Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/26/20, 08:49
Абдигул Гульжаухар Казболатовна
Сәлеметсіз бе, Ақылбек Қажығұл ұлы! Менің бір сұрағым әрі өтінішіміз бар еді. Мен өзімнің және барлық университет докторанттарының атынан Сізге жолдап отырмын. Осы неге сыйақылар докторант,әрі оқытушыларға берілмейді. Біздің алатын айлығымыз тіпті ай сайынғы оқу ақысына да жетпейді. Рахмет оқу ақысына жеңілдік бердіңіз. Ай сайын 93мың тг төлейміз, ал алатын айлығымыз 60мың тг. Ал мерекелерде берілетін сыйақылар біздерге докторантурада оқыған үшін берілмейді дейді, біздерге ол да үлкен көмек болар еді. Бүгінгі киын жағдай кезінде алынатын сыйақы да берілмейді. Біз де бірнеше жыл оқу саласында еңбек етіп келеміз. 8наурыз, басқа да мерекелердегі, төтенше жағдайда берілетін сыйақыларға біздерді де қоссаңыз деген өтінішіміз бар.
Құрметті Гүлжауһар Қазболатқызы Университет бойынша сыйлықақы беру тәртібі«С.Сейфуллинатындағы ҚазАТУ» КеАҚ қызметкерлерінің еңбек ақысы және басқа да төлемдерді төлеу туралы Ережеге» сәйкес реттеледі.Оқу оқып жүріп, жұмыс жасайтын докторантар қосымша атқарушылар болып табылады. Олар штаттық қызметкерлер қатарына жатпайды. Жоғарыдағы ережеге сәйкес, сыйлықақы тек штаттық қызметкерлерге ғана беріледі.
6/25/20, 12:35
Аштаева Меруерт Алижанкызы
Сәлеметсізбе)Мен Агрономиялық факультетің 1 курс магистранты Аштаева Меруерт. Мамыр айының соңына қарай емтихан тапсырып барлық сабақтарымды 4-5 жаптым,бирақ маусым айында степендия түспеді, не себепті бұлай болғанын біліп бере аласыз ба?)
Құрметті Меруерт! 3-триместр қорытындысы бойынша стипендия ережеге сәйкес 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап 30 желтоқсан аралығына тағайындалады.
6/22/20, 19:30
Сейлханова Аяжан Сейлхановна
Құрметті Ақылбек Қажыгұлұлы! Мен Сейілханова Аяжан Сейілханқызы ҰБТ-дан 56 балл жинаған болатынмын. Мен ветеринарная санитария мамандығы бойынша ақылы бөлімге оқуга түсе аламын ба?
Құрметті Аяжан! Мемлекеттік білім гранттары конкурсына қатысу үшін талапкер ҰБТ-дан кем дегенде 50 балл (әр пәннен 5 баллдан төмен емес) жинауы керек. Мемлекеттік білім гранттары конкурсына өтініштер 13-20 шілде аралығында қабылданады, қабылдау электронды үкімет сайты арқылы жүзеге асырылады. Өтініш беру барысында талапкердің 4 мамандықты көрсетуге мүмкіндігі бар. Бейіндік пәндері сәйкес келген жағдайда, ол 4 мамандықтар бір оқу орнында немесе 4 оқу орнында болуы мүмкін. Гранттарды үлестіру нәтижесі 1 тамыз күні белгілі болады, грант иегерлерінің тізімі «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерінде немесе Білім және ғылым министрлігінің (www.edu.gov.kz), Ұлттық тестілеу орталығының (www.testcenter.kz) сайттарында жарияланады. Грантқа өтпеген жағдайда, Сіздің ҰБТ-дан жинаған 56 баллмен (әр пән бойынша 5 баллдан төмен емес жағдайда) біздің университеттің Ветеринарлық санитария мамандығы бойынша ақылы бөліміне түсе аласыз, оқу ақысы – жылына 420 000 теңге, кейін ақылы негізде оқып жүріп, босаған гранттарға үміткер бола аласыз, әрине ол үшін оқу үлгерімі басты көрсеткіш болып есептеледі. Анықтамалар үшін: 8(7172) 31-75-56
6/22/20, 17:16
Буркитбай Жулдыз Болаткызы
Сәлеметсіз бе, құрметті Ақылбек Қажығұлұлы! Бізге Нұр-Сұлтан қаласында тұратындар дипломдарымызды 13 шілде күні цо-ға барып аласындар деген, енді қазіргі жағдайға байланысты почтамен аласындар дейді. Бізде группада магистратураға тапсыратын балалар бар, магистратураға документ тапсыру 15 шілде соңғы күн, бізге ертерек алуға немесе өзіміз барып алсақ болады ма? Себебі почтамамен қаншан келетіңі белгісіз.
