Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
8/5/16, 07:47
Исмағамбет Берікбол Серікқазыұлы
Сəлеметсіздерме сізге қояр сұрағым мен физика пəнің тандағам 94 балл алдым орыс тілсіз 76 балл грантқа үміт барма ?
Құрметті Берікбол Серікқазыұлы! Биылғы 2016 жылғы конкурс нәтижесінде таңдау пәні физика болып табылатын университетіміздің мамандықтары бойынша (қазақ бөліміне, ауылдық квотамен) кемінде 77 балл жинаған талапкерлер мемлекеттік білім гранты иегері атанды. Басқа мамандықтар бойынша шектік балл мөлшерін 2016 жылғы 10 тамыздағы «Егеменді Қазақстан» газетасынан Мемлекеттік білім гранттары иегерлері тізімі бойынша анықтай аласыз. Анықтама телефоны: 31-75-56
8/4/16, 16:58
Кахаров Орынбасар Маратұлы
Құрметті А.Қ.Күрішбаев мырза.Мен 11 сыныпқа өттім.Таңдау пәнім география. Менеджмент мамандығына оқығым келеді.Ол үшін қанша бал жинау керек? Әлде оған тек алтын белгілер түсе ала ма?Ал басқаларға орын бар ма? Жауабыңызға алдын ала рахмет!
Құрметті Орынбасар Маратұлы! Биылғы 2016 жылғы конкурс нәтижесінде аталған мамандық бойынша тек қана «Алтын белгі» төс белгісі бар талапкерлер мемлекеттік білім гранты иегері атанды. Келесі жылы конкурс нәтижесі бөленген гранттар мөлшері мен талапкерлерден түскен өтініштер санына байланысты болады. Анықтама телефоны: 31-75-56
8/3/16, 19:46
Орынбасар Назар Сыражадин
Сәлеметсіз бе Ақылбек Қажығұлұлы! Мен ҰБТ дан орыс тілінсіз 80 балл жинап ҚазАТУ ға тапсырып едім. Аграрлық техника және технология бойынша . Менің грантқа түсуге мүмкіндігім бар ма. Жалпы осы салаға сіздің университетіңізге қанша грант бөлінген. Жауабын асыға күтемін!
Құрметті Назар Сыражадин! Биылғы 2016 жылғы конкурс нәтижесінде аталған мамандық бойынша кемінде 77 балл жинаған талапкерлер мемлекеттік білім гранты иегері атанды. Анықтама телефоны: 31-75-56
7/26/16, 11:07
ТОКТАРБАЙ НҰРТУҒАН АСЫЛБЕКҰЛЫ
Саламатсызба? 2016-2017 жылдар үшін бөлінген гранттар тізімін жібере аласызба? Биология пәні бойынша.
Құрметті Нұртуған Асылбекұлы! Сіздің сұрауыңыз бойынша 2016-2017 оқу жылына арналған күндізгі оқу нысанындағы мамандықтар бөлінісінде жоғары білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы төменде көрсетілген: - 5В080100 – «Агрономия» – 325 грант, оның ішінде толық оқу нысанына 215 (161 қазақ бөліміне, 54 орыс бөліміне), қысқартылған оқу нысанына 110 (83 қазақ бөліміне, 27 орыс бөліміне); - 5В080200 – «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» - 270 грант, оның ішінде толық оқу нысанына 270 (203 қазақ бөліміне, 67 орыс бөліміне); - 5В080300 – «Аңшылықтану және аң шаруашылығы» - 15 грант, оның ішінде толық оқу нысанына 15 (11 қазақ бөліміне, 4 орыс бөліміне); - 5В080400 – «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» - 30 грант, оның ішінде толық оқу нысанына 30 (23 қазақ бөліміне, 7 орыс бөліміне); - 5В080800 – «Топырақтану және агрохимия» - 103 грант, оның ішінде толық оқу нысанына 103 (77 қазақ бөліміне, 26 орыс бөліміне); - 5В081100 – «Өсімдік қорғау және карантин» - 160 грант, оның ішінде толық оқу нысанына 160 (120 қазақ бөліміне, 40 орыс бөліміне); - 5В070100 – «Биотехнология» - 300 грант, оның ішінде толық оқу нысанына 300 (225 қазақ бөліміне, 75 орыс бөліміне); - 5B120100 – «Ветеринарлық медицина» - 486 грант, оның ішінде толық оқу нысанына 486 (365 қазақ бөліміне, 121 орыс бөліміне); - 5B120200 – «Ветеринарлық санитария» - 152 грант, оның ішінде толық оқу нысанына 102 (77 қазақ бөліміне, 25 орыс бөліміне), қысқартылған оқу нысанына 50 (38 қазақ бөліміне, 12 орыс бөліміне). Анықтама телефоны: 8 (7172) 31-75-56
7/23/16, 10:53
Тлепберген Асламбек Бекжанулы
Саламатсызба! Сізге қояр сұрағым мен биыл колледж аспазшы мамандығы бойынша колледж тамамдадым. Фермерское xозяйства, мен транспорттық мамандықтар бойынша жалғастырайын деп едім сіздерде. Кандай мамандықтарды ұсына аласыз. Және оқу ақысын білейін дегем сол мамандықтар бойынша. Раxмет!
Құрметті Асламбек! Аспазшы мамандығын аяқтауыңызға байланысты колледж мамандықтарының жоғары білім мамандықтарына сәйкес кестесі бойынша 5В0072700 – «Азық-түлік тағамдар технологиясы» мамандығы бойынша оқуды жалғастыра аласыз. Ол үшін кешенді тестілеу нәтижесінде кем дегенде 50 балл жинауыңыз керек, таңдау пәні - химия. Анықтама телефоны: 8 (7172) 31-75-56
7/22/16, 06:34
Мырза Елдос Сийдуллаұлы
Саламатсыз ба? Мен ҰБТ-ден 115, орыс тілінсіз 92 балл жинадым.Таңдау пəнім география. Ауылдық квота бар. Аттестат орта баллы 4,88. Сіздердің универлеріңізде оқығым келеді. Бағалау жəне Жерге орналастыру мамандығына грантқа түсе аламын ба? Жауабыңызға рахмет!
Құрметті Елдос! 2015 жылдың нәтижесі бойынша 5В090800 – «Бағалау» және 5В090300 – «Жерге орналастыру» мамандықтары бойынша ауылдық квота конкурсымен 90 баллмен мемелекеттік грант иегері атанған. Сізге аталған нәтижелер бағыт-бағдар беру үшін көрсетілген, себебі 2016 жылғы грант иегерлері қандай баллмен оқуға түсетіндері белгісіз. Анықтама телефоны: 8 (7172) 31-75-56