Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
1/28/14, 14:34
Айнур
Акылбек ағай менин сизге кояр сұрағым мен биыл колледжді битиремин,кешенді тестілеуде канша пәннен тапсырамыз,осы сурагыма толык акпарат берсеңіз.жауап күтемин.рахмет!
Құрметті Айнұр! Кешенді тестілеуді келесі 4 пән бойынша тапсырасыз: математика, Қазақстан тарихы, қазақ немесе орыс тілі (оқу тілі) және таңдау пәні (мамандыққа сәйкес). Сіз өз сұрағыңызда колледжі қай мамандықта аяқтағалы отырғаңызды көрсетпегендіктен, таңдау пәні бойынша нақты мәліметті келтіре алмаймыз. Университетіміздің мамандықтары www.kazatu.kz ресми сайтымызда, «Талапкер» бөлімінде көрсетілген, ол жерде мамандықтарға сәйкес таңдау пәндері де нақты айқындалған. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
1/27/14, 17:04
Орынбасарова Алма
саламатсызба Акылбек Кажыгулулы!Биыл синилим мектеп битиретин еди(2014ж)физика панин тандап отрмыз.Кандай мамандык тандаганымыз жон деп ойлайсыз.немесе мамандыктар тизимин кайдан коруге болады. Грантка канша балл жеткиликти екен
Құрметті Алма! Мамандықтар тізімін университетіміздің www.kazatu.kz ресми сайтынан, «Талапкер» бөлімінен қарай аласыз. Таңдау пәні физика болып табылатын мамандықтар бойынша оқыту келесі факультеттерде жүзеге асырылады: Техникалық факультет: - 5В071300 - Көлік, көліктік техника және технология; - 5В072400 - Технологиялық машиналар және жабдықтар; - 5В073200 - Стандарттау, метрология және сертификаттау; - 5В080600 - Аграрлық техника және технология; - 5В090100 - Көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру; Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультеті: - 5В012000 - Кәсіптік білім; - 5В070300 - Ақпараттық жүйелер; - 5В070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; Энергетикалық факультет: - 5В071700 - Жылу энергетикасы; - 5В071800 - Электр энергетикасы; - 5В071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация; - 5В081200 - Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету. Көрсетілген мамандықтар бойынша 2013 жылғы конкурс нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан 69-97 балл аралығында жинаған талапкерлер грантқа ие болды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
1/25/14, 14:07
Жулдыз Каирбекова
Сәлеметсіз бе,Ақылбек Қажығұлұлы! Мен 11 сынып оқушысымын.5 пәнім география. маған грантқа түсу үшін қанша балл,проходной балл алуым тиіспін?қаржы немесе есеп және аудит факультетіне.Жеңілдіктер бар ма?отбасымызда 5 бала,мен үлкенімін.Сонымен қоса мен бала жасымнан мүгедекпін.Рахмет
Құрметті Жұлдыз! 2013 жылғы конкурс нәтижесінде «Қаржы» немесе «Есеп және аудит» мамандықтары бойынша мемлекеттік білім гранттарын тек қана Алтын белгімен бітірген оқушылар иеленді. Бала жасынан мүгедек болып табылатын, талапкерлер үшін мемлекеттік білім гранттарын тағайындау кезінде 1 % квота қарастырылған. Құжаттарды тапсыру кезінде дәрігерлік-сараптамалық анықтаманы тапсыру қажет. Мемлекеттік білім гранттарына құжаттарды тапсыру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы, олардың барлығы таңдау бойынша пәндері бірдей болуы тиіс, яғни Сіз география тапсырсаңыз – осы пәнге сәйкес мамандықтарға тапсыра аласыз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
1/21/14, 23:15
Қазыкенов Абылай
Салеметсізбе!!! Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы! Менің сізге қояр сұрағым: Сіз бөлген гранттар туралы қалай білсем болады??? Толық ақпарат берсеңіз. Алдын ала рахмет!!!
Құрметті Абылай! Мамандықтарға гранттар мемлекет тарапынан мемлекеттік тапсырыс беру арқылы, яғни мемлекеттік білім гранттарды тағайындау арқылы бөлінеді. Ол үшін жыл сайын талапкерлер арасында мемлекеттік білім гранттарын тағайындау бойынша конкурс өткізіледі, аталған конкурсқа Ұлттық бірыңғай тестілеу немесе кешенді тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинаған талапкерлер қатыса алады. Өтініштер 23-31 шілде аралығында қабылданады. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
1/21/14, 21:40
Арай 4 курс
Сәлеметсізбе Ақылбек Қажығұлұлы! Мені мазалап отырған сұрақ оқу ордамыздын көптеген студенттерін мазалап отырғаны сөзсіз.Осыдан бірнеше ай бұрын www.zakon.kz сайтынан ҚазАТУ 2014 жылы еліміздегі ең алғаш ауыл шаруашылығы саласының әлемдік деңгейдегі зерттеу университеті болып құрылуды жоспарлап отыр деген мақаланы оқып қуанып қалған едік бірақ әзірге еш өзгеріс бола қойған жоқ.Биыл бітіретін түлектер статусы жоғары зерттеу университетінің дипломын ала аладыма? немесе бұрынғы дипломды аладыма екен? Сұрағыма толық қанды жауап береді деп сенемін. Рахмет.
Құрметті Арай! Университетімізде аграрлық зерттеу университетін құру мәселелері бойынша дайындық жұмыстар жүргізіліп жатқандығын, алайда қазіргі таңда университет статусы өзгермегендігін хабарлаймын.
1/21/14, 21:20
Измахан Закерия
Ассалаумагаликум ага мен 11сынып окушысымын. Мен тандау панге химия тандап жатырмын.сурак кандай мамандыктар сураныска йе. Сол жайлы. Канша балмен кай мамандыкка тусуге болады. Жауапты электронды поштама жаза салынышшы.жауап асыга кутем.
Құрметті Измахан! Таңдау пәні химия болып табылатын мамандықтар: 5В072700 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», 5В072800 – «Қайта өңдеу технологиясы». Көрсетілген мамандықтар бойынша 2013 жылғы конкурс нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан 73 балл жинаған тиалапкерлер грант иегері атанды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru