Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
7/4/13, 14:52
Өміралы Нұрбол
Сәлеметсізбе Ақылбек Қажығұлұлы!менің қоятын сұрағым,мен ҰБТ-дан 106 балл,орыс тілінсіз 82 балл жинадым!биотехнология кафедрасына не болмаса экология кафедрасына гратқа түсе аламынба?
Құрметті Нұрбол! Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. 2012 жылғы конкурс нәтижесінде аталған мамандықтарға мүмкін болатын 100 баллдан 80-85 балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
7/4/13, 13:28
Жулдыз
Қайырлы күн Ақылбек Қажығұлұлы.Сіздің университеттегі биотехнология мамандығына грантқа қанша балмен түсуге болады және де ауылдық квота қосылады ма?ҰБТ-дан барлығы 91 балл,орыс тілін алып тастағанда 78 бал.бұл балмен грантқа түсуге мүмкіндік бар ма?
Құрметті Жулдыз! Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. 2012 жылғы конкурс нәтижесінде аталған мамандыққа мүмкін болатын 100 баллдан 85 балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Ауылдық квота бойынша балл қосылмайды, ауылдық квота шеңберінде жалпы бөлінген гранттар санынан 30 % міндетті түрде ауылдық мектепті бітірген түлектерге беріледі. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
7/3/13, 16:46
Абдирахманов Бекзат
Саламатсызба Курметти Акылбек Куришбаев мырза, мен биыл мектеп битирдим, Убт-дан жинаган балым 93, орыс тилинсиз 74, Сизге кояр сурагым ветеренариялык медицина мамандыгына грантка мумкиндигим барма?, жане университет осы мамандыкка канша грант болди? Алдын ала рахмет!
Құрметті Бекзат! Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. 2012 жылғы конкурс нәтижесінде таңдау пәні биология болып табылатын мамандықтарға мүмкін болатын 100 баллдан 65-85 балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Аталған мамандық бойынша биылғы жылы 396 грант бөлінді, оның ішінде 257-і қазақ бөліміне. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
7/3/13, 09:47
Ерлан
Сәлеметсiз бе.мен биыл сынаққа қатысып 87 балл алдым орыс тiл алынып тасталатын болган соң мән бермеп едiм 3 балл алдым,84 балл деп тұр қаз т 25 тар 24 матем 18 физ 20 сертификатымда,бирақ аттестатыма орыс тил 3 деген бағамен түстi.ендi мен нестей алам айтыңызшы ?маған қандай нұсқау бересiз қиналып кеттiм абден.(алдын ала рахмет)
Құрметті Ерлан! Өкінішке орай, биылғы жылы жоғары оқу орындарына қабылданбайсыз, себебі жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларының келесі тармағына қарама қайшы келеді: 38. ҰБТ немесе кешенді тестілеу шеңберінде тапсырылған пәндердің біреуінен 4 балдан кем жинаған тұлғалардың ақылы негізде оқуға қабылдануына немесе білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуына жол берілмейді. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
7/2/13, 23:28
Кахраманова Роза
Мен ҰБТдан 72 бал алдым. Таңдау пәнім биология Мамандығым жалпы медицина. Грант алу үшін қай Университетті таңдасам болады? Орыс тілінсіз 62.
Құрметті Роза! Бұл сұрағыңызды медициналық жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына жолдағаныңыз жөн болар. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
7/2/13, 22:47
Дүйсебаева таңшолпан
Сәлеметсіз бе?Мен ҰБТ-дан 84балл жидым орыс тілін алғанда 67.Таңдау пәнім физика қандай мамандық таңдап грантқа ілінуге болады
Құрметті Таңшолпан! Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. 2012 жылғы конкурс нәтижесінде таңдау пәні физика болып табылатын мамандықтарға мүмкін болатын 100 баллдан 75-100 балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru