Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
8/24/15, 15:26
Хангереева Акмарал Болатовна
Сәлеметсіз бе Ақылбек Қажығұлұлы!!! Сізге улкен құрметпен хат жазушы биылғы жылғы студенті Хангереева Анара Маликовнаның апасы ретінде Студенттік жатақханадан орын беруге көмек етуіңізді сұраймын.
Құрметті Ақмарал! Студенттік жатақханадан орын алу үшін, ай сайын жұмыс жасайтын тұрғын-орын комиссиясының қарауына өтініш беруге мүмкіндігіңіз бар. Ол үшін әлеуметтік жағдайыңызды растайтын анықтамаларыңызды тіркеп, өз факультетіңіздің деканатына кезекке тұруға өтініш тапсырасыз (өтініштер 2 қыркүйектен бастап қабылданады).
8/23/15, 01:17
Кекентай Акерке Айдынкызы
Сәлеметсиз бе!Экономикалық факультетке түсіп едім,сабақ қашан басталады?
Құрметті Ақерке! Экономикалық факультетінің 5В050700-Менеджмент мамандығы бойынша (қазақ бөлімі) сабақ 2015ж. 27 тамыз айында сағат 09.35 басталады. Сабақ кестесі бас ғимаратының 4 қабатында ілініп тұр.
8/14/15, 23:28
Муратова Дана Рзагалиевна
Салематсызба!Электроэнергетико мамандыгынын акысы канша жылына?Общежитие канша айына?
Құрметті Дана Рзагалиевна! Сіз студенттік жатақханадан орын алсаңыз, бір оқу жылына 22 850 теңге тұру ақысын, 6750 теңге интернет төлемақысын төлейсіз.
8/14/15, 00:54
Бекболат Жандос
2015-2016 оку жылына акылы бөлімге окуга құжаттар қай күнге дейін созылад.Ақылы боөлімге алдн ала кала толеймиз менендментке
Құрметті Жандос! Құжаттарды 25 тамызға дейін қабылдаймыз.
8/13/15, 18:38
Қадыржан Қайсарәлі Нұрланұлы
Сәлеметсіз бе?!2015-2016 оқу жылының төлем ақысын қалай білуге болады 1-курс 5B071900,5B070400
Құрметті Қайсарәлі Нұрланұлы 2015-2016 оқу жылының 1 курс 5В071900 төлем ақысы - 390 000 (Үш жүз тоқсан мың) тенге. 5В0704000 төлем ақысы – 350 000 (Үш жүз елу мың) тенге.
8/13/15, 16:48
назарбаева акерке алтынбеккызы
Сәлеметсіз бе Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев!Мен,Акерке Назарбаева Семей каласынан хабарласып отырмын.Ент-дан жалпы 92 балл,орыс тилинсиз 76 балл алдым.Тандау пән хииия.Казатуга еки мамандык бойынша:азык-тулик технологиясы жане кайта ондеу технологиясы(сала бойынша) грантка катысып едим,бирак баллым жетпеди.Енди сизге кояр сұрағым:1.Осы аталған еки мамандыктын биреуине ақылы бөлімге тусе алам ба? 2.Осы мамандықтардың 2015-2016жжылдағы ақысы қанша тұрады?3. Ақылы бөлімде окысам жатаханада тура алам ба?Астанада туратын жерім жоқ. 4.Акылы бөлімде окып журип грантка ауысуга мүмкіндігім бар ма?Осы сурактарымды оқып,толық жауап кайтарар деген сенимдемин.Сизге алдын-ала рахмет.
Құрметті Акерке! Ақылы түрде құжаттарды 25 тамызға дейін қабылдаймыз. Аталған екі мамандық бойынша жылдық оқу ақысы 350 мың теңге. Жатақхана мәселесі және ақылы бөлімде оқып бос грант орындарына аусу сұрақтары бойынша техникалық факультеттің деканына хабарласыңыз. Тел. 39-73-30.