Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
8/1/19, 12:06
Муканова Гүлшат Сагинбаевна
Сәлеметсіз бе, Ақылбек Қажығұлұлы! Сізге қоятын сұрағым бар. Менің қызым мектепті бітіріп отыр. ҰБТ-дан 93 бал алды. Мемлекеттік грантқа ілінбей қалды. Мектепті жақсы бітірді. Таңдап отырған мамандығы: шет тілі. Өзім көп балалы анамын. Күміс алқа иегерімін. Сіздің университетте көп балалы отбасынан шыққан балалар үшін қандай жеңілдіктер қарастырылған? 90 жылдық тарихы бар оқу орнынан білім алғанын қалаймын өзім. Уақыт бөлгеніңізге көп рахмет!
Құрметті Гүлшат Сагинбаевна! Сіздің қызыңыз таңдап отырған мамандық «Шет тілі» бойынша біздің университетте дайындық жүзеге асырылмайды. Университетіміздің білім беру бағдарламалары бойынша бейіндік пәндері математика+физика, математика+география, химия+биология, география+биология болып табылады. 2019 жылда маусым айында тапсырған ҰБТ сертификатымен жергілікті атқарушы органдар (әкімшілік) тарапынан бөлінетін және көп балалы мен әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балалары үшін биылғы жылы қосымша бөлінген 5 мың грантқа үміттене алады. Ол үшін сертификаттағы бейіндік пәндерге сәйкес келетін мамандық бойынша дайындық жүргізілетін оқу орындарының қабылдау комиссияларына хабарласыныз. Аталмыш нысандағы азаматтар үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан бөлінген 5 мың грантты жергілікті атқарушы органдарға трансферт арқылы орнатылады, яғни облыстар мен республикалық деңгейдегі қалалар әкімшіліктері өздеріне қажетті мамандықтар бойынша мемлекеттік тапсырысты жоғары оқу орындарына орналастырады. Анықтамалар үшін: 8-7172-31-75-56
7/17/19, 09:36
Лаура Лаура Жомарт
Сәлеметсізбе? Мен 2018-2019 жыл қорытындысы бойынша жатазанадан 234 балл жинаған болатынмын. әкем 2 топтың мүгедегі.жұмыссыз.мен 2019-2020жылы жатахана ала аламынба? жатахана алғаным жақсы еді.
Құрметті Лаура! Жатақхана тұру ережесіне сәйкес жоғарғы курс студенттері жатақханаға балдық жүйемен орналастырылады. Ережеге сәйкес 260 балл жоғарғы көрсеткіш, яғни осы балдан бастап студенттер жатақханаға орналастырылады. Ал төмен жинаған студенттерге электрондық порталға тіркелген кезекке сәйкес беріледі. Осы себептен, жатақхана порталына тіркелгеніңіз абзал.
7/11/19, 15:49
Өмірзақ Анар Қасқырбайқызы
Құрметті,Ақылбек Қажығұлұлы. Мен осы шілде айындағы кадастр мамандығы бойынша ҚазАТУ-дың түлегімін. Сізден сұрайын дегенім мен Қарағанды қаласында жұмыс істеуіме байланысты, осы жылы Кадастр мамандығы бойынша магистратураға түсіп, дистанциондық оқытуға ауыса аламын ба? Немесе дистанциондық оқытуға қандай құжаттар керек?
Құрметті Анар! Кадастр мамандығы бойынша магистратураға түсе аласыз. Біздің университетте магистратураның оқыту түрі – күндізгі, аралас. Дәрістер мен өздік жұмыстар Moodle деген қашықтықтан оқыту жүйесінде, ал тәжірибелік және зертханалық сабақтар күнделікті сабаққа қатысып дәстүрлі оқыту түрінде өтіледі. 100% қашықтықтан оқыту түрі қарастырылмаған. Құжаттар 25 шілдеге дейін қабылданады. Барлық сұрақтар бойынша 87079553769 телефон номеріне хабарлассаңыз болады.
