Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
12/12/13, 17:57
Дастан Рүстем
Саламатсыз ба, құрметті, Ақылбек Қажығұлұлы! Мен, Дастан Рүстем қазыр Ш.Есенов атындағы Каспий мемелекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде 1 курс \"Теплоэнергетика\" мамандығы бойынша колледжден кейінгі білім алып жатырмын. Грант иегерімін. 1 семестрден соң өз мамандығым бойынша Сіздің университетіңізге ауысқым келеді. Себебі, тобымның жабылуына байланысты. Сізден өтініш: қалай ауысуға болады, ауысу жолын көрсетіп жіберсеңіз? Алдын ала Рахмет. Аса құрметпен Дастан Рүстем.
Құрметті Рүстем! Біздің университетке ауысу мәселесімен энергетикалық факультетінің деканатына хабарласуыңызды сұраймын. Байланыс телефоны: 8 (7172) 31-75-26.
12/11/13, 21:42
Қайсар
Сәлеметсізбе Ақылбек Кенжығлұлы мен сіз басқарып отырған жоғарғы оқу орнының 3 курс студентімің қойар сұрағым КазАТУ ғылыми зерттеу университеті болып құрыладыма сол қаншалықты рас? егер рас болса қай уақытта рахмет!!!
Сәлеметсізбе Қайсар! С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті негізінде республикамыздағы бірінші аграрлық ғылыми зерттеу университетінің құрылуы жоспарлануда. Қазіргі таңда алдын-ала дайындық жұмыстары жүргізілуде, атап айтқанда университет концепциясы әзірленуде. Ғылыми зерттеу университеті ретінде біз 2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қызмет атқарамыз.
12/4/13, 10:24
Мұқан Алтыншаш
Сәлеметсізбе. Сіз студенттерді қай кундері қабылдайсыз және сізге қалай жазылуға болады.
Құрметті Алтыншаш! Студенттерді қабылдау күні, әр аптаның жұмасында сағат 15.00-16.00 аралығында. Қабылдауға сол күні сағат 9.00-11.00-ге дейін жазылуға болады.
11/26/13, 18:11
Шынар
Курметти Акылбек Кажыгулулы! Менин сизге кояр сурагым!Сессиянын точно битер уакытын айтасызба?Уйге кайтарга билет алайын десем сабак точно кай уакытта битерин билмей жатырмын!Алдын ала рахмет!
Құрметті Шынар! Бекітілген академиялық күнтізбеге сәйкес қысқы емтихан сессиясы 16.12.2013 – 03.01.2014 ж. аралығында болады.
11/26/13, 11:39
Есенбердиев Аят
Сәлеметсізбе! мен 1ші курс студентімін. Егер 1ші сессиядан бір сабақтан 3 болып қалса, онда жазғы оқуға қаламынба (летник) әлде стипендиямды алып тастап, оқуымды әрі қарай жалғастыра беремін бе? осы жайлы айтып берсеңіз, рахмет!
Құрметті Аят! Университет ережесіне сәйкес, егер студент сессия тапсыру барысында бір сабақтан «қанағаттанарлық» баға алса, ол жазғы семестрге қалдырылмайды, бірақ степендиясы сақталмайды.Оқуын жалғастыра береді.
11/26/13, 11:14
дауленбай Абай
Салеметсизбе ректор мырза мен казак ултык аграрлык университетне аграрлык техника жане технология мамандыгы бойнша грантка тустим бйыл сизге кояр сурагым осы мамандык бойнша сиздин университетке гран негезинде ауыса аламба жане ауысу жолдарын тусиндирсениз? Алдын ала размер
Құрметті Абай! С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Аграралық техника және технология» мамандығына ауысуына болады. Ол үшін сессияны толық жауып, университеттің ректоры атына ауысу бойынша өтініш жазу керек, өтінішке қарсы емеспіз деген ректордың қолы және мөрі болуы қажет. Осы өтініштің тұп нұсқасын алып, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университет ректорының атына «Аграралық техника және технология» мамандығына қабылдауыңызды сұраймын деп өтініш жазу керек және сонымен қоса транскрипт (тұп нұсқасы), сынақ кітапшасының, жеке куәлігінің, грант сертификатын көшірмесі керек. Толық ақпаратты мына телефон арқылы 8(7172) 39-73-99 техникалық факульттетің деканатынан сұрауға болады.