Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
10/28/21, 15:52
Абдахметова Мейрамгуль Дукенбаевна

Сәлеметсіз бе, Қайрат Қапарұлы. Менің сіздің университетіңізде, екінші курста оқитын қызым бар. Бірінші триместр офлайн оқиды дедіңіздер (70% офлайн, 30% онлайн) бір-ақ балаларымыз оқуға кетіп, оқудың бірінші аптасында БІР-АҚ КҮН, ЯҒНИ ЕКІ САҒАТ оқитынын біліп, наразы болдық. Жарайды, оған да көндік. АЛ ҚАЗІР сессияның 100% офлайн болатынын естіп отырмыз! БҰНЫ ҚАЛАЙ ТҮСІНУГЕ БОЛАДЫ???? БАЛАЛАР МОРАЛЬДІ ТҮРДЕ ОЛАЙ ТАПСЫРУҒА ДАЙЫН ЕМЕС. НЕ СЕБЕПТЕН ОҚУ БАРЫСЫ 10% ОФЛАЙН, ал СЕССИЯ 100% ОФЛАЙН. БАСЫНДА ҚАЙ САБАҚ ОФЛАЙН,ЯҒНИ БІР САБАҚТАН ҒАНА СЕССИЯ ОФЛАЙН,АЛ ҚАЛҒАНДАРЫ ОНЛАЙН ДЕП АЙТЫПСЫЗДАР. СОНДЫҚТАН, БІЗ ӨТЕ НАРАЗЫМЫЗ. БАЛАМ ОНДАЙ ЖАҢАЛЫҚТЫ СТРЕССПЕН ҚАРСАЛЫП ОТЫР. СЕССИЯНЫ БАЛАЛАР офлайн түрде оқитын сабақты офлайн, онлайн тапсыратын сабақты онлайн тапсырсын! Мен қызымның психологиялық жағдайы үшін алаңдап тұрмын!


Құрметті Мейрамгуль Дукенбаевна!

«С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ» КеАҚ Басқарма Төрағасының бұйрығымен бекітілген «БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАЦИЯНЫ ӨТКІЗУ» ұйым стандартына сәйкес емтиханды компьютерлік тестілеу және жазбаша емтихан түрінде қабылдау қарастырылған.

 Білім алушылар «Platonus» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі тест тапсырмалары мен жазбаша сұрақтар негізінде емтихан тапсырады. Оффлайн түрінде өтетін емтихандар тәуелсіз оқытушылардың бақылауымен оқу корпустарында арнайы компьютерлік кабинеттерде, ал онлайн түрінде прокторинг жүйесін пайдалану арқылы өткізіледі. Онлайн-емтиханды немесе тестілеуді администратор-проктор бақылайды, яғни ол бағдарламаның көмегімен емтихан тапсырушының компьютерінің мониторын көре отырып, емтихан тапсыру барысындағы әрбір әрекетін қадағалап отырады. Онлайн-емтихан тапсыру үшін білім алушылар жылдамдағы жоғары Интернетпен, бейне камерасы бар компьютер немесе ноутбукпен, басқа да қажетті интерактивті құралдармен және жеке бөлмемен қамтамасыз етілуі керек. Аралас форматта оқып жүрген білім алушылардың көпшілігінде онлайн-емтихан тапсыруға қажетті мүмкіндіктер жоқ. Сондықтан біз бүгінгі күнде университетімізде профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың көпшілігінің короновирус инфекциясына қарсы вакцина алғанын және Нұр-сұлтан қаласының "сары аймаққа" өткенін ескере отырып, мүмкіндігіне қарай емтихандарды оқу корпустарында ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.

Пән бойынша қорытынды баға ағымдық және қорытынды бақылау (емтихан) негізінде қойылады, сондықтан емтихан тапсыру үшін білім алушының ағымдық бақылау бойынша оқу үлгерімінің ең жоғары көрсеткіші 50  балдан кем болмау керек.

Қызыңыз өз біліміне сенімді болса, емтиханның өту форматы (онлайн, оффлайн) бойынша алаңдаудың қажеті жоқ.

Емтихан сессиясына дайындық және оның өткізу туралы алдағы уақытта факультет декандары түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады.

