Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/25/13, 12:15
Накибова Жайна
Сәлеметсізбе. Мен 92 балл алдым. Орыс тілін қоспағанда 70. Таңдау пәнім - физика. Грантқа түсуге үміт бар ма?
Құрметті Жайна ! Физика пәні бойынша мамандық таңдау үшін «Талапкер» айдарындағы ақпаратпен танысуыңызға болады. Ал, мемлекеттік білім гранттары конкурсына өтініштерді қабылдау 23-31 шілде аралығында жүзеге асырылады. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556
6/25/13, 10:04
Жайберген Гаухар
Сәлеметсиз бе! Менин атым Гаухар, мен ҰБТ- ден 67балл,орыс тилинсиз 57 балл, менин тандаган паним биология, мен осы 57 балл мен сиздердин университеттеринизге акылы окуга тусе аламын ба? Мен 2013 жылдын тулегимин,
Құрметті Гаухар ! Сіз биыл ҰБТ тапсырған болсаңыз, таңдау пәніңіз бойынша сәйкес мамандықтарға оқуға түсе аласыз. Мемлекеттік білім гранттары конкурсына өтініштерді қабылдау 23-31 шілде аралығында жүзеге асырылады. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/24/13, 22:50
Нуршат Альмуратова
Салеметсиз бе Акылбек мырза! менини бир танысым 11 сыныпты битиргенине 7 жыл болды. биыл сырттай оку болимине тапсыргысы келеди.бирак биз сырттай оку орындарына колледжден кейин кабылданатынын естидик.бул рас па.Рахмет
Құрметті Нуршат! Сырттай оқу бөліміне тек қана техникалық және кәсіптік білім негізінде, яғни колледжден кейін, өзінің сәйкесті мамандығына қабылданады. Колледж түлектері кешенді тестілеу тапсыру арқылы оқуға түсе алады. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/24/13, 22:31
Жусаева Толқын Жайықбайқызы
Сәлеметсізбе?Мен бастауыш мектеп мұғалімімін.Білімім жоғары.Сіздерден биотехнологияны сырттай оқысам ба деп едім.Биылғы 2013-2014 жылғы оқу ақысы қандай? Емтихан немесе кешенді тестілеуден өтуім қажетпе?
Құрметті Толқын! ҚР Білім және ғылым минстрлігінің 2010 жылғы 8 ақпандағы №40 бұйрығына сәйкес екінші жоғары білім орыны бойынша сырттай «Биотехнология» мамандығында білім алуға рұқсат жоқ. Біздің университетте толық ақпаратты қандай мамандықтар дайындалатыны жөнінде және қабылдау ережелері жайлы мына сайттан www.kazatu.kz «Талапкер» қосымшасынан біле аласыз. Байланыс телефондары: 8(7172)31-75-56, 39-80-18 Студенттерді қабылдау бөлімі; 31-80-90, 38-96-62, 39-40-19. Сырттай оқыту факультеті.
6/24/13, 21:07
Әбишеев Қажымұқан
Саламатсыз ба! Мен ҰБТ-дан 98 балл жинадым, орыс тілден жинаған балым 21. Осы балмен сіздердің оқу орындарыңызда, \"Ақпараттық жүйе\" немесе \"Көлік және көліктік техника\" мамандығы бойынша оқи аламын ба?
Құрметті Қажымұқан! Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. 2012 жылғы конкурс нәтижесінде таңдау пәні физика болып табылатын мамандықтарға мүмкін болатын 100 баллдан 69-100 балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Егер де ҰБТ-да физика пәнін таңдаған болсаңыз, аталған мамандықтарға бара аласыз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/24/13, 15:43
Талшын
Салеметсиз бе! Мен Мангыстау облысында турамын. Кужаттарды Актау каласындагы Есенов университетинен тапсыруга болады деп естидим. Солай сиздин универге тусуге бола ма? Жане де Универдин жатакханасы туралы билсем деймин?
Құрметті Талшын! Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы, сонымен қатар таңдаған жоғары оқу орындарын да көрстеуі тиіс. Грантқа құжаттарды кез келген қабылдау комиссиясы арқылы тапсыруға болады, ол үшін таңдаған жоғары оқу орынның кодын білуіңіз керек, ол туралы мәлімет қабылдау комиссияларында болады. Жатақханаға өтініштер оқуға қабылдау кезінде жазылады. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru