Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
7/7/13, 14:27
Асия
Салеметсизбе! Сурайын дегеним,биотехнология мамандыгы бойынша Астанадагы С.Сейфуллин атындагы университеттин кундизги болиминде оку акысы канша? Жане баска да университеттин (маселен КГУ им.А.Байтурсынов)биотехнологиясы бойынша оку акысы кандай?жане кай университетте арзанырак? Жауапты тез арада жиберулеринизди отинем!алдын ала Рахмет!
Құрметті Асия! С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 2013-2014 оқу жылына арналған «Биотехнология» мамандығы бойынша оқудың төлем ақысы 346,6 мың теңге құрайды. Ал А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дағы оқудың төлем ақысын білу үшін аталған университетке хабарласыңыз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
7/7/13, 00:45
таскараева Жанар
география тандау пани бойынша кандай оку орнына тусуге болады. ент барлыгы 75 балл.орыс тили 12 балл
Құрметті Жанар! География пәнімен экономикалық және жерге орналастыру факультетінің мамандықтарына оқуға түсе аласыз, оқудың төлем ақысы 374,5 мың теңге. Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. 2012 жылғы конкурс нәтижесінде таңдау пәні география болып табылатын мамандықтарға мүмкін болатын 100 баллдан 85-100 балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
7/6/13, 18:40
Абдуалиева Айдана
Сәлеметсіз бе!Мен ҰБТ-дан 105 балл жинадым.Орыс тілін қоспағанда 83 балл болады.Тандау пәнім-биология.Биотехнология мамандыгына грантқа түсуге мүмкіндігім бар ма?
Құрметті Айдана! Университетімізде таңдау пәні биология болып табылатын мамандықтар келесідей: - агрономиялық факультетте 1. Экология; 2. Агрономия; 3. Топырақтану және агрохимия; 4. Өсімдік қорғау және карантин; - ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінде 1. Ветеринарлық медицина; 2. Ветеринарлық санитария; 3. Биотехнология; 4. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы; 5. Ақшлықтану және аң шаруашылығы; 6. Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау. Ұлттық емес жоғары оқу орындарына тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинаған талапкерлер қабылданады, ал мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. Конкурсқа қатысып, үміттеніп көріңіз. 2012 жылғы конкурс нәтижесінде «Биотехнология» мамандығы бойынша мүмкін болатын 100 баллдан 85 балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
7/5/13, 23:01
Ақтоты
Сәлеметсізбе!Осы университетке ақылы түрде оқуға түсу үшін құжаттарды қашан тапсыру керек? Рахмет
Құрметті Ақтоты! Ақылы түрде оқуға түсу үшін құжаттар тамыз айының 10-нан 25-не дейін қабылданады. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
7/4/13, 23:59
Мақпал Мұқтархан қызы
Cәлеметсіз бе Ақылбек Қажығұлұлы! Мен биылғы ҰБТ-дан 60 балл, орыс тілінсіз 56,таңдау пәнім химия. Сіздердің универге грантка түсуге мүмкіндігім бар ма? Алдын-ала алғыс білдіремін!
Құрметті Мақпал! Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. 2012 жылғы конкурс нәтижесінде таңдау пәні химия болып табылатын мамандықтарға мүмкін болатын 100 баллдан 63-68 балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
7/4/13, 15:52
мадина
Сәлеметсизбе құрметті Ақылбек Қажығүлүлы! Сизге қояр сұрағым мен мектепти 1996 жылы битирдим,яғни ҰБТ тапсырған жоқпын. Сиздин университетинизге түсуге қандай мүмкіндіктерім бар?
Құрметті Мадина! Мектепті бұрыңғы жылдары бітірген түлектер жоғары оқу орындарына кешенді тестілеуді тапсыру арқылы қабылданады. Кешенді тестілеуге құжаттар 20 маусымнан 9 шілдеге дейін қабылданады. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru