Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/30/13, 12:15
Таншолпан
салеметсизбе құрметті ректор мырза! сізге кояр сурагым мен орыс тилинсиз 68 балл жинадым, таңдау паним физика. аграрлық техника және технология, касиптик білім мамандықтарына грантқа тусе аламынба?
Құрметті Таңшолпан! Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. 2012 жылғы конкурс нәтижесінде аталған мамандықтарға мүмкін болатын 100 баллдан 66-69 балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/29/13, 14:47
Азамат Файзулла
Сәлеметсіз бе ректор мырза!Мен ҰБТ-дан 80 балл(Қазақ т-21,тарих-17,матем-12,орыс т-12,география-18 балл) жинадым. Аттестат бойынша 4 пәннен 4-пін,қалғанының бәрінен беспін.Сіздердің оқу орындарыңызға түскім келеді.Қаржы немесе есеп және аудит мамандықтарына грант бола аламын ба?
Құрметті Азамат! Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. 2012 жылғы конкурс нәтижесінде таңдау пәні география болып табылатын мамандықтарға мүмкін болатын 100 баллдан 85-100 балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/29/13, 14:20
Ахметкереева Үміт Сәлімгерейқызы
сәлеметсіз ба? мен ҰБТ дан 89, орыс тілінсіз 71 балл жинадым. таңдау пәнім география. мен есеп және аудит мамандығына ауылдық квотамен гратка түсе аламын ба? ауылдық квото қанша балл қосылады? Ақылы бөліміне түссем жылына қанша??
Құрметті Үміт! Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. 2012 жылғы конкурс нәтижесінде таңдау пәні география болып табылатын мамандықтарға мүмкін болатын 100 баллдан 85-100 балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Ауылдық квота бойынша балл қосылмайды, ауылдық квота шеңберінде жалпы бөлінген гранттар санынан 30 % міндетті түрде ауылдық мектепті бітірген түлектерге беріледі. Оқудың төлем ақысы 374,5 мың теңге. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/28/13, 18:44
Салтанат Аишовна
Салеметсизбе Ақылбек Қажығұлұлы! менің ұлым ҰБТ-ден 98 балл алды, орыс тілін алып тастағанда 81 балл. таңдау пәні география, КАЗАТУ университетінің экология мамандығы бойынша гранка тусе алады ма екен?
Құрметті Салтанат! Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. 2012 жылғы конкурс нәтижесінде таңдау пәні география болып табылатын мамандықтарға мүмкін болатын 100 баллдан 85-100 балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Экология мамандығына оқуға түсе алмайсыз, себебі ол жерде таңдау бойынша пәні – биология. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/28/13, 17:30
Жусип Мерей
Құрметті Қажығұлұлы Ақылбек мырза мен ҰБТ-ден 78 балл орыс тілсіз 62 балл жинадым,,,,,сізге қояр сұрағым мен қандай да болсын факультетке грантқа түсе аламынба............таңдау пәнім биология
Құрметті Мерей! Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. 2012 жылғы конкурс нәтижесінде таңдау пәні биология болып табылатын мамандықтарға мүмкін болатын 100 баллдан 65-85 балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/28/13, 15:43
Баян Тынышбекова
Сәлеметсіздер ме? ҚазАТУ-де мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі мамандығына грант бөлінген бе? Бөлінген болса алдыңғы жылы осы мамандық бойынша ҚазАТУ-де қанша баллмен грантқа түскендер бар екенін білуге болады ма? Жауабын асыға күтемін алдын-ала рақмет!
Құрметті Жансая! Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. 2012 жылғы конкурс нәтижесінде таңдау пәні биология болып табылатын мамандықтарға мүмкін болатын 100 баллдан 65-85 балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru