Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
10/15/23, 15:56
Құрбанбай Елдос

2024 жылы мал дәрыгерлыгыне грантқа түсу үшын қанша бал жинау керек?


Құрметті Елдос!

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде В083 - «Ветеринария» білім беру бағдарлама тобы бойынша 2023 жылы жалпы конкурспен ең төменгі балл - 52, ауылдық квотамен - 50 баллмен мемлекеттік білім грантына өтті.

Толық ақпарат алу үшін 8(7172) 31-75-56, 39-80-18 нөмерлерге хабарласыңыз.

10/12/23, 16:20
Құрбан Рахман

Мен Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық универститетінде оқимын сіздердің универститеттеріңізге ауысқым келеді қалай ауысуға болады


Сәлеметсіз бе! Басқа ЖОО-нан ауысу жазғы және қысқы демалыс уақыттарында жүзеге асырылады. Қысқы демалыс уақытында 2024 жылдың 3-қаңтарынан 20-қаңтарына дейін құжаттар қабылданады. Толығырақ ақпаратты www.kazatu.edu.kz сайтындағы БАҚКО бөлімінен немесе +77172 31-75-62 телефон нөмірі арқылы ала аласыз

10/1/23, 14:37
Айсара

27.09.2023 жылғы бұйрық негізінде бос орындарға грант қайта бөлініп соның орман шаруашылығы мамандығын иеленіп едім,соған документтін қай күнге дейін тапсыру керек және жатақхананы қалай алуға болады


Құрметті Айсара!

«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы Сізді, мемлекеттік грант иегері аталуыңызбен құттықтайды және жақсы оқып, үздік студенттер қатарынан көрінуіңізге сенімділік білдіреді.

Қосымша мемлекеттік грант жеңіп алған  талапкерлер 02.10.2023ж. №1501бұйрығы арқылы студенттер қатарына қабылданып, сабақ кестесі бойынша сабаққа қатысуда.

Сізге беретін кеңесіміз: кешіктірмей келіп,  сабаққа қатысыңыз.

Көрсетілген телефон номеріне хабарласып 8702 202 17 39, мынадай құжаттарды өзіңізбен жинап ала келіңіз: аттестат (диплом) түпнұсқа, 075у және 063-нысанындағы медициналық анықтамалар, флюорография суреті, 3х4 көлемiндегi 2 фото, жеке куәлік немесе паспорт көшiрмесi, ҰБТ сертификаты, әскери куәліктің көшірмесі (ер бала үшін).

Астана қаласына келген уақыттан бастап жатақханаға тұруға мүмкіндігіңіз бар. Жатақханада тұрудың ай сайынғы құны 12000-18000 тг (сізді қай жатақханаға жіберетініне байланысты).

9/30/23, 05:51
Аружан

сәлеметсіздерме?мен игерілмеген гранттқа түстім,енді мен қашан барып оқуым керек,мен басқа қалада тұрамын,общяга жайында ақпарат бере аласыздарма?біз сонда 2семестрден бастап оқимызба


Құрметті Аружан!

«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы Сізді, мемлекеттік грант иегері аталуыңызбен құттықтайды және жақсы оқып, үздік студенттер қатарынан көрінуіңізге сенімділік білдіреді.

Қосымша мемлекеттік грант жеңіп алған  талапкерлер 02.10.2023ж. №1501 бұйрығы арқылы студенттер қатарына қабылданып, сабақ кестесі бойынша  сабаққа қатысуда.

Сізге беретін кеңесіміз: кешіктірмей келіп,  сабаққа қатысыңыз.

8702 202 17 39 тел. хабарласып, мынадай құжаттарды өзіңізбен жинап ала келіңіз: аттестат (диплом) түпнұсқа, 075у және 063-нысанындағы медициналық анықтамалар, флюорография суреті, 3х4 көлемiндегi 2 фото, жеке куәлік немесе паспорт көшiрмесi, ҰБТ сертификаты, әскери куәліктің көшірмесі (ер бала үшін).

Астана қаласына келген уақыттан бастап жатақханаға тұруға мүмкіндігіңіз бар. Жатақханада тұрудың ай сайынғы құны 12000-18000 тг (сізді қай жатақханаға жіберетініне байланысты).

9/13/23, 03:11
Ulanbek Dilnar

Информатика математика таңдасам сіздердің университеттеріңізге қандай мамандық бар?


Құрметті Дилнар Уланбек!

Сіздің сұрағыңыз бойынша информатика, математика бейіндік пәндерін таңдасаңыз С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ-не В057-«Ақпараттық технологиялар» (мамандығына) білім беру бағдарламалар тобына оқуға түсуге толық мүмкүндігіңіз бар.

Толық ақпаратты https://kazatu.edu.kz/kz/facultet/kafedra-informacionnyh-sistem сілтеме бойынша танысуға болады.

9/9/23, 07:31
Өркен

Сәлеметсізбе! Бізде ҚХРсытнан сіздердің университетке “көгалдандыру” мақсатында қонақтар келсек деп еді. Соған сіздер кездесу жиналысын орналастра аласыздарма? 87080707713 Өркен


Құрметті Өркен мырза, біздің университетімізге хабарласқаныңыз үшін рахмет! Дегенмен, бау-бақша және жеміс-жидек өсіру бағытында жұмыс жасамайды, сондай-ақ осы бағыттарды зерттейтін ғалымдар да жоқ. Бұл бағыттар Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі жоғары оқу орындарында зерттеледі. Біздің университетіміз зерттейтін бағыттарда болашақта жұмыс жасауға дайынбыз.