Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/24/13, 12:57
Алмасбаев Канат
Салеметсізбе! мен ҰБТ-ден 57 балл орыс тілсіз 44 балл жинадым,тандау панім физика 8 балл,тарих 13 балл,казак тілі 16 балл мен Архитектор мамандығына тапсыра аламын ба?
Құрметті Канат! «Сәулет» мамандығына оқуға түсу үшін талапкерлер 2 шығармашылық емтихан (біздің университеттің «Сәулет» мамандығында «Сурет» және «Композиция» бойынша емтихандар) тапсырады, ал ҰБТ нәтижесінен 2 пән: «Қазақстан тарихы» мен «Қазақ тілі» есепке алынады. Жоғары оқу орындарына Ұлттық бірыңғай және кешенді тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинаған талапкерлер қабылданады. Сонымен қатар, оның ішінде бейінді пәннен кемінде 7 балл (әрбір шығармашылық емтихан бойынша кемінде 10 балл), ал қалған пәндер бойынша кемінде 4 балл жинаған талапкерлер қабылданады. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru.
6/24/13, 12:03
Әбдіәмитұлы Мақсат
Құрметті ректор мырза!Мен ҰБТ-ден 68(қазақ тілі 19,қазақстан тарихы 16,география 19,математика6, орыс тілі 8)бал жинадым.Орыс тілін алып тастағанда 60 бал.Таңдау пәнім география.Осы балмен географияға байланысты қандай мамандықтардың гранттына түсуге мүмкіндіктер бар?Ал болмаса 1жылдық ақылы оқу төлемі қанша тұрады?
Құрметті Мақсат! Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. 2012 жылғы конкурс нәтижесінде таңдау пәні география болып табылатын мамандықтарға мүмкін болатын 100 баллдан 85-100 балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. География пәнімен экономикалық және жерге орналастыру факультетінің мамандықтарына оқуға түсе аласыз, оның ішінде тек қана «Кадастр», «Әлеуметтік-мәдени сервис» мамандықтарына бара аласыз, себебі Сізде математика бойынша 6 ғана балл, яғни 7 баллдан төмен. Көрсетілген мамандықтарда ғана бейіндік пән география болып табылады, яғни географиясы 7-ден болмауы керек, ал қалған мамандықтарда бейіндік пән математика болып табылады. Оқудың төлем ақысы 374,5 мың теңге. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/23/13, 21:12
Gainizhamal
Сәлеметсіздерме!мен барлығы 100 балл жинадым орыс тілін алғанда84 балл болды ендин қандай ЖОО грантқа түсе аламын?
Құрметті Ғайнижамал ! Сіз өзіңіз таңдаған бейімдік пәнді жазбаған екенсіз, сондықтан университет сайтындағы «Талапкер» айдарына кіріп мамандық таңдағаныңыз дүрыс. Ал, грантқа өтпелі баллдар мөлшері жыл сайын өзгеріп отырады, себебі ол көрсеткіш мамандыққа бөлінген гранттардың жалпы санына, талапкерлерден түскен өтініштер санына және сол жылы өткен ҰБТ-ның орташа балына байланысты болады. Сондықтан конкурсқа қатысып, үміттеніп көріңіз. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады.
6/23/13, 10:50
Отеш Акмарал Акылбек кызы
Салеметсиз бе? Менин сизге кояр сурагым бар еди. Мен \"Жылу энергетика \"мамандыгын тандаймын. Жылына канша толейди екен. Жане осы мамандыкка байланысты агылшын тилин уйрену кажет емес па?
Құрметті Ақмарал! «Жылу энергетика» мамандығын күндізгі оқу бөлімі - 346,6 мың теңге, сырттай оқу бөлімі - 176,6 мың теңге. Ағылшын тілі туралы сұрағыңызға орай айтарым, біздің университетте қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дәріс беретін топтар бар. Егер, ағылшын тілін жетік меңгерген болсаңыз ағылшын тобына құжат тапсыруыңызға болады.
6/23/13, 10:36
Отеш Акмарал Акылбек кызы
Салеметсиз бе? Мен убт-дан 67 бал жинадым без русс 59 менин бесинши паним физика. Мен жылу энергетика мамандыгын тандадым. Жылына канша толейди екен. Соны билгим келеди. Жане жатаханасы жылына канша екен.
Құрметті Ақмарал! Физика мамандығы бойынша Сіз «Жылу энергетика» мамандығына оқуға тапсыра аласыз. Күндізгі оқу бөлімінің ақысы - 346,6 мың теңге, сырттай оқу бөлімі - 176,6 мың теңге. Мемлекеттік гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Студенттерге жатақхана беру комиссия шешімімен жүзеге асады.
6/22/13, 23:43
Ермухамед Назгул
Құрметті Ректор мырза! Мен ЕНТ дан 86 орыс тілінсіз 70балл жинадым, таңдау пәнім ФИЗИКА, осы нәтиже бойынша кандай маман иесі болуға мумкіндік бар,
Құрметті Назгүл! Біздің университеттегі мамандықтар туралы толық ақпаратты www.kazatu.kz сайтының «Талапкер» бөлімінен таба аласыз. Аталмыш бөлімде университеттегі мамандықтар туралы бейнероликпен қатар, барлық факультеттер туралы толыққанды ақпарат берілген. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru