Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
1/30/13, 21:07
Айбек Ізмаханов
Саламатсызба құрметті Ақылбек Қажығұлұлы, мен 2012 жылы осы ҚазАТУ да энергетика факультетінде , жылуэнергетика мамандығын бітіргем, сонымен қатар әскери кафедраны бітіргем.Әскери билет оқуды бітірген соң 2 айдан кейін болат деген,әлі жоқ. Енді сұрақ: әскери билетті (военный билет) қашан және кайдан аламыз? Назарыңызға рахмет.
Құрметті Айбек! Сізге мәлімет ретінде жеткіземін. ҚР 2012ж.16.02 № 561-IV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес біз әскери кафедра түлектеріне әскери атақ берілуіне қажетті құжаттарды ҚР Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаментіне 2012 жылғы қыркүйек айында жібергенбіз. Әскери атақ берілуі жөніндегі бұйрыққа жоғарыда аталған Заңға Ережелер шыққаннан кейін Қорғаныс министрлігі қол қояды.
1/28/13, 17:46
Марат
Біздің ректораттың жұмыс кестесі қандай? Бес күндік болады деп естідік сол рас па?
Құрметті Марат! Ректораттың жұмыс кестесі өзгерген жоқ, бұрынғыдай алты күндік.
1/21/13, 20:04
Кашкылдыков Куаныш Багытжанулы
салеметсизбе!!! сизге кояр сурагым биотехнология деген кандай мамандык жане сол мамандыкка грантка тусу ушин неше балл керек?алдын ала рахмет!!!!!!!
Құрметті Қуаныш! Биотехнология мамандығының кәсіптік қызметінің сферасы: биотехнологиялық процестерді әзірлеумен қамтамасыз ету, тағамдық және түрлі биотехнологиялық өнімдерді өндіру; микроорганизмдердің, өсімдіктердің және жануарлардың селекциясында биотехнологиялық әдістерді қолдануды ұйымдастыру; орта оқу орындарында педагогикалық қызмет атқару болып табылады. Студенттер 5В070100– Биотехнология мамандығы бойынша оқуын аяқтап, биотехнология бакалаврының академиялық дәрежесін алғаннан кейін ғылыми-зерттеу институтында және жоғарғы оқу орнында маман; өндірістік зертханаларда техник немесе технолог; биотехнологиялық өндірісте шебер технолог, ауыл шаруашылығы биотехнологиясының маманы, тағам өнеркәсібінің маманы; биотехнолог селекционер; экологиялық қызмет пен кәсіпорын маманы; колледж, гимназия, орта мектептерде биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеуге құқығы бар. 5В070100 – Биотехнология мамандығының бакалаврлары өндірістік-технологиялық, селекциялық, сервистік эксплуатациялық, монтаждық-жөндейтін, есептік жобалық, экспериментальды-зерттеулік, білім беру (педогогикалық) салаларында кәсіптік қызмет атқара алады. Ал аталмыш мамандық бойынша грантқа түсу үшін кем дегенде 85 баллдан артық алу керек.
1/16/13, 14:16
Лейла
саламатсызба Акылбек Кажыгулулы!Мен сьзге коияр сурагым. Мен общ нурда жумыс ьстеимьн жолдасым, екь балам бар, патер жалдап турамыз. Мумкьндьк болса сизден жатаханадан болме сураиын дегем.
Құрметті Лейла! Сіздің жатаханадан бөлме беру туралы жазған өтінішіңіз тіркелмеген. Алдымен осы мәселе бойынша өтініш жазып, тіркелуіңіз қажет. Барлық өтініштерге қатысты шешім Тұрғын-жай комиссиясының қарастырылуымен Басқарма отырысында қабылданады. Жатаханадан бөлме бөлу кезінде, ең бастысы, профессорлық-оқытушылар құрамына басымдық берілетінін ескерткім келеді.
1/14/13, 12:23
Бахытжанқызы
Сәлеметсіз бе Ақылбек Қажығұлұлы! Сізге қояр сұрағым, 6М080700 магистрырына қосымша тағыда грант береді ма? Мен қосымша грантқа ілінбей қалған едім және орын бос гранттар болса солардың орнын алуға болама. Маған көмек беріңізші Сізге улкен рахмет!
Құрметті Айгерим Бахытжанқызы! Кіріспе емтиханның нәтижесі бойынша қосымша 6 үміткер болған, соның ішінде Сіз де болдыңыз. Алайда, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі 6М0807–«Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығына қосымша грант бойынша 3 орын бөлді. Сіз 5-ші орында тұрсыз. Сіздің алдыңызда келісім-шарт негізінде оқуға қабылданған және арнайы пәннен Сізден жоғары балл жинаған 4 магистрант бар (қосымша грантты иеленуге олардың де құқығы бар). Егер де Сіз оқитын мамандық бойынша емтихан сессиясы нәтижесінде босаған орын болып жатса, оған сіздің конкурстық негізде құжат өткізуге құқығыңыз бар.
1/13/13, 16:10
Мақсат
Құрметті ректор мырза! Ректораттагы кеңседе отырған қазақ қыздар қазақша сөйлеуге арналаданы. Менің ауылдан келген факсты сұрап барғаным сол еді, айғайлап, құжатты бермек тұрмақ, дұрыстар сөйле деп жер жебіріме жетіп ұрысты. Сонда мен қазақша сөллесем дұрыс сөйлемеген боламын ба: Факсты сұраған едім, кім көрінген келіп, факс сұрайды, ксерокс сұрайды, басымды ауырттыңдар деп ұрсып ұрсып қуып шықты. Нәтижесