Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
9/21/17, 05:41
Нурмуханкызы Гулнур
Сәлеметсізбе, Ақылбек Қажығұлұлы! Сізді мазалап отырған ата-ана. Балам сіздің жоғарғы оқу орныңызда Экология мамандығының 1-курсын аман-есен тамамдап, биыл 2-курсын оқып жатыр. Ақылы түрде білім алып жатыр. Осы баламды осы оқу орнында тек қана Архитектура мамандығына ауыстырғым келеді. Осы ойым мүмкінбе? Кеш емеспе? Қалай әрекеттенген дұрыс? Қай кезде және өандай бөлімге барып жолыққан дұрыс? Сізден жауап күтемін. Уақыт бөлгеніңізге алдын-ала алғыс білдіремін!
Құрметті Гулнур Нурмуханқызы! 21.09.2017 ж. Жазған хатыңызға жауап береміз. Басқа мамандыққа ауыстыру тек қысқы және жазғы демалыс (каникуль) уақытында ғана жүпгізіледі. Сіздің балаңыз кез келген мамандыққа ауысуына құқылы, егер ауысамын деген мамандығында орын (ваканция) болса ғана ауыса аласыздар. Қазіргі уақытта «Сәулет» мамандығында орын жоқ. Осы оқу жылының қысқы демалыс уақытында, Сәулет өнері факультетіне келіп хабарласыңыздар, бос орын болып жатса кәсіпке байланысты шығармашылық емтихан тапсырады, (сурет сала білуі міндетті) GPA үлгерімі 2,0 балдан төмен болмауы керек, айырмашылық пәндер болатынын ескертеміз. Оқу ақысы 419 250 тенге. Оқу мерзімі 5 жыл.
8/23/17, 08:56
Кудайберген Жулдыз Мухтаркызы
Сәлеметсізбе ! Мен биыл дизайн факультетінде ақылы түрде оқимын. Мен жатақханаға өтінішті қағазға жазып бердім, ал енді мен электронды түрде жатақханаға орын алуға үлгермедім. Сұрайтыным сізден мен жатақханаға орын ала аламын ба ? бұндай жағдайда, алдын ала рахмет!
Құрметті Жұлдыз Мұхтарқызы! С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттік жатақханасына орналастыру 1- курстар үшін Жатақханаға орналастыру тәртібі : Жатақханаға бірінші кезекте төмендегі санаттағы білім алушылар орналастырылады: 1.Жетім балалар 2.Мүгедектігі бар білім алушылар 3.Мемлекеттік грант иегерлері 4.Көп балалы (білім алушыдан кейін 18 жасқа толмаған 3 немесе одан да көп бала болса) және әлеуметтік жақтан аз қамтылған отбасынан шыққан білім алушылар. 5.Осыдан кейін ақылы түрде оқуға түскен студенттердін өтініші қарастырылады.
8/21/17, 08:07
Мадалы Аружан Русланкызы
Салеметсізбе есімім Карлығаш Аманжоловна қызым осы университетке БИОТЕХНОЛОГИЯ факултетін тандап еді. Төлем ақысын 100% толеп түсуге құжаттарын тапсыруға барған едік бірақ қазақ группасында орын толық деп айттылды. Сіздің айтуныз бойынша қазақ группасына 50 бала қабылданады, сол 50 баланын ішіне менин кызымды алуынызды сураймын төлем ақысын қазір ақ бірден 100% төлеймін. Онын алдында университетін анықтама бөлімінен телефоннан звандап сұрағанда "Осы аптанын басыда келіп құжаттарынды тапсыруға болады деп айты". Бүгін құжаттарын тапсыруға келгенде орын толық деп айтты. не істерімізді білмей сізге жазып отырмын. Қызым осы мамандықты тандап отыр.
Құрметті Мадалы Аружан Русланқызы ! Биотехнология мамандығы бойынша қосымша 1 қазақ тобы ашылуына байланысты бүгін келіп құжаттарыңызды қабылдау комиссиясына тапсыруларыңызға болады.
8/15/17, 10:47
Жуламонова Айнур Ергалиевна
Сəлеметсізбе!2017-2018жылғы оқу жылына Общежитие ға қамтамасыз етілетін балалардың тізімі шықтыма??порталда көрсетілген тізімдегідер биыдғыларма?