7/8/19, 13:25
Толеген Акмарал Жанайдаровна
Сәлеметсіз бе, Ахылбек Кажигулович! Сізге қояр 2 сұрағым бар: 1) 3-курстың 2019-ж. 1-семестрінің сабақ кестесі қай кезде шығады? 2) Студенттерді хостеллмен қамтамасыз ету туралы ақпараттың қаншалықты жүзеге асатыны туралы айта аласыз ба? 3-курс стуленттері жатақхана ала алады ма,егер алуға мүмкін баллы жетіп тұрса? Рахмет.
Құрметті Марал Жанайдаровна! "КАТУ-да оқу сабақтары мен емтихандардың кестесін жасау тәртібі туралы" ережеге сәйкес, ескерту 6.2: "Оқу сабақтарының кестесі әр мамандық бойынша оқу жоспары мен оқу үрдісінің кестесіне сәйкес семестр/триместр сабақ басталғанға дейін кемінде бір ай бұрын білім алушыларды тіркеу және аттестаттау бөлімінің мамандарымен автоматтандыру режимінде құрастырылады.» Қазіргі таңда университетіміздің студенттерін қосымшы жатақханмен қамтамасыз ету мәселелері қарастырылуда. Ал егер Сіздің жинаған балыңыз жеткілікті болса, онда 3-курс студенттері арасынан бірінші кезекте жатақханадан орын алатын санатқа енгізілесіз.
5/30/19, 17:18
Айсин Жанарыс
Мен 2 курс студентімін. Бізде июнь айында өндірістік практика болады. Практика әлі басталмады, бірақ платонустағы транскриптте 0 тұр. Сонда жаз айында стипендия алмаймызба?
Құрметті Жанарыс! Энергетикалық факультетінің 5В071900-«Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша 2 курстағы студенттердің өндірістік практика бойынша алған бағалары жазғы семестр қорытындысы бойынша тағайындалатын стипендияға әсер етпейді. Бірақ практика бағасы 3 курстың қысқы сессиясы бойынша стипендия тағайындауда қарастырылады.
5/23/19, 16:33
Кенжалиева Ұлмекен Мұсақызы
Салеметсізбе? Мен биыл биология мамандығы бойынша бакалавр мамандығын тәмәмдағалы отырмын . Сіздердің оқу орындарыңызға магистратураға тапсырып,әрмен қарай білімімді жетілдіргім келеді Құжат қай уақыттан бастап қабылдайсыздар.Сол туралы толығырақ білгім келеді .Грант саны шектеулі ме?
Құрметті Ұлмекен Мұсақызы! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №600 бұйрығымен бекітілген жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың Үлгілік қағидаларына сәйкес ЖОО магистратурасына, докторантурасына, ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына түсушілердің өтініштерін қабылдау ЖОО-лардың және ғылыми ұйымдардың қабылдау комиссияларымен, сондай-ақ ақпараттық жүйе арқылы жүргізіледі. Өтініштерді қабылдау мерзімі күнтізбелік жылдың 3-25 шілде аралығында. Шет тілі бойынша, мамандық бойынша түсу емтихандары, кешенді тестілеу күнтізбелік жылдың 8-16 тамызы аралығында, қабылдау күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін жүргізіледі. Магистратура, резидентура және докторантураға түсуші тұлғалар: - оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратураға түсуші тұлғалар: шет тілі бойынша тесттен (таңдау бойынша ағылшын, француз, неміс тілі), білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен, оқуға дайындығын анықтауға арналған тесттен тұратын кешенді тестілеу тапсырады; - оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға түсуші тұлғалар: ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен және оқуға дайындығын анықтауға арналған ағылшын тіліндегі тесттен тұратын кешенді тестілеу тапсырады. Биология бакалавры дипломымен біздің университетіміздің «Биотехнология» бағыты жақын болып табылады. Негізінде әр университетте кафедралар келетін мамандықтар мен пререквизиттер тізімі Ғылыми кеңесте бекітіліп, қабылдау комиссияларына беріледі, құжат тапсыру барысында анықтап алуға болады. Анықтамалар үшін: 8-7172-31-75-56.