Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
11/21/14, 16:35
Жазира Даирова Мадиевна
Сәлеметсізбе. Сіздерге бірінші семестрдан кейін ауысуға болама? Мен Тұран-Астана университетінің бірінші курс студентімін. Сіздерде экология факультетінде оқығым келеді мүмкін болса.
Құрметті Жазира! Сіз оқып жатқан университеттен біздің университетке ауысуға толық мүмкіндігіңіз бар, қажетті құжаттар тізбесін kazatu.kz сайтындағы «Оқу бөлімі» бетінен ала аласыз. Толық ақпаратты агрономия факультетінің деканатынан 39-38-47 телефоны арқылы алуға болады.
11/18/14, 16:32
Перне Жансейіт Ыхтиярұлы
Сәлеметсіз бе? Мен Перне Жансейіт Агрономия факультетінің студенті едім. Белгілі себептерге байланысты оқу орнынан студенттер қатарынан шығарылдым. Басқа оқу орнына ауысуға байланысты маған академиялық анықтаманы және транскриптті факс арқылы алуға болады ма? Мен қазір Шымкент қаласынан байланысып отырмын.
Сәлеметсіз бе? Перне Жансейіт Сіз сұрап отырған академиялық анықтама жеке іс-қағазыңызбен бірге беріледі. Ал жеке іс-қағазыңызды алу үшін өзіңіз оқып жатқан ЖОО-ны біздің университетке сізді оқуға қабылдағанын көрсете отырып, жеке іс-қағазыңызға деген сұраныс хатын жіберуі қажет. Сондықтан академиялық анықтама факс арқылы жіберілмейді, ал транскриптті факс арқылы алуға болады.
11/18/14, 16:02
Сарымсаков Ерлан Камалбек
Салеметсізбе Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы Мен ҚазАТУдың ВжМШТ факультетінің 1-курс студенті едім оку жылының басында маған №6 жатаханадан орын берілген болатын рахмет әрине мен өзім Жетісай ауылынан боламын осы жақында жатаханада байқаусызда ас дайындау барысында ыдысым куйіп кеткен болатын ,соған байланысты мені жатаханадан шығарып жатыр. Сізден сұрарым маған тағы 1 мүмкіндік беріңіздерші менің Астана қаласында туыстарым жоқ еді және өзім көп балалы отбасынанмын анам жұмыссыз,ӨТІНЕМІН мені кешіріңіздерші маған соңғы мүмкіндік беріңізші менің шығуыма 2 күн қалды сонда мен ДАЛАДА қаламынба?осы өтінішімді қарауыңызды СҰРАЙМЫН
Құрметті Ерлан! Студенттік жатақханада өрт қауіпсіздігін сақтау қатаң талап етіледі. Себебі студенттердің қауіпсіздігі үшін қажет. Жатақханада тұру ережесін өрескел бұзғандықтан, өзін өзі басқару құқығына ие Студенттік кеңес Сізді жатақханадан шығаруға шешім қабылданған. Ереже барлық студентке ортақ, сондықтан қайта қарауға мүмкіндік жоқ.
11/4/14, 21:47
Өтенбаева Нұрлы
Салеметсізбе. Мен 2курс студентімін. Қазакстаннын озге каласына мобилность пен 1семестр окып келу ушин не істеуім керек,кайда,кімге жолыкканым дурыс?
Құрметті Өтебаева Нұрлы! Сіз басқа оқу орындарында академиялық ұтқырлық бойынша білім алу туралы толық ақпаратты университетіміздің Бас ғимаратында орналасқан №2 «а» кабинетінен біле аласыз.
10/11/14, 15:41
Мансуров Ерғалиұлы Бектөре Ерғалиұлы
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы сіздерде биылғы 2014-2015 жылғы студенттік конференция кашан болады?
Құрметті Бектөре Ерғалиұлы! С. Сейфуллиннің 120 жылдығына арналған «СЕЙФУЛЛИН ОҚУЛАРЫ – 10: мемлекеттің индустриалды-инновациялық саясатын құрудағы бәсекеге қабілетті кадрларды дайындаудағы келешегі мен ғылымның рөлі» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы 2014 жылы қазан айының 23-24 күні өткізіледі. Толық ақпаратты келесі сілтеме бойынша алуға болады: http://kazatu.kz/?id=933&lang=kz.
10/6/14, 21:33
Романов Рамазан
ҚазАТУ ректоры Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев мырза Сурагым Жылу энергиясына сырттай болими барма Жанеде сырттай болимге кужаттар кайдай уакыт аралыгында кабылданады
Құрметті Рамазан! Қазақ агротехникалық университетінде сырттай білім алу тек жоғары білім негізін ғана қабылданады (екінші жоғарғы білім алу), жылу энергетика мамандығы бойынша сырттай және қашықтықтан оқыту жоқ