Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
7/2/13, 09:33
Murat
Сәлеметсіз бе? Менің бакалавр дәрежесіндегі білімім бар.Басқа екінші мамандықта оқу үшін кешенді тестілеуге қатысу керек пе? Қаржы мамандығына сырттай оқу ақысы қанша?
Құрметті Мурат! ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №111 қаулысына сәйкес орта кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша жоғары оқу орнына түсу үшін әдістік жиынтық жөн-жосықтарының жүзеге асыру ережелеріне сәйкес, жоғары білімі бар азаматтар үшін қысқартылған бағдарламамен ақылы келісім-шарт негізінде екінші жоғары оқу орнына қабылдау жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы арқылы жүзеге асырылады. Кешенді тестілеуді тапсырудың қажеті жоқ. Оқу мезгілі – 2 жыл 2 ай, оқу ақысы жылына 5В050900 «Қаржы» мамандығы үшін – 187,3 мың теңге. Байланыс телефондары: 8(7172)31-75-56, 39-80-18 Студенттерді қабылдау бөлімі; 31-80-90, 38-96-62, 39-40-19. Сырттай оқыту факультеті.
7/1/13, 22:49
мақпал
сәлеметсіз бе мен ОРЫС ТІЛІНСІЗ АЛПЫС ТОҒЫЗ БАЛЛ АЛДЫМ ТАНДАҒАН ПӘНІМ ФИЗИКАДАН 13 БАЛЛ ЖИНАДЫМ ОСЫ БАЛЛМЕН ҚАНДАЙ ОҚУҒА ТҮСУГЕ БОЛАДЫ
Құрметті Мақпал! Мамандықтар тізімін ресми сайтымыздың «Талапкер» бөлімінде қарай аласыз, онда таңдау пәндері де көрсетілген. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
7/1/13, 19:01
Жаңбыршы Әсем
Сәлеметсіз бе? Биотехнология мамандығы бойынша жылдық оқу ақысы қанша? Және де агрономия мамандығының ше? алдын ала рахмет!
Құрметті Әсем! 2013-2014 оқу жылына аталған мамандықтарға оқудың төлем ақысы келесідей: биотехнология – 346,6 мың теңге, агрономия – 287,0 мың теңге. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/30/13, 15:11
Абен Айнур Ералханкызы
салеметсизбе!мен ент дан 83 тазасы 66 балл жинадым каз т20 алгебра 15 тарих 19 тандау паним география 12 осы балыммен кандай мамандыкка? грантка тусуге болама?рахмет
Құрметті Айнур! Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. 2012 жылғы конкурс нәтижесінде таңдау пәні география болып табылатын мамандықтарға мүмкін болатын 100 баллдан 85-100 балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/30/13, 12:25
Данияр
ректор мырза мен убтдан 85 алдм без рус 68 тандау паним физика сиздердин университеттеринизге грантка тусуге мумкиндигим барма, сельский квота канша балл косылады? рахмет
Құрметті Данияр! Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. 2012 жылғы конкурс нәтижесінде таңдау пәні физика болып табылатын мамандықтарға мүмкін болатын 100 баллдан 67-100 балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Ауылдық квота бойынша балл қосылмайды, ауылдық квота шеңберінде жалпы бөлінген гранттар санынан 30 % міндетті түрде ауылдық мектепті бітірген түлектерге беріледі. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/30/13, 12:21
Айнур
салеметсизбе Акылбек ага! менин сизге кояр сурагым мен орыс тилинсиз 55 балл жинадым, матем 2 алып калдм сиздердин оку орындарынызга акылы болиге тусе аламынба жанеде 1 курстан кейн грантка ауысып кетуиме болама?
Құрметті Айнур! Оқуға тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл, оның ішінде бейіндік пән бойынша 7 баллдан, ал қалған 4 баллдан төмен емес жинаған талапкерлер қабылданады. Өкінішке орай Сіз биылғы жылы жоғары оқу орындарына түсе алмайсыз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru