Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/21/13, 13:15
Тұрғынов Айдос
Сәлеметсізбе! осы жылы ҚазАту университетінде проходной балл қанша болады?
Құрметті Айдос ! Біздің университетке 50 баллдан жоғары балл жинаған талапкерлер құжаттар тапсыра алады. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru.
6/21/13, 13:04
Балнур Мараткызы
салеметсиз бе? Мен УБТ-дан тазасы 52 балл жинадым, бирак физакадан 6 балл. Ягни конкурска катыспаймын. Сиздерге акылы окуга тусе алам ба? Рахмет!
Құрметті Балнұр ! Мамандық таңдау үшін www.kazatu.kz сайтындағы «Талапкер» айдарында барлық мамандықтар мен оқу ақысы туралы ақпаратты ала аласыз. Аталмыш бөлімде әр пән бойынша мамандықтар ашық көрсетілген.
6/21/13, 13:03
Нурбол
Сәлеметсіз бе, Ақылбек Қажығұлұлы! ҰБТ-дан 90 балл жинап, оның ішінде орыс тілсіз 79 балл иегері болып отырмын. Маған \"Техника\" факультетіне грант-қа түсуге мүмкіншілік бар ма? Армандаған мамандығым «Өңдеу өндірістерінің технологиясы» және «Технологиялық машиналар және жабдықтар» болып табылады.
Құрметті Нурбол! Егер де таңдау бойынша пәніңіз физика болатын болса, техникалық факультеттің мамандықтарына оқуға бара аласыз. Өңдеу өндірістерінің технологиясы мамандығы бойынша таңдау бойыннша пән – химия. Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. 2012 жылғы конкурс нәтижесінде таңдау пәні физика болып табылатын мамандықтарға мүмкін болатын 100 баллдан 69-100 балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/21/13, 00:16
Турарова Бегимай
сәлеметсизбе ректор мырза!!! Менин коятын сурагым сиздерде орыс мектептерине казак тили пәннен беретин мамандык барма
Құрметті Бегимай! Университетімізде «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша дайындық жүзеге асырылмайды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/20/13, 21:24
калмурзина аккенже кажымуханкызы
Салеметсиз бе!мен 2012 тулегимин, ЕНТ дан 71 балл алдым,орыс тилинсиз 52 балл.Ауылдан битирдим сельский квота косыла ма? Сиздерге грантка оте алам ба? Отсем кандай мамандыкка оте алам? Кандай кужаттар кажет?кашанга дейiн кужат кабылдайсыздар? Рахмет.
Құрметті Ақкенже! Егер де Сіз мектепті 2012 жылы аяқтаған болсаңыз, онда биылғы жылы жоғары оқу орындарына оқуға түсу үшін міндетті түрде кешенді тестілеу тапсыруыңыз керек. Ал егерде биылғы жылдың түлегі болып, ҰБТ тапсырған болсаңыз, таңдау бойынша пәніңізге сәйкес мамандықтарға оқұға түсе аласыз. Мемлекеттік білім гранттары конкурсына өтініштерді қабылдау 23-31 шілде аралығында жүзеге асырылады. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/20/13, 14:46
Темирханов Мырзабек
Салеметсіздерме! Тандаган пәнім дуние жузи тарихы , барлыгы 55балл,орыс тілінсіз 49. Казак тили 11, Казакстан тарихы 13, орыс тили 6, Математика 8, Тандау паним Д тарихынан 17 , юридический мамандыкка тусе аламба??? РАХМЕТ
Құрметті Мырзабек! Университетіміз заңгерлер дайындамайды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru