Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
8/20/16, 22:49
Edige Venera Edigeevna
Сәлеметсізбе?!Мен осы жылы сіздердің университтетеріңізге түсіп едім.Енді жатақxанаға тұрайын десем себепті құжаттар сұрап жатыр(көп балалы,жетім ж/е т.б).Менде ондай құжаттар жоқ,яғни ондай құжаттар ала алмаймын.Енді қалай жатақxанада тұруға болады?Астанада тұратын үйім жоқ.
Құрметті Венера Едігеқызы! С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің жатақханасына орналастыру үшін, студенттің біріншіден әлеуметтік жағдайы ескеріледі (көп балалы отбасынан шыққандығы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандығы және т.б.) Егер осы аталған әлеуметтік жағдайды растайтын құжаттарыңыз болмаса, Сіздің жыл бойы жұмыс атқаратын тұрғын орын комиссиясына қатысуға мүмкіндігіңіз бар.
8/16/16, 11:25
Нарыкова Бақыт Мақсатқызы
Сәлеметсізбе. Мен грант конкурсына қатысып іліге алмадым, ақылы түрде күндізгі оқуға қай уақыт аралығында қабылдайсыз? Байланыс телефондарыңызбен хабарласа алмай отырық.
Құрметті Бақыт Мақсатқызы! Оқуға қабылдау 10-28 тамыз аралығында жүзеге асырылады. Оқуға қабылдау ҰБТ (маусым), ТКТ (шілде), қайта тестілеу (тамыз) нәтижелері негізінде жүзеге асырылады. Анықтама телефоны: 31-75-56
8/16/16, 07:53
Өмірбай Ырысбек Қыдырбекұлы
Ассалаумағалейкум! Сізден сұрайын дегенім Есеп және аудит мамандығын ақылы негізде қанша және толығырақ мәлемет берсеңіз,рахмет!
Құрметті Ырысбек Қыдырбекұлы! Экономика факультетінің 5В050800-Есеп және аудит мамандығы бойынша күндізгі оқу бөлімінің 1 курс студенттеріне 2016-2017 оқу жылына оқу ақысы 375000тг құрайды. Оқу мерзімі аталған мамандық бойынша 4 жыл.
8/12/16, 07:25
Қапаш Фариза Нұркенқызы
Салеметсізбе Ақылбек Қажығұлұлы. Мен Қапаш Фаризаның (407 топ (көп тілді) экология) анасымын Капашева Айгүл Амандыққызы.Сізге деген бір өтінішім бар еді, оқудың ақшасын толық желтоқсан айында толеуге бола ма? Себебі екінші балам биыл Қарағанды Политех Университетіне оқылы түрге оқуға түсті. Қызым оқуын жақсы оқиды. Деканатқа өтініште жазып кеттік.
Құрметті Фариза Нұркенқызы! Мұндай мәселелер бойынша агрономия факультетінің деканатына хабарласып, өтініш жазуыңызға болады. Негізі оқудың төлем ақысын бөліп төлеу бойынша өтініштер әр семестр алдында жазылады. Деканат телефоны: 39-38-47
8/11/16, 15:21
шырдай мадина қайыржанқызы
саламатсыз ба ? 4 маммандықты таңдап конкурсқа түскенде 2 мамандықтан білім грантын алу мүмкін бе
Құрметті Мадина Қайыржанқызы! Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау ережесі бойынша грантты 2 мамандық бойынша алу мүмкін емес. Конкурсқа өтініш бергенде талапкер 4 мамандықты таңдап, көрсетуге құқылы, бірақ 1 ғана мамандық бойынша грант иегері атана алады, тестілеу нәтижесінде өзінің алған балл мөлшері мамандықтың межелдік баллына сәйкес келген жағдайда. Анықтама телефоны: 31-75-66
8/10/16, 14:25
Өмірзақова Келбет Бауыржанқызы
Сәлеметсізбе! Мен конкурсқа қатысып осы КазАТУдағы ветеринарлық медицинаға түстім,енді қандай документ тапсырамын және өтініш жазады дейді оны универге барып жазамын ба?
Құрметті Келбет Бауыржанқызы! Оқуға қабылдау 10-28 тамыз аралығында жүзеге асырылады. Қажетті құжаттар, конкурсқа өткізген құжаттардай, қосымша өзіңіздің әлеуметтік статусыңызды растайтын құжаттар. Анықтама телефоны: 31-75-56