Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
8/30/23, 00:16
Мөлдір Тұратбек

Мамандық бойынша жұмысқа қабылдайсыздар ма? Менің мамандығым “Өсімдік қорғау және карантин” 2013-2017 жылдары оқыдым КазНАУ-да


Құрметті Мөлдір!

«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ  (әрі қарай – С. Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ) Сіздің өтінішіңізді қарап, төмендегіні хабарлайды.

С. Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ-да бос лауазымдарға орналасу:

1) Басқарма төрағасының 2023 жылғы 25 тамыздағы №314-Н бұйрығымен бекітілген  «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ профессорлық-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына конкурстық іріктеу туралы ережеге;

2) Басқарма төрағасы – Ректордың  2023 жылғы 4 шілдедегі №247-Н бұйрығымен бекітілген  «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ әкімшілік-басқару персоналының бос лауазымдарына конкурстық орналасу қағидалары туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады

Бос лауазымдар С. Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ-дың ресми сайтында (kazatu.edu.kz.) жарияланады.

Осыған орай бос лауазымдарға жарияланған конкурстарға біліктілік талаптарына сәйкес қатысуға құқығыңыз бар.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 100-бабының 6-тармағына сәйкес шағымды қарайтын органның шешімімен келіспеген жағдайда әкімшілік рәсімге қатысушы шағымды қарайтын басқа органға немесе сотқа әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасауға құқылы.

8/29/23, 17:14
Ускенбаева Ұрхия Әбіштайқызы

Сәлеметсіз бе? Маған Орман шаруашылығы мамандығына қашықтықтан оқу бар ма, соны айтасыз ба?


Сәлеметсіз бе, Ускенбаева Урхия Әбіштайқызы!

Өкінішке орай «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде» барлық білім беру бағдарламалары  бойынша тек қана күндізгі  оқыту жүйесі жүзеге асырылады, қашықтықтан оқыту қарастырылмаған.

8/28/23, 17:59
Гулжайна Рахимова

Саламатсызба менын Есымым Рахимова Гулжайна мен шетел азаматы мын сыздердын оку орындарыныз га тускым келеды калай гран алсам болады


Сәлеметсіз бе, Рахимова Гүлжайна!

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің студенті атануға талаптанғаныңыз үшін ризашылығымызды білдіреміз!

Шетел азаматы ретінде мемілекеттік грантты иелену үшін, міндетті түрде Ұлттық біріңғай тестлеу ҰБТ тапсырып, гранттар конкурсына қатынасуыңыз керек. Конкурс кезінде ұлты қазақ, бірақ ҚР азаматы емес санатына 4 % квота қарастырылған. ҰБТ-дан жалпы 140 баллдан  кемінде 50 балл жинауыңыз қажет. Ал, ҰБТ-ға тіркелу www.testcenter.kz арқылы жүзеге асырылады. Тіркелудің өзінің тиісті мерзімдері бар.

Қосымша ақпаратты  мынадай адрестерден ала аласыз:

Қабылдау комиссиясы  Тел.: 8(7172) 317-556, 398-018

www.kazatu.kz,    711_12@inbox.ru,   ЖОО коды 002

8/28/23, 14:45
Әкім Гүлназ

Саламатсызба? сұрайын дегенім мен орман шаруашылығы оның ішінде ландшафтный дизайнерге грантка түскенмін.Бізде оку 1 інен басталадыма или калай? Кайда кашан бару керекпіз?Жане ешкандай группа ашылмады или мені коспады


Сәлеметсіз бе, Әкім Гүлназ!

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетіне қош келдіңіз! Біздің университеттің студенті атануыңызбен құттықтаймыз!!

Университетте  оқу процессі 2023 жылдың 4 қыркүйегінен  басталды. «Орман шаруашылығы, жабайы табиғат және қоршаған орта»  факультетінің деканына немесе кураторға  хабарлассаңыз, толық ақпаратты аласыз. Байланыс телефондары: 31-02-14,  ст.тел: 87714706565

8/13/23, 17:08
Kanat

Энергетика факультеті студентінің стипендиясы қанша тенге


Құрметті, Қанат!
Сәлеметсізбе!


С.Сейфуллин атныдағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің студенттері қай мамандыққа  түсседе негізгі бакалавриат бойынша алатын стипендиялары 36 660 (тенге).

 

 Қабылдау комиссиясының байланыс телефондары 8(7172) 317-556, 398-018
 

8/13/23, 09:32
Коркем

Сәлеметсіз бе, магистратурадан 72балл жинадым грантқа түсуге мүмкіншілігім болады ма ҚазАТУға


Құрметті, Коркем!

Сәлеметсізбе!

Магистратураға ғылыми педагогикалық бейін бойынша, ақылы және грантқа шекті балл 75 балды құрайды. Күзде, яғни қараша айында тағы да кешенді тестілеуден өтуге мүмкіндігініз бар екенің хабарлаймыз.

 

 

 Қабылдау комиссиясының байланыс телефондары 8(7172) 317-556, 398-018