Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
1/19/12, 21:57
Дарубаев Алиби
Ассалаумағалейкум,Ақылбек ағай! Сізді жаңа жеткен жетістігіңізбен құттықтаймын! Халық қалаулысы болыпсыз, қуаныштымын. Мен, Дарубаев Алиби, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың \"өсімдік қорғау және карантин\" мамандығы бойынша 1-курс студентімін(грант). 1-симестрімді өте жақсы аяқтадым. Қазіргі оқып жатқан мамандығымды 2-ші курстан бастап Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінде жалғастырсам деп едім (грантты жоғалтпай). Себебі, Алматы қаласының жергілікті тұрғынымын және ата-анам да осы жерде. Рахмет!!!
Құрметті Алиби! Біздің университеттегі 5В081100-«Өсімдік қорғау және карантин» мамандығына грантыңызды сақтай отыра оқу орны ректорының келісімімен қысқы және жазғы сессия демалыс уақыты аралығында ауысуыңызға болады. Қосымша сұрақтар бойынша агрономиялық факультетінің деканатына хабарласуыңызды сұраймын. Телефон: 39-38-47.
1/19/12, 14:01
Айнұр Бақытова
Мен биылғы ЕНТға биология пәнінен дайындалып жатырмын. Сіздерде бұл пән бойынша Грантқа түсу үшін қандай мамандықтар бар: Орыс сыныптары үшін гранттық балл қанша болмақ? Рахмет.
Құрметті Айнұр! Университетіміздің келесі мамандықтары бойынша таңдау пәні биология болып табылады: 5В060800 - «Экология», 5В070100 – «Биотехнология», 5В080100 - «Агрономия», 5В080200 - «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы», 5В080300 - «Аңшылықтану және аң шаруашылығы», 5В080400 - «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», 5В080800 - «Топырақтану және агрохимия», 5В081100 – «Өсімдік қорғау және карантин», 5В120100 – «Ветеринарлық медицина» және 5В120200 – «Ветеринарлық санитария». 2011 жылдың гранттар конкурсының нәтижесінде көрсетілген мамандықтар бойынша орыс сыныптарына мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар келесідей болды: 69-дан 90 баллға дейін қалалық мектепті бітірген түлектер үшін, 67-ден 86 баллға дейін ауылдық квотамен оқуға түскен түлектер үшін. Анықтамалар үшін: тел.: 8-7172-317-556 (студенттерді қабылдау бөлімі).
1/18/12, 00:04
Есенжолов Ерасыл
Сәлеметсіз бе, құрметті Ақылбек Қажығұлұлы! Мен университетте сабак 8акпаннан басталады жане сабактар сагат 8-00 басталыды деп естидим сол распа?
Құрметті Ерасыл! 2011-2012 оқу жылының екінші семестрі 2012 жылдың 30 қаңтарынан басталады. Сабақтар мен қоңыраулар кестесін факультеттерден көресіздер. Көп өзгерістер болмайды.
1/17/12, 15:55
Ерсултан
Салеметсизбе ректор мырза! Сизге кояр сурагым, осы 2011-2012 оку жылына электрэнергетикасы факультетинин 1курсына косымша грант болингенбе?
Құрметті Ерсултан! Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігімен 2011-2012 оқу жылының қысқы емтихан сессиясы нәтижесінде Республика бойынша 5В0701800-Электр энергетикасы мамандығының 1 курсына 2 босаған мемлекеттік білім беру грантына конкурс жарияланды. Конкурс қорытындысы наурыз айының басында белгілі болады.
1/17/12, 08:03
Бауыржан
Ақылбек Қажығұлұлы! Сізді депутаттыққа өтті дегенді естіп қуаныштымыз. Құттықтаймыз! Жаңадан келсеңіз де ректор болып, елімізге танымал адам екеніңіз көрінді. Біз де Сіздің депутат болғаныңыз университетке пайдасын тигізеді деп ойлаймыз. Универдің беделді болғаны бізге де жақсы. Сізге табыстар тілейміз! группаластарымның атынан Бауырдан тех.фак
1/16/12, 19:47
Сатылған Ақылбек
Ассалаумуалейкум Ақылбек ағай. Мен Алматыдағы Абай атындағы ҚазҰПУ-нің физика-математика факультетінің \"кәсіптік оқыту\" мамандығының 1-курс студентімін. Алғашқы симестрімді жақсы аяқтадым. Естуім бойынша, қазір, университеттер арасында студент алмасу жүріп жатқан көрінеді. Менің мамандығым сіздердің университеттеріңізде де бар екен, өз мамандығымның 2 симестрін сіздердің университеттеріңізде оқығым келеді, өз білімімді шыңдасам дим. Ол мүмкін бе? Егер мүмкін болса, не істеуім қажет? Рахмет!
Құрметті Ақылбек! Академиялық ұтқырлық шеңберінде Сіз біздің университетімізде Кәсіптік білім беру мамандығы бойынша білім ала аласыз. Бірақ, ол үшін Сіз оқып жатқан оқу орнының басшылығы біздің университетімізбен Академиялық ұтқырлық бойынша өзара ынтымақтастық келісім-шартын жасасуы қажет.