Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
11/9/15, 08:21
Жораев Жәнібек Мамадиярұлы
Сәлеметсізбе Ректор мырза. Мен техникалық факультеттің 4 курс студентімін. Осы оқу орнына түскелі " Шабыт " ұлт-аспаптар оркестрінде домбырада ойнаймын. Осы жылға дейін жатақханада тұрып келем, және осы жылға бір рет қана түсініктеме алдым. Бір ауыз жаман сөзге бола. Соған жатақханадан шығарайын деп жатыр. Ол әділетсідік емес қой. Менің баратын жерім жоқ сол себепті жатақханада тұрып келем. Ешқандай шара қолданбай мені шығарайын деп жатыр. Бүгін жатақхананы босат деп жатыр. Анам жалғыз өзі. Әкем жоқ. Сол себепті осы мәселені қарауыңызды өтінемін, және жауабыңызды күтемін.
Құрметті Жәнібек! Оқу орнымыздың абыройын қорғап, білімімен, тәрбиесімен атына кір келтірмеу – әрбір студенттің міндеті. Сізге белсенді студент ретінде 4-курсқа дейін қолдау жасалды. Егер жатақханада тұру тәртібін бұзсаңыз, ережеге сәйкес шешім шығарылады (ереже барлық студентке бірдей).
10/4/15, 23:25
алла иванова
Салеметсіздер ме? Біз студенттер айтқымыз келгені, агрофакта Ботабекова Гулнар апай лексия өтпей сабак түсіндірмей біз тек көшірумен айналысамыз . Осы дұрыс па? Сосын біз тест калай тапсырамыз? Бізге баға да коймайды. Ол сабак бере алатын мұғалімге ұксамайды. Осы апайдын сабағын тексерсеніздер екен немесе алып тастаныздаршы.
Құрметті Алла! Сізбен байланысу мүмкін болмады. Көрсетілген ұялы телефон номері мүлдем басқа адамдікі болып шықты. Егерде нақты дәлелдеріңіз болса арызыңызды әрі қарай қарастыруға дайынбыз. Тек аты жөндеріңізді немесе ұялы телефондарыңызды нақты жазсаңыздар.
9/28/15, 23:24
Кенесканова Дана Мараткызы
Салеметсіз бе агай. Әлемдік экономика факультеті бар ма? басқа университеттен сіздерге 1 курстан кейін ауысуга бола ма? түсекте общежитие беріле ме? оқу жылына канша төлейді? Сизге алдын-ала рахмет.
Құрметті Дана! С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университетінде «Әлемдік экономика» мамандығы жоқ. Басқа университеттерден ауысу уақыты қысқы және жазғы демалыс кезіңде болады. Ауысу талаптары Білім және Ғылым Министрлігінің талаптарына сәйкес жүреді. Жатақхана мәселесі комиссия отырысында шешіледі. Алдымен 1 курс студенттері мен әлеуметтік жағдайы төмен студенттерге беріледі. Жылдық оқу ақысы мамандыққа байланысты. Толық ақпаратты экономикалық факультеттің деканатынан біле аласыз, тел +7 (7172) 317566
9/26/15, 15:46
Абдікәрим Толқын Маратқызы
Сәлеметсіз бе! Мен агрономия мамандығына биыл окуға түскенмін. Алматы қаласына аусуға болады ма?( отбасылық жағдайға байланысты) Болатын болса грант сақтала ма? Және біржолата ауыса аламын ба?Қай кезде болады?
