Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
12/25/13, 17:04
Молдир Дильдабекова Кыдырбайкызы
Сәлеметсізбе мен колледждi бітірген сон, әлеуметтік жумыс мамандагы бойынша мен сиздерге түсу ушин неше пәннен тест тапсырамын
Құрметті Мөлдір! 5В090400 – «Әлеуметтік-мәдени сервис» мамандығына колледжден кейін оқуға түсу үшін міндетті түрде кешенді тестілеу тапсырып, мүмкін болатын 100 баллдан кем деген 50 балл жинауыңыз тиіс. Тестілеуді келесі пәндер бойынша тапсырасыз: математика, Қазақстан тарихы, қазақ немесе орыс тілі және таңдау бойынша пән (география – аталған мамандық үшін). Ескерту: аталған мамандықта қысқартылған бағдарламамен оқу мүмкіндігіне колледжде бітірген мамандығы сәйкес келетін талапкерлер ғана құқылы. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
12/24/13, 12:22
Манапов Қажығали
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы сізге қояр сұрағым келесі семестрден бастап 5 күндік оқу жүйесі бола ма әлде 6 күн болып қала бере ма екен? Рахмет.
Құрметті Қажығали! 2013-2014 оқу жылының 2 семестріне сабақ кестесі 5 күнге жасалу жоспарлануда.
12/20/13, 20:27
Қолдабаев Бағдат
Сәлметсіз бе! Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы! Сізге қойайын деген сұрағым, президенттік стипендияны алу үшін міндетті түрде белсенді студент (активист) болу керек па? Және де дене тәрбиесі пәнінен 1 семестрда 78 балл алдым ол президенттік стипендияға әсер ете ма?
Құрметті Бағдат! Президенттік стипендияға толық екі курсты үздік бағамен аяқтаған студенттер ғана үміткерлер болып табылады. Дене шынықтыру пәні жалпы білім беру пәндеріне жататындықтан, пәннің бағасы да есептелінеді. Сонымен қатар, Президенттік стипендия республикалық және халықаралық олимпиада, шығармашылық конкурстардың, спорт жарыстардың жеңімпаздарына, университеттің мәдени өмірінде белсенді қатысушыларына тағайындалады.
12/17/13, 19:27
Мұса Жансая
Құрметті, Акылбек Қажығұлұлы! мен 1 курс студентімін,ақылы түрде оқимын, алыстан келіп отырмын, көп балалы отбасынан боламын. Маған жатақхана ауадай қажет. 4 айдан бері орын жоқ деген себеппен кезекте тұрмын. өтініш сіздін комегініз керек.
Құрметті Жансая! Жатақханаға кезекте тұрған студенттер саны көп. Қазіргі уақытта грантта оқитын студенттерді де жатақханамен толық қамтамасыз ете алмай отырмыз.Сондықтан кезекті күтуге тура келеді.
12/17/13, 02:48
Халиев Бақытжан
Ассаламағалейкум Ақылбек Қажығұлұлы Мен техникалық факультететтің 1 курс студентімін. Сізге қояр сұрағым: Мен әскери кафедрада оқығым келеді,бірақ мен шетел азаматымын,яғни Өзбекстан,бірақ менің әке-шешем Қазақстанда тұрады,мен құжаттарымды 2014 жылдың қаңтар айына дейін ауыстырып әкелсем маған көмектесесіздер ме? Алдын ала рахмет...
Құрметті Бақытжан! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 ақпандағы № 118 Қаулысымен бекітілген «Азаматтарды әскери қызметке даярлау, оны ұйымдастыру мен өткізу, сондай-ақ алғашқы әскери дайындықтың оқу-материалдық базасын қалыптастыру ережесінің» 79- тармағына сәйкес әскери дайындыққа студенттер – Қазақстан Республикасының 27 жасқа дейінгі, денсаулығы бойынша әскери қызметке жарамды азаматтары қабылданады. Егер сіз іріктеу басталар кезде тиісті құжаттарыңыз дайын болып, Қазақстан Республикасының азаматтығын алсаңыз, онда іріктеуге қатысуға құқығыңыз бар. Әскери кафедраға іріктеу 2014 жылғы наурыз айынан басталатыны жоспарланған.
12/15/13, 20:02
Мадияр
Күрметті Ақылбек Кажығулулы! Сізге мынадай сұрағым бар. Неліктен Университетіміздің электронды кітапханасына сырттан немесе жатақханадан кіруге болмайды? Тек бас ғимараттың кітапханасынан кіруге болады.
Құрметті Мадияр! Электронды кітапхана қорлары (http://portal.kazatu.kz/e-books/) 2013 жылдың 23 желтоқсанынан бастап «Platonus» ААЖ «Кітапхана» тармағында толтыру шамасы бойынша қол жетімді болады.