Құрметті Жұлдыз! Биылғы түлектердің дипломдарын пошта арқылы және қолма-қол алуына мүмкіндік жасалынды. Дипломды қолға алу 1 шілдеден бастап мүмкін болады. Әр факультет пен мамандықтардың алдын ала өз алу реті әзірленеді. Факультет декандары видеоконференция арқылы сізге сай белгіленген уақытты қосымша хабарлайды.
6/11/20, 09:45
Тулекова Сапура Сейдуалина
Қайырлы күн! Нұр-Сұлтан қаласындағы Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейде физика-математикалық, география-экономикалық, химия-биологиялық, агро-технологиялық және әлеуметтік-географиялық сыныптар бар. Осы сыныптарда бейіндік оқыту мазмұнын жақсарту мақсатында Сіз басқаратын университетпен тиімді серіктестік жолдарын қарастыруға ұсыныс білдіргім келеді. Мүмкіндік болса, аталған ұсынысты жан-жақты талқылау үшін Сәзге қабылдауға жазылсам деп едім. Сайттағы байланыс телефондарына бірнеше күн хабарласып, сөйлесе алмағандықтан басшының блогына жазуға тура келді. Өтінішімді қабыл алады деп сенемін. Алдын ала рақмет!
Құрметті Сапура! С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ Нұр-Сұлтан қаласындағы мектеп-лицейлерімен бейіндік оқыту мазмұнын жақсарту жұмыстарын және аталған ұсыныстарыңызды қарастыру үшін академикалық мәселелер жөніндегі департамент директоры Серекпаев Нұрлан Аманкелдіұлына хабарласып (тел.: 8 (7172) 39-39-19; 8 (702) 239-19-30), жан-жақты талқылауға болады.
5/25/20, 17:23
Елдосов Бек Досулы
Құрметті Ахылбек Кажыгулович! Әлемдегі болып жатқан жағдай, өкінішке орай, елімізді де айналып өтпегені рас. Кәсіпорындар, зауыттар, ірі, шағын және орта бизнестердің есігіне қазіргі таңда құлып салынып, қаңырап бос тұр. Осының нәтижесінде қаншама отандастарымыз күнделікті күнкөрісінен қағылып, елде біршама қаңқу сөздер көбейгені жасырын емес. Студенттерге келер болсақ, әрине, жағдай бәріне ортақ. Ешкім төтенше жағдайды болжап, бағып отырған жоқ. Індет тұтқиылдан келгендіктен, еліміздің ЖОО-дары, атап айтқанда, біздің С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті жедел түрде қашықтан білім алу жүйесіне көшіп, біз, студенттер қауымы да туындап отырған жағдайға барынша тез үйренісіп, білімімізді жалғастырдық. Дегенмен, ғаламторға қосылу мүмкіндігі сын көтермейтін шалғай ауылдарда тұратын студенттерімізде біраз келеңсіз жайттар орын алды. Әрине, техникалық ақауларға байланысты. Тағы бірімізде, ата-анамыздың жұмысы тоқтап, мемлекет көмегіне зәру. Туындаған жағдайға байланысты және жоғарыда жазылған жайттарды негізге ала отырып, университет басшылығынан: - оқу ақысы мен жазғы семестрдің ақысын төлеу уақытын, мүмкіндігінше кейінге қалдыру; - биылғы жазғы семестрдің ақысын төлеп, оқуды кейінге қалдыруды сұраймыз. Университетіміздің біршама білім алушылары жазғы демалыс уақытында, ата-анасының қалтасына ауыртпалық салмау мақсатында өз нәпақасын өздері табатыны белгілі. Бүгінгідей туындаған жағдайда жазғы демалыстағы жұмыстың маңызы еселенді. Аталмыш жайттарды ескере отырып, қос тарапқа да қолайлы шешім қабылдайды деп үміттенеміз. Құрметпен, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, III-курс студенті, Бек Елдосов.
Құрметті Бек Елдосов! Оқу ақысы бойынша қарызды бөліп төлеу үшін С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ ректоры А.Қ.Күрішбаевтың атына себебі, сомасы, қарызды толық өтеу күні көрсетілген өтінішті жазып, daurenbekova.aigul@mail.ru электронды поштасына жіберу керек.