Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/19/13, 16:49
Балнур Мараткызы
салеметсиз бе? Мен УБТ-дан тазасы 52 балл жинадым, бирак беймдик паннен 6 балл жинап калдым. Сиздерге акылы болимге окуга тусе алам ба?
Құрметті Балнур! Сұрағыңызда таңдау пәніңіз бен бейіндік пәніңіз қандай екендігін көрсетпегендіктен нақты жауап бере алмаймыз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/18/13, 22:29
коркем
сәлеметсізбе.сізге қояр сұрағым,шығармашылық емтихан туралы айтсаңыз және ол қалай бағаланады???
Құрметті Көркем ! Сәулет факультетіне шығармашылық байқауды факультет деканаты ұйымдастырады, шығармашылық жұмыстарды бағалау комиссия құзырында. Сәулет факультеті туралы ақпаратты 39 77 28, 39 75 59 телефондары арқылы.
6/18/13, 20:45
Альдекенова Жансая Назарбековна
Салеметсиздерме! Менин есимим Жансая. Мен биылгы жылгы УБТ-дан 75 балл жинадым (орыс тилинсиз 63). Мен осы баллмен кандай да бир жогаргы оку орнына грантка тусе аламынба? Тандаган паним казак адебиети. Сиздерден жауап кутем. Рахмет!
Құрметті Жансая! Біздің университетте қазақ әдебиеті пәні бойынша мамандықтар жоқ. Сондықтан гуманитарлық салада білім беретін оқу орындарына хабарласқаныңыз жөн.
6/18/13, 16:57
Жумагазина Асель
Салематсыз ба!Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев!Менин Сизге сурагым сизде магистратура менеждментке жане экономика мамандыктарынын куны неше?
Құрметті Әсел! Магистратурада оқудың ақысы жыл сайын ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітіледі. 2013-2014 оқу жылында – 396 000 тг. Қосымша ақпаратты университет сайтынан www.kazatu.kz алуыңызға болады.
6/18/13, 15:24
Акбарова Кундызай
Сәлеметсізбе!Күрметті Ақылбек Қажығұлұлы!Мен 05.06.2013ж ҰБТ-дан 95 балл алдым орыс тілінсіз 78.тандау пәнім география.Сіздерде қандай ауыл шаруашылык мамандықтары бар және бөлінген грант саны қанша.Геодезия картография мамандығына тусу ушин канша балл жинау керек,бөлінген грант саны канша?ауылдык квота косыладыма?
Құрметті Жансая! Біздің университетте қазақ әдебиеті пәні бойынша мамандықтар жоқ. Сондықтан гуманитарлық салада білім беретін оқу орындарына хабарласқаныңыз жөн.
6/18/13, 12:23
шалбай қымбат батыржанқызы
есимим қымбат тестен 70балл жинадым.орыс тілді алғанда 57.алгебра 3болып қалды.таңдау пәнім физика қандай мамандыққа түсуге болады.
Құрметті Қымбат! Біздің университеттегі мамандықтар туралы толық ақпаратты www.kazatu.kz сайтының «Талапкер» бөлімінен таба аласыз. Ал, мемлекеттік гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады.