Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
10/3/14, 23:55
Бердіханова Багылан Бердіханқызы
Құрметті ректор мырза! Менің сізге қояр сүрағым: \"Үздік диплом\" алу үшін қойылатын талаптар туралы білгім келеді. \"Үздік диплом\" алуға өндірістік тәжірибедегі төрттік бағалар әсері бар ма? Сізге алдын ала рахмет!Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!
Құрметті Бағылан! Сіздің сұрағыңыз бойынша қызыл диплом алу талаптары өзгеріссіз қалады, яғни: - Мемлекеттік емтихандарды және диплом жобасын тек «үздік» бағамен қорғау қажет; - Барлық оқу жыл барысында «қанағаттанарлық» бағаның болмауы; - Барлық оқу жыл барысында бағаны түзету, көтеру мақсатында «қайта тапсыру емтихан парақшаларының» болмауы; Барлық оқу жыл барысындағы сабақ үлгерімінің GPA баллы – 3,5 жоғары болуы қажет
9/20/14, 10:48
Шектібаева Айгерім Қуандыққызы
сәлеметсізбе!!! мен 1 семистрдан кейін сіздерге дезайн мамандығына ауыса аламынба??? және де сіздерде дезайн мамандығына оқу ақысы қанша???
Құрметті Әйгерім Қуандыққызы! Егер сіз С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-да оқысаңыз сіз сәулет өнері факультетінің деканатына келіп толық ақпар алуыңызға болады. Егер басқа университетте оқитын болсаңыз ауысу мүмкін емес, себебі топта студенттер саны толық. Қосымша сұрақтарыңыз болса 39 75 59 телефоны арқылы толыққанды жауап ала аласыз.
9/12/14, 07:12
Abu Aliman
Салеметсизбе Акылбек Кажыгулулы. Мен Энергетикалык факультеттин 3 курс студентимин. Мамандыгым Электрэнергетикасы. Мамандыгым бойынша жумыска турсам, сабакка еркин турде катысу деген биздин университетимизде жагдай карастырылганба? Рахмет!
Құрметті Алиман! Күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттердің басты міндеттерінің бірі оқу сабағына кесте бойынша қатысуы.
9/5/14, 21:50
Мансуров Ерғалиұлы Бектөре Ерғалиұлы
Құрметті ҚазАТУ ректоры Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев мырза!!! 2014 жылы ҚазАТУ-да қазан-қараша айларында студенттік конференция болатыны туралы естіген едім. Осы мәлімет жайлы толығырақ айтып жібересіз бе???
Құрметті Бектөре Ерғалиұлы! С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде жыл сайын өткізілетін дәстүрлі «Сейфуллин оқулары-10» атты Республикалық ғылыми-теориялық конференция 2014 жылдың қараша айында өткізіледі. Конференция жайлы толық ақпаратты және өтетін күні туралы хабарды университеттің ресми сайтынан біле аласыз.
9/1/14, 17:17
Айдаров Медет
Салеметсизбе! Мен Л.Н.Гумилев атындагы Еуразия Улттык Университетинин \"экономика\" мамандыгынын магистрантымын (1-курс). Сиздин университетинизге грантты сактай отырып ауысуга мумкиндик бар ма? Бар болса, онын койылатын талаптары кандай?
Сәлеметсізбе Медет! Сіздің қойған сұрағыңыз бойынша грантты сақтай отырып, біздің университетке ауысу мүмкін емес, өйткені мемлекеттік білім гранты Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетіне арнап бөлінген. Екіншіден, бір жоғары оқу орнынан екінші жоғарғы оқу орнына ауысу тек қана демалыс уақытында жүргізілетіндігін ескертеміз. Қосымша ақпаратты жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінен біле аласыз. Байланыс телефоны: 38 61 53.
9/1/14, 00:33
Базаркан Нургул
Сәлеметсіз бе! Маган жатахана берілмегендіктен, қазіргі уақытта үй жалдап турып жатырмын. Үйім алыста Қосшы жақта тұрамын. Қаржы мәселесіне байланысты, маған ауыр болып жүр. Және де жол ақысы қымбаттап кетті. Өтінерім маған проездной бере аласыздар ма? Жарты ақшасын босын төлеп берсем. Алдын ала рахмет
Құрметті Нұргүл! Астана қалалық әкімшілігінің қолдауымен берілетін тегін жол ақы билеті тек көп балалы отбасынан шыққан студенттерге беріледі. Cіз мемлекеттік грант негізінде оқитын болсаңыз, студенттік кәсіподақтан 1 рет берілетін материалдық көмекке өтініш білдіре аласыз.