Құрметті Айнұр Ерғалиевна! 2017-2018 жылғы порталда көрсетілген тізім жатақханаға тұруға рұқсат алған студенттерінің тізімі. Ал жоғарғы курс студенттері жатақхана алу үшін портал арқылы тұрғын орын кезегіне тұру керек.
8/11/17, 17:26
Абенова Айнур Талғатқызы
Сəлеметсізбе?! Мен Талдықорған қаласынан боламын. Биотехнология факультетіне грантқа түскен болатынмын. Жатақханаға заявканы қалай берсем болады? Рахмет
Құрметті Айнұр Талғатқызы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттік жатақханасына орналастыру 1- курстар үшін 2017 жылдың 24-25 тамыз аралығында қарастырылады. Жатақхана алу үшін құжат тапсырған жерге немесе, ВжМШТ факультетінің деканатына келіп өтініш жазуыңызға болады. Жатақханаға орналастыру тәртібі : Жатақханаға бірінші кезекте төмендегі санаттағы білім алушылар орналастырылады: 1.Жетім балалар 2.Мүгедектігі бар білім алушылар 3.Мемлекеттік грант иегерлері 4.Көп балалы (білім алушыдан кейін 18 жасқа толмаған 3 немесе одан да көп бала болса) және әлеуметтік жақтан аз қамтылған отбасынан шыққан білім алушылар.
7/5/17, 20:58
Назаров Батырхан Досболвич
Құрметті, Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев мырза Сізге ата-аналар атынан өтініш. Қыздарымыз ҚазАТУ "Ветеринариялық санитария" 5 курс студенттері 3 шілдеден іс-тәжірибелері басталды. Іс-тәжірибелерін өту үшін Қазақстанның солтүстік обылыстарына жолдамамен жіберілді. Бұл әрине оқу бағдаламсы бойынша жасалынып жатқан іс-тәжірибелер. Біз ата-аналар бұны құптаймыз. Бірақта студенттерге ешқандай жағдай жасалынбаған. Қазір 3 күн болды қыздарымыз күндігіне 5000 тенгеге пәтер жалдап отыр, пәтер таппай әлек болуда пәтер құны 60000-70000 тенге аралығында. Оған көп студенттердің қалтасы көтермейді. Іс-тәжірибелері 3 ай көлемінде болады екен, есебі айтпасада түсінікті. Қыз балалалр болғаннан кейін біз ата-аналар уайымдап отырмыз, қандай жалдамалы пәтерге тап болады деп. Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев мырза Сізден сұранатынымыз осы мәселені тиянақты қарап, қыздарымызды осы 3 айлық іс-тәжірибелерін өздері тұратын обылыстарға жіберсеңіз.
Құрметті Назаров Батырхан Досболұлы! Біздің университет аясындағы қызығушылық танытып, ветеринариялық мамандарды даярлауға атсалысқаныңыз үшін рахмет. 5В120200-Ветеринарлық санитария мамандығының 5-курс студенттерінің өңдірістік машықтануы 2017 жылдың 3 шілде мен 13 қазан аралығында, келісім-шарт жасалған мекемелерде өтеді. Сонымен қатар, бұл сұрақ ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің бақылауында тұр. . Қазіргі уақытта машықтануды 4 облыста 67 студент өтіп жатыр. (Ақмола, Солтүстік-Қазақстан, Қарағанды және Павлодар) және Астана қаласы. Аталған облыстарда машықтанудың өту қажеттілігі, бұл процессті көптеген жылдар бойы кәсіпорындарда өңдірістік өтілі көп тәжірибелі қызметкерлер басшылық жасайтынымен түсіндіріледі. Сонымен қатар, ЖОО-ның оқытушылары туындаған сұрақтар бойынша, жоғарыда аталған кәсіпорындарға барып, студенттерді қадағалап отырады және кеңес береді. Өндірістік тәжірибе, бұл сондай-ақ, оқу процесінің жалғасы болып табылады, оны жүзеге асыру үшін, белгілі бір уақыт бөлінеді және тәжірибелі тәлімгерлердің бақылауында жүргізіледі. Өңдірістік машықтану барысында студенттерге (жоғарғы курстарда) арнайы баспана берілмейді. Өңдірістік машықтанудан өткен студенттер, теориялық білімді толықтай меңгеріп болашақта, жоғары білікті мамандар болып қалыптасатынына сенемін және оларға үміт артамын.