Қызыңызға психологиялық тұрғыдан көмек қажет болса, университетімізде "Заманауи дамыту орталығындағы" психологтар қызметіне жүгіне алады, орталықтың мекен-жайы: Ә. Молдағұлова к-сі, 29 б., байланыс телефоны: 388-766

9/30/21, 18:57
Зұлпыхар Еңлік Зейнуллақызы
Сәлеметсізбе! 2022жыл түлегі боламын бұйырса. Сізден қызыл диплом туралы сұрайын деп едім? қандай баға? GPA қанша болу керек? ол жөнінде кімге? қашан байланысуымыз керек?
Құрметті Еңлік Зейнуллақызы! Оқу пәндері және оқу қызметінің басқа да түрлері бойынша А, А- "өте жақсы", В -, В, В+, С+ "жақсы" қорытынды бағалары бар білімалушыға (білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес 2018 жылғы 24 қарашадан бастап "С+" бағасы "жақсы" бағасына теңестіріледі) үлгерімнің орташа балы (GPA) 3,5 - тен төмен емес, сондай-ақ кешенді емтихан тапсырған және (немесе) дипломдық жұмысты (жобаны) а, а - "өте жақсы" бағаларымен қорғаған жағдайда ғана үздік диплом беріледі. Оқудың барлық кезеңі ішінде қайта тапсырған немесе қорытынды бақылауды (емтиханды) қайта тапсырған білім алушы жоғарыда көрсетілген талаптарға қарамастан үздік диплом алу құқығынан айырылады.
9/8/21, 03:44
Алимбетова Зульфия Солтановна
СӘЛЕМЕТСІЗ БЕ, ҚАЙРАТ ҚАПАРҰЛЫ. МЕНІҢ СҰРАҒЫМ САБАҚ КЕСТЕСІ ЖӨНІНДЕ, 2 КУРС СТУДЕНТТЕРІН ОҚУҒА ШАҚЫРЫП АПТАСЫНА 2 КҮН ҒАНА 2 САҒАТ ОФФЛАЙН, ҚАЛҒАН КҮНДЕРІ БАРЛЫҚ САБАҚ ОНЛАЙН ТҮРІН ДЕ ӨТЕДІ. БІЗДІҢ БАЛАЛАР ОҚИМЫЗ ДЕП БАРДЫ, СОНДА ЖОЛ ШЫҒЫНЫ, ПӘТЕРДЕ ТҰРУ, ЖАТАҚХАНАДА ТҰРСАДА ТАМАҚТАРЫ БАР, 2 САҒАТ ҮШІН БАРДЫ МА? ОНДА БІР ЖОЛА УЙДЕ ОТЫРМАДЫ МА? САБАҚ КЕСТЕСІН ҚАЙТА ҚАРАП, БАЛАЛАРДЫҢ ОФФЛАЙН ОҚУЫН ҚАРАСТЫРУДЫ СҰРАЙМЫЗ.
Құрметті Зульфия Сұлтанқызы! 2021-2022 оқу жылының оқу процесін ұйымдастыру бойынша нормативтік-құқықтық құжаттарға және ҚР БҒМ нұсқауларына сәйкес университетіміздің Ғылыми кеңесі Нұр-сұлтан қаласындағы ағымдық эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, аралас форматта оқыту туралы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ. Короновирус инфекциясының асқынуы бойынша Нұр-сұлтан қаласы "қызыл аймақта" қалып отырғаны өзіңізге белгілі, бұл Сіздің балаңыз және басқалар үшін өте қауіпті. Сондықтан университет оқу процесін ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, білім алушылар мен оқытушылардың денсаулығының қауіпсіздігі үшін және COVID-19 вирусын жаппай жұқтыру қаупін болдырмау мақсатында пәндер бойынша байланыс сағаттарының санын азайтуға мәжбүр болды.Екінші және үшінші триместрде студенттерді дәстүрлі форматта оқыту жоспарымызда бар. Осы қиын уақытта Сіз түсінушілік пен сабырлық танытады деген үміттеміз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!
8/23/21, 17:59
Толеген Акмарал Жанайдаровна
Сәлеметсіз бе! Гумелев атындағы ЕҰУ-не оқуға грантқа түстім. Сіздердің университеттеріңізге грантты сақтай отырып ауысу мүмкіндігі болады ма?
Сәлеметсізбе! Грантты сақтай отырып ауысу мүмкін, бірақ сіз қандай білім беру бағдарламасына ауысқыңыз келетінін көрсетпедіңіз. Ауысу туралы ақпаратты Сіз біздің университеттің сайтынан https://kazatu.edu.kz/ - "Білім алушыларға қызмет көрсету орталығы" – "Өтініш беру" - "Басқа жоғары оқу орнынан ауысуға " бөлімінен біле аласыз
8/23/21, 09:35
Асылхан Нурсултан
