Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
10/30/18, 06:12
Турешов Жанболат Аскарұлы
Біз, Жоғарғы Оқу Орындары арасында өткен шахматтан Республикалық турнир жүлдегерлері, шахмат үйірмесі қатысушыларымыз. Қараша айының 8-10 аралығында Қазақ-Британ Техникалық Университетінде (КБТУ) шахматтан республикалық турнир өтеді. Сол турнирге қатысып, КАТУ-дың атын Шахмат ойыны жағынан шығарып және де өзіміздің жеке тәжірибемізді арттырғымыз келеді. Осы 2018-2019 оқу жылына шахмат үйірмесіне қаражат БӨЛІНБЕГЕНДІКТЕН, қараша айында өтетін республикалық турнирге қатысуға ҚАРЖЫЛАЙ көмектесуіңізді сұраймыз.
Құрметті Жанболат! Қазақ-Британ Техникалық Университетінде өтетін республикалық шахмат жарыстарына қатысуды қаржыландыру туралы сіздің хатыңызды қарастырып, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» тиісті қаржы жылына арналған жыл сайын бекітілген даму жоспарларына сәйкес жұмыс істегенін хабарлаймыз. Сонымен қатар жоғарыда аталған жарысқа қатысуға жұмсалған шығындар еркін қаржы ресурстарының болмауына байланысты Даму жоспарында көзделмеген. Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, қаржылық көмек көрсету, өкінішке орай, мүмкін емес.
10/8/18, 15:27
Тохиева Алина Мураткызы
Сәлеметсібе!Мен 1 курс студентімін.Жакында жатакxанага тұруға өтініш берген едім.Себебі жазда үлгермедім.Бос орындар бар деп естидим сонда туратын курстастарымнан ,бірақ біздің өтініш әлі қабылданбай жатыр.Барлығымызға тұратын жер керек. Өтінішімді қабылдасаныз өте риза болар едім
Құрметті Алина! Сіздің университет порталында тіркелмегеніңіз аңықталды. Сондықтан жатақханадан орын алу үшін университеттін электронды порталына өтініш жазып тіркелуіңіз қажет. Сұрақтар туындаса,1228 кабинетіне келуіңізге болады.
10/7/18, 17:04
Адилхан Жансая Максаткызы
Сәлеметсізбе.Мен 1курста ақылы негізде оқимын.Сұрайын дегенім 1 семестрді бітірместен,яғни оқудан шығып кеткен жағдайда(өз еркімен) сіздің университетіңізде 2семестрден бастап қайтадан оқыса болама.Мемлекеттік университеттерде оқуға болмаса жеке меншік университеттерде болады ма?
Құрметті Жансая ! 2015 жыл 20 қаңтардағы №19 білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау Ережесіне сәйкес «Жоғары оқу орындарының білім алушылары егер олар жеке оқу жоспарына сай бірінші академиялық кезеңді толық аяқтаған жағдайда, оқудан шығып ауыса алады немесе қайта оқуға кеткен курстан, семестрден қабылданады».
10/7/18, 10:44
Кайна Амангалиев Абай
Сәлеметсіз бе. Менің сұрағым мамандық ауыстыру туралы. Қай уақытта ауыстыра аламын. Тек пән бойынша ауыстыра аламын ба, әлде кез келген мамандыққа ауысуы ма бола ма? Және ауысу үшін ақша төлейме төлесе қанша, осы сұрағыма жауап берсеңіз.
Құрметті Абай! Ауысу және қайта оқуға қабылдау Ережесіне сәйкес Сіз қысқы немесе жазғы каникул кезінде ақылы негізде ауыса аласыз. Пәндер айырмашылығын Сіз жазғы семестрде тапсыра аласыз. Ауысу және қажетті құжаттар тізімін Сіз біздің университетіміздің сайтындағы http://kazatu.kz/ «Академиялық саясат» «Білім алу» бөлімінен біле аласыз. Ауысуға өтініш қабылдау Білім алушыларға қызмет көрсету орталығында жүргізіледі: А.Молдағұлова көшесі 29Д, №8 жатақхана, байланыс телефоны: 8(7172)39-73-78.
10/4/18, 11:50
Тажмаxанова Наргиз Балтабайқызы
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы! Сізге бір өтінішпен жазып отырмын. Тұрғын үй жағынан менде қиындықтар болып жатыр. Сізден өтінерім университет жатақxаналарынан мерзімінен бұрын, бір орын алуыма қол ұшын беруіңізді сұраймын.
Құрметті Наргиз! Егер студент 130 ұпай алған жағдайда жатақхана кезексіз орналасу мүмкіндігіне ие болар еді. Ал одан төменгі ұпайға ие болғандардың өтініші электронды порталдағы кезекпен қаралауда.
9/26/18, 14:15
Рысбек Мерей Дияркызы
Сәлеметсіз бе. Учхоз корпусында микробиологиялық стерилді зертхана жоқ. Барлық құрылғыларды әр кабинеттерге бөліп тастаған, ол жұмыс істеуге қолайсыздық тудырады, үнемі аудиториялардың босағаның күту керек, бұл дипломниктер мен магистранттардың зерттеу жұмыстарының сапасымен аяқтау мерзіміне әсер етеді. Жеке микробиологиялық зертхана болғанын қалаймыз. Сізден осы мәселені шешіп беруінізді сұраймыз.
Құрметті Мерей! Интернациональный кентінде орналасқан 8 корпуста, «Микробиология және биотехнология» кафедрасында 5 оқу зертханасы бар, соның ішінде 3 зертхана «Микробиология және вирусология», 1 зертхана «Тағам биотехнологиясы», 1 зертхана «Жануарлар биотехнологиясы» пәндеріне арналған. Аталмыш зертханаларда студенттермен, магистранттардың тәжірибелік-зертханалық сабақтары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі. Бұл зертханаларда сабақтан кейін ПОҚ білім алушыларымен бірге ғылыми –зерттеулерді де өткізеді. Одан басқа микробиология бағыты бойынша докторанттар мен магистранттардың ғылыми–зерттеу және студенттердің дипломдық жұмыстарын орындауға арналған «Ауыл шаруашылығы биотехнологиясы ғылыми-зерттеу платформасы» базасында мамандандырылған «Тағамдық микробиология» зертханасы бар (2222 ауд). Бұл зертхана микробиологиялық зерттеу жұмыстарын толық қанды жүргізуге арналған барлық заманауи қондырғылармен (ферментер, ламинар бокс-2 дана, термостат, тоңазытқыш, центрифуга, электронды таразылар, лиофилизатор, т.б.) жабдықталған. Одан басқа «АШБ ГЗП» базасында басқада бірнеше мамандырылған зертханалары бар. Сондықтан, білім алушыларға ғылыми зерттеулерді жүргізуге барлық жағдай толығымен жасалған.