косып бермеиди гои танертен ерте 7 де келип баларындаи корип тамак даиындаиды гои Рахмет сиздерге
Құрметті Алена! Университет басшылығы студенттердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға қатысты іс-шараларды жетілдіру мәселелерін үнемі қадағалайды. Бұл бағытта студенттердің де пікірін ескеру маңызды. Сіз айтқан қыздар – өзін өзі басқару құқығына ие студенттік кәсіподақ комитетінің мүшелері. Олардың жұмысын жоққа шығаруға болмайды. Қазіргі уақытта кәсіподақ комитетінің күнделікті қадағалауымен көптеген ескертулер уақытында жойылып отыр. Олар бекітілген ережеге сәйкес жұмыс істейді.
11/16/12, 20:18
Арапбек Динара Нурланқызы
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы! Мен техникалық факультеттің 1-ші курс студентімін.Мен сізге №7 жатақханаға қолайлы жағдайлар жасағаныңыз үшін алғысымды білдірмекшімін.Тоңазытқыш пен камера орналастырылған,бөлмеміз жылы.Студенттерге сабағын оқу да ыңғайлы.Камераның арқасында ерсі әдеттер мейлінше азайған.Жатақханамыздың коменданты да күн сайын жағдайымыздан хабар алып тұрады. Бір-бірімізбен тату-тәтті өмір сүрудеміз.Сізге және де кеңесшілеріңізге көп-көп рахмет!
11/14/12, 21:57
Сақтағанова Шолпан
Саламатсыз ба,Ақылбек Қажығұлұлы! Университетіміздің 55 жылдығымен тағы да шын журектен құттықтаймын! 15 қараша күні \"Жас Отан\" жастар қанатының 2 съезі болатынымен хабардармыз. Бүгін біз болатын кештің дайындығына қатыстық.Cъезге университетімізден студенттер таңдалынып алыпты.Мәселен, группамыздан тек 3 студент.Дайындықта Еуразия Ұлттық университетінен де студенттер болған еді және олар оздерінің көптігімен ұйымдастырушыларға ұнады.Айтайын дегенім, неге біздің университетімізден санаулы ғана студенттер барады? Біз де сол кешті тамашалағымыз келеді.Елбасымен өтетін кешке жіберуіңізді сұраймыз..
Құрметті Шолпан! 2012 жылғы 15 қарашадағы «Жас Отан» жастар қанатының 2 съезіне студенттер санын Білім және ғылым министрлігі бекітті. Азаматтық белсенділігіңізге ризашылығымды білдіре отырып, алдағы уақытта іс шараларға қатысқыңыз келсе, факультет деканына ұсыныс білдіруіңізді сұраймын. Себебі, студенттер тізімін жасақтау деканаттың құзырында.
11/7/12, 14:56
Нурсултан
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы! Мен ҚазАту университетінің терреториясында (бас ғимараттыңалдындағы көлік қою жағында) темекі шеккенде, ұсталындым, сосын түсінітеме жазып, кешірім сұрадым. Мен сол үшін оқудан шығарыламын ба?
Құрметті Нұрсұлтан! С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің аумағында шылым шегуге қатаң тыйым салынған. Менің 2012 жылғы 19 қазандағы рұқсат етілмеген орындарда шылым шегуді тоқтату туралы №491 бұйрығыма сәйкес, темекі шегіп университеттің Ішкі тәртіп Ережесін бұзған студент оқудан шығарылады.
11/7/12, 08:05
Жамаш Сандуғаш
Ассалаумагалейкум, Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев аға! Университетіміздің 55 жылдығымен құттықтаймыз. Халқына адал еңбек етіп, еңбегіңіз жеңісті болуын Аллах Тағала бұйыртсын. Сізден намазхан жайында сұрайын деп едім, мен Дін туралы заңды бұзайын деп отырғаным жоқ. Намазхан бауырларымызға намазхана деп аталмасада, шағын таза бір бөлме берсеңіз жақсы болушеді. Аллах Разы болсын)
Құрметті Сандуғаш! Университеттің 55 жылдығымен құттықтағаныңыз үшін Сізге өз алғысымды білдіремін. Барлығымыз оқу орнымыздың гүлденуі үшін белсенді жұмыс істеуіміз керек. Енді, намазхана туралы сұрағыңызға жауап бере кетейін. Қазақстан - көп ұлтты, зайырлы мемлекет. Республикада 130 ұлт пен ұлыстың, бірнеше діннің өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді. 2011 жылдың 21 қыркүйектегі Елбасы бекіткен «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік мекеме орындарында діни рәсімдерді жасауға шектеу қойылған. Қазақ агротехникалық университеті - мемлекеттік оқу орны. Сол себептен оқу және тәрбие жүйесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес жүргізіледі. Осыларды ескере отырып, сіз сұраған намаз оқитын бөлме тек мешіттерде ғана мүмкін болатындығын есіңізге саламын.
11/7/12, 01:39
Мәжитова Ұлболсын
Құрметті ректор мырза! 55-жылдық мерейтойдан кейін қаржы болмауы себепті біз қазан айының айлығын әлі алған жоқпыз. Бугин 7-ші қараша, университеттегілердің дені кредиті бар адамдар. Сұрағым; ақша жоқ болса несіне мерейтой тойлап шашылдық? Бухгалтерия ақша жоқ, деканат қашан болатын білмейді. Сонда ондай той тойлап не керегі бар еді?
Құрметті Ұлболсын! Университетіміз акционерлік қоғам ретінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын басшылыққа алып қаржылық-шаруашылық қызметін алдын-ала бекітілген жоспар бойынша жүзеге асырады. Сондықтан университет 55-жылдығы алдын-ала бекітілген жоспар бойынша жүргізілді және де бұл мерекелік шараны ұйымдастыруға шыққан шығынның жалақы қорына ешқандай қатысы жоқ. Ұжымдық келісім-шартта (2.15 тармағы) жалақы келесі айдың 10-на дейін беріледі деп көрсетілген. Бірақ мен осы мәселеге байланысты арнайы жиналыс өткізіп, бухгалтерияның басшылығына қызметкерлердің жалақысын әр айдың алғашқы аптасында беру туралы талап қойдым.