Құрметті Қайрат Қапарұлы, қайырлы күн. Мен Асылхан Нурсултан, Моңғолия азаматы, Моңғолия және Қазақстан арасындағы келісім шарт бойынша Қазақстанға докторантураға түскен едім. Бірақ қай университет екені белгісіз. Өз басым КазАТУниверситетіне түскім келетінін Моңғолиядағы Қазақстан елшілігіне айтқан едім. Елшілік менің қалауымды, құжаттарды Білім министрлігіне тапсырғанын, және министрлікден маған хабарласады дегенді айтады. Бірақ еш хабар жоқ, уақыт болса өтіп жатыр. Ал мендегі сұрақ: Биылғы КазАТУ докторанттары арасында менің болуым мүмкін. Бармын ба, жоқпын ба, нақты қалай біле аламын? 397378 нөмеріне қосылу мүмкін емес.
Құрметті Асылхан Нұрсұлтан! С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін таңдағаныңызға рахмет! Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2021-2022 оқу жылында мәлімделген жоғары оқу орындарында оқу үшін білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде қабылданған шетел азаматтарының кандидатураларының тізімін кеше ғана (№ исх: 4-10-2/3329-И от: 24.08.2021) жолдады. Министрлік 2021 жылдың 28 тамызына дейін шетелдік азаматтарды студенттер қатарына қабылдау бойынша бұйрықты жуық арада шығару жұмыстарын әзірлеуді және оларды орналастыруға,одан әрі оқыту бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Университет бойынша докторанттарды қабылдау бұйрығы 2021 жылдың 28 тамызында шығарылады. Шетел азаматтары «Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу үшін мемлекеттік білім беру гранттарын беру туралы» 2021 жылғы 13 тамыздағы № 403 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің бұйрығының (бакалавриат бағдарламасы бойынша) және «2021-2022 оқу жылына жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы» 2021 жылғы 3 тамыздағы № 379 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің бұйрығының (докторантура бағдарламасы бойынша) негізінде қабылданды. Аталған бұйрық бойынша үміткер Асылхан Нұрсұлтан С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне D122 – «Сәулет» білім беру бағдарламасы бойынша қабылданғандығы көрсетілген. Аталған хатта шетел азаматтардың құжаттар бойынша сұрақтар туындаған жағдайда e.asan@edu.gov.kz поштасына хабарласу туралы мәлімделген. Бұйрық шыққан соң «Сәулет және дизайн» кафедрасының меңгерушісі мен эдвайзеріне хабраласуыңызға болады. Анықтамалар үшін: 31-75-56, 8-775-937-39-29 (қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Жазықбаева Ж.М.)
8/11/21, 23:53
Райхан Карлыгаш Кобейкызы
Салеметсиздер ме. Менин кызым Есеналы Газиза кадастр мамандыгы бойынша 1 курсты битирген сиздердин студенттериниз. Семья жагдайына байланысты Шымкент каласына ауыстыру ушин онлайн кужат тапсыруга бола ма? Ауысу ушин не истеу кажет? Грантта окиды.
Құрметті Райхан Көбейқызы! Сәлеметсіз бе! Басқа ЖОО-на ауысу үшін Басқарма төрағасының академиялық қызмет жөніндегі орынбасы-Ректор А.М. Әбдіров атына өтініш жазылуы керек. Өтініш үлгісі www.kazatu.edu.kz сайтында БАҚКО бөлімінен аласыздар. Өтінішті Сіздің қызыңыз білім алып отырған Жер ресурстарын басқару, сәулет және дизайн факультеті бойынша uzraid_tsoo@mail.ru электрондық почтасына жібересіздер. Өтініш 3 жұмыс күні ішінде қаралып, құжаттарыңыз дайындалады. Дайын құжаттарды Ә. Молдағұлова 27 Д мекен-жайы бойынша 104 кабинеттен алып кете аласыздар. Білім алушыларға қызмет көрсету орталығы Телефон: /87172/39-73-78