Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
9/22/18, 09:41
Әбен Данияр
Саламатсыздар! Ақылы бөлімде, көп балалы отбасыдан шыққан балаға сіздерде жеңілдік барма?
Құрметті Данияр! Көп балалы отбасыдан шыққан білім алушыларға біздің университетімізде анықтамасын әкелген жағдайда, оқу ақысын ай сайын бөліп төлеуге рұқсат беріледі.
9/15/18, 11:30
Жақсылық Зуxра Сапарғалиқызы
Саламатсыз ба мен магистратурага оқуға түскен едім жатаxана ала алмай жатырмын әлі күнге дейін әкем пенсионер анам жұмыссыз Қызылорда қаласынан келген едім жататын жерім жоқ корпусқа жақын жерден жатаxана болса жаксы болар еді
Құрметті Зухра Сапарғалиқызы! Сіз жатақханаға өтініш беруде, әлеуметтік жағдайыңыз туралы құжаттарды уақытымен тіркемегенсіз. Осы себеппен өтінішіңіз кезекпен қарастырылуда.
9/12/18, 10:11
Танабай Арсен Махаббатұлы
Сәлеметсізбе!Сіздерде мал шаруашылығын оқытадыма?
Құрметті Арсен Махаббатұлы! Университетімізде 50 жылдан аса тарихы бар "Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу технологиясы» кафедрасы мал шаруашылығы технологиясы бойынша күндізгі бөлімде 5В080200, 6М080200, 6D080200 – «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығының үш деңгейде күндізгі және сырттай оқу бөлімі бойынша орта кәсіптік (колледж) және жоғары білімде мамандар даярлайды. Толығырақ ақпарат алу үшін «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу технологиясы» кафедрасына хабарласуыңызға болады. Тел. +7(7172)-43-67-44.
8/29/18, 13:19
Каратаева Жанар Казбековна
Саламатсыз ба Ақылбек Қажығұлұлы. Менің екі қызым сіз басқарып отырған университеттің студенттері. (3 және 4-курс). Екеуі де ақылы негізде оқиды. Тамыз айында күйеуім жұмыссыз қалды. Қыздарым жатақханадан әлі күнге дейін орын ала алмай жүр. Сұрақ: менің қыздарыма жатақханадан орын алатын мүмкіндіктері бар ма?
Құрметті Жанар Қазбекқызы! Егер студент 130 ұпай алған жағдайда жатақханаға кезексіз орналасу мүмкіндігіне ие болар еді. Ал одан төменгі ұпайға ие болғандардың өтініші электронды порталдағы кезекпен қаралуда. Жатақханадағы рейтинг жүйесі «С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ» АҚ білім алушыларына жатақхана беру тәртібі туралы ережесімен бекітілген және 2018 жылдың қаңтар айынан қолданысқа енгізілген.
8/28/18, 14:39
Налибаева Райгуль Олимбаевна
Сәлеметсіз бе, сіздерде инженерлік жүйелер және желілер мамандығы барма, мен Алматыга грантка түсіп едім сіздерге ауыскым келеді, немесе ент баллмен бе пед мамандыққа түсе алам ба грантка, сіздердің университеттерінізге қалайда болсын тускым келеді, мүмкіндігім болса айтынызшы (оқып жүріп грантка ілініп кету мүмкіндігі болса да) қазір ауыса алмайм ба сіздерге?
Құрметті Райгуль! Біздің университетімізде «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» және «Ақпараттық жүйелер» мамандықтары бар. Егер сіз аталған мамандықтардың біреуінде грант иегері болсаңыз, біздің университетке грант түрінде ауыса аласыз. Бірақ ауысу уақыты қыстық емтихан сессиясының қорытындысы бойынша, қыстық демалыс уақытында ғана жүзеге асырылады.
8/28/18, 10:50
Умирзак Меруерт Кенескызы
Сәлеметсіз ба! Менің қызым 2курс студентті 1курс 2семестрде 4,5ке тапсырды емтиxанды енды менің қызым грантка ауыса алам ба? КСиПО,ПО мамандығы бойынша..Раxмет
Құрметті Меруерт Кенескызы! Жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру грантын беру ережесіне сәйкес мемлекеттік грантқа Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жазғы және қысқы демалыс уақытында конкурстық негізде нақты мамандық бойынша бос мамандықтар бойынша беріледі. Босаған білім гранттарына ауысу құқығының артықшылығы емтихан сессияларының нәтижелері бойынша ең жоғары орташа баллы (GPA) бар студенттерге беріледі. Жазғы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша «Кәсіптік оқыту» мамандығы 1 курс бойынша босаған бос гранттар болмады.