Құрметті Толқын Маратқызы! Сіздің қойған сұрағыңыз бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №110 қаулысымен бекітілген және 2013 жылдың 10 сәуіріндегі№328 қаулысымен бекітілген "Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларына" сәйкес білім алушыны бір ЖОО-нан екіншісіне ауыстыру рәсімі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: 1. Білім беру гранты бойынша білім алатын студент білім беру грантын сақтай отырып басқа ЖОО-ға ауыса алады. Жекелеген ЖОО-дар үшін бекітілген білім беру гранты бойынша нысаналы орындарға, сондай-ақ бөлінген квота шегінде педагогикалық мамандықтарға түскен студенттер басқа ЖОО-ға тек ақылы негізде ғана ауыса алады. Студенттер мен магистранттарды басқа ЖОО-дан ұлттық ЖОО-ға ауыстыру тек ақылы негізде ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте студенттің үлгерімі өте жақсы және жақсы болуы, сондай-ақ ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің сертификатындағы балл саны 60-тан төмен болмауы тиіс. Ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің сертификаты болмаған жағдайда, студент ауысу туралы бұйрық шыққанға дейін кешенді тестілеу тапсырады. Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.04.2013 № 328 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 2. Басқа ЖОО-ға ауысуға ниет білдірген білім алушы білім алып жатқан ЖОО басшысының атына ауысу туралы өтініш береді және ауысуға мөрмен бекітілген жазбаша келісім алып, қызығушылық танытқан ЖОО басшысына өтініш білдіреді; 3. Қабылдаушы ЖОО басшысының атына жазылған ауысу туралы өтінішке оқу ісі жөніндегі проректор мен офис-тіркеуші қол қойған, мөрмен бекітілген транскрипттің, ұлттық бірыңғай тестілеуді немесе кешенді тестілеуді (бакалавриат үшін) тапсырғаны туралы сертификаттың, түсу емтихандарын тапсырғаны туралы сертификаттың (магистратура және докторантура үшін), білім беру гранты иегері куәлігінің (егер грант иегері болса), оқыған ЖОО басшысының атына жазылған өтініштің (басшының қолы қойылып, мөр басылған) көшірмелері қоса берілуге тиіс; 4. Факультет деканы (институт директоры) ұсынылған құжаттардың негізінде оқу жоспарларындағы пәндер айырмашылықтарын айқындайды және меңгерілген пререквизиттерге сәйкес оқу курсын белгілейді, білім беру бағдарламасына сәйкес меңгерілген кредиттерді қайта есептейді және тіркеу бөлімімен келісім бойынша білім алушының жеке оқу жоспарын бекітеді; 5. Факультет деканы (институт директоры), оқу бөлімінің (оқу-әдістемелік бөлім немесе басқарма) бастығы, ЖОО басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары қойған бұрыштамаларға сәйкес ЖОО басшысы білім алушыны ауыстыру туралы бұйрық шығарады; 6. Білім алушы ауысатын ЖОО-ның басшысы бұйрық шыққан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде білім алушы бұрын оқыған ЖОО-ға оның жеке іс қағаздарын жіберу туралы жазбаша сұрау жолдайды. Сұрауға білім алушыны ауысу тәртібімен қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі. 7. Бір ЖОО-дан екіншісіне білім беру гранты негізінде білім алушыны ауыстыру кезінде қабылдаушы ЖОО-ның басшысы білім алушыны қабылдау туралы бұйрықтың, көшірмесін оның атына жазылған білім беру гранты куәлігінің көшірмесімен бірге білім беру саласындағы уәкілетті органға және тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісіне ЖОО-ның қаржыландыру көлемін түзету үшін ұсынады. 8. Білім беру гранты бойынша білім алушы бір ЖОО-дан екіншісіне бір курсқа төмен ақылы негізде ғана ауысуы мүмкін. 9. Білім алушыны бір мамандықтан екіншісіне, бір оқыту нысанынан екіншісіне ауыстыру ақылы негізде оқу үшін ғана жүзеге асырылады. Сол себептен сіз 1 семестрден кейін 5В08100-Агрономия мамандығы бойынша Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық аграрлық университетіне тек ақылы негізде ауыса аласыз. Осы мамандық бойынша оқыту жүргізетін басқа ЖОО-на білім беру гранттарын сақтай отыра ауыса аласыз.
8/31/15, 21:15
Абдулазисова Перизат Бактияркызы
Саламатсызба агай! Экономикалык факультетке мугалимдерди жумыска алып жаткан жоксыздарма? Мен Маскеу Авиациялык институтын тамамдадым. Казакша да орысша да группаларга сабак бере аламын. Озим Кызылорда облысы Байконыр каласынан келип отырмын. Сиздин жауабынызды кутемин.
Құрметті Перизат Бактиярқызы ! Қызметкерді жұмысқа қабылдау бос жұмыс орны болған жағдайда ғана конкурс негізінде жүзеге асырылады. Өкінішке орай, Сіз, кешігіп қалдыңыз. Бірақ, Сіз, түйіндемеңізді кафедра меңгерушілеріне таныстыру үшін жіберуіңізге болады. Болашақта бос жұмыс орны бар болса және сіздің біліктілігіңіз талаптарға сәйкес келсе, кандидатураңыз қарастырылу мүмкін.
8/29/15, 11:50
Ашанова сымбат жумабайкызы
Сәлеметсіз бе ! Мен биыл яғни 2015 жылы осы универдин жерге орналастыру мамандыгына грантка тускен едим. Енди сұрағым оку жылы басталмай Алматы каласына ауысып кетсем болама?
Сәлеметсізбе, Ашанова Сымбат! Ереже бойынша бірінші семестрден кейін басқа университетке ауыса аласыз.