Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
8/14/19, 15:01
Кайратов Азамат Айдарбек
Сәлеметсіз бе? менің інім сіздерге оқуға құжат жіберген еді жылдығы 420 мың тенге бізге окуға қабылдану үшін 210 төлем ақы төле деді яағни оқу жарты ақысын бірақ бізде ондай ақшаны төлеитін мүмкін шілік жоқ сондықтан оған түсіністікпен қарауға болама екен? яағни айтқым келгені 420 ай сайын бөліп тілеитін қылып шығаруға болама екен біз құжат жіберген болатың быз жартылай жетім деген анықтама егер осы нірсеге түсіністікпен қарап жылдығын іретеп берсеңіз нұр үстіне нұр болатын еді артық айтсам кешірім сұраймын отініш білдіруші ағасы
Құрметті, Азамат Айдарбек! Сіздің сұрағыңыз бойынша, оқу ақысын ай сайын бөліп төлеу ерекше жағдайларда ғана Басқарма төрағасының шешімімен жүзеге асады. Бұл жағдайларға келесі санаттағы студенттер жатады: - Жетім балалар; - Толық емес отбасынан шыққан білім алушылар; - Көпбалалы отбасынан шыққан білім алушылар; - Біздің университетте 2 және одан да көп баланың білім алуы; - Магистратура немесе докторантура білім алушылары; - Мүгедек балалар; - Мүгедек ата-аналары; - Жағдайы төмен отбасылардан шыққан білім алушылар; - Қаржылық қиыншылықтары бар отбасы үшін (ата анасы жұмыссыз және ҚР банктерінде несиесі барлар) Жоғарыда көрсетілген санаттағы білім алушылар қажетті құжаттарын тіркей отырып, ай сайынғы бөліп төлеуге өтініш жазады. Барлық сұрақтар бойынша 39-73-78 телефон нөміріне хабарласып білсеңіз болады.
8/13/19, 18:35
Тажмаxанова Наргиз Балтабайқызы
Сәлеметсіз бе,Ақылбек Қажығұлұлы, сізден сұрар сұрағым мынадай: Мен 4-курс студенті 2019-2020 оқу жылында жатақханадан орын ала аламынба? 3-4 курс студенттерге арнайы келісім шартқа сәйкес хостельде тұру мүмкіндігі бар делінген еді. Былтыр хостелде тұру үшін арнайы өтініш толтырған едік. Сол жағы нақтыланған ба? Нақты қай кездері сол хостелдегі орындарға қол жеткізуге болады?
Құрметті Наргиз! Жоғары курс студенттеріэлектронды портал арқылы өтініш тіркеп, тек кезекпен орын ала алады (электронды портал 2019 жылдың 10 қыркүйегінен ашылады)
8/8/19, 08:47
Канафина Маржан Азаматовна
Сәлеметсіз бе, осы жолы "растениводство" саласына грантқа түстім. Қаламаған мамандыққа түсуіме байланысты 1 курстан соң, биотехнология саласына ауысуым мүмкін бе?
Құрметті Маржан! Сіздің 1 курсқа оқуға түскен мамандығыңыздан «5В070100 – Биотехнология» мамандығына «Қазақстан Республикасының жоғары және ЖОО кейінгі білім алу мамандықтарының классификаторлары сәйкестігі» ережесі бойынша мамандық дайындаудағы бағыттарыңыздың сәйкес келмеуіне байланысты ауыса алмайсыз
8/7/19, 10:18
Әділ Зарина Батырбекқызы
Сәлеметсіз бе ! Жатаханаға заявление жазу үшін, қандай сайтка жазады, заявлениені?
Құрметті Зарина! Студенттік жатақханаға орналастыру ережесіне сәйкес жоғары курс білім алушылары жатақханаға рейтинг ұпайларының нәтижесі бойынша орналастырылады (студенттің әлеуметтік жағдайы тек 1-курста ескеріледі). Егер ұпайыңыз төмен болса, оқу орнымыздың Білім порталындағы «Жатақхана» автоматтандылыған ақпараттық жүйесіндегі(АИС «Общежитие») қосымша арқылы электронды кезекке тұрып, орын алуға мүмкіндігіңіз бар. Электронды кезек порталы 2019 жылдың 10 қыркүйегінен өтініштерді тіркейді.
8/7/19, 10:11
Әділ Зарина Батырбекқызы
Сәлеметсіз бе ! Мен 2курс студентімін. А тобынан Б тобына ауысу үшін Цоо-ға бару кажет екен. Бірақ Цооға 26-27 августте барсам, ауыса аламынба. Уақыт кеш болмайдыма?
Сәлеметсіз бе, Зарина! Сіздің 07.08.2019 жылғы хатыңызға жауап: Білім алушыларға қызмет көрсету орталығының мамандары студенттерден өтінішті С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Білім алушыларды оқудан шығару, оқуға қабылдау, ауыстыру және академиялық демалыс беру туралы» Ережесінің 6 бап - 6.2.5. тармағына сәйкес әр айдың 25-не дейін қабылдайды. Ауыстыру мерзімі академиялық демалыс кезіңде жүзеге асырылады. Бірақ, Сіз А - тобынан Б - тобына ауыса алмайсыз, себебі мамандандыру бағыттары екі топта да бірдей және жоғарыда көрсетілген Ережеде ол қарастырылмаған. Барлық сұрақтар бойынша білім алушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласа аласыз (39-73-78)
8/2/19, 22:46
Биғалиева Асылай Думанқызы
Сәлеметсіз бе! Мен Орал каласынан боламын. Астанаға алғаш рет келмекшымын. Сұрайын дегеним Азық-тулик ондириси факультетіне түскен студенттердин жатақханасы барлық жағдаймен қамтылғанба? Студенттерды жатақханаға қабылдау тамыздың нешесине дейін? Жатақхана бағасы жылына қанша тг?
Құрметті Асылай! Оқу орнымызда 1-курс студенттері жатақханамен толық қамтамасыз етіледі. Жатақханаға орналасу үшін, Сіздің атыңыздан 2019 жылдың 26 тамызына дейін өтініш тіркелу қажет. Жатақханада тұру ақысы бір жылға 70-80 мың теңгені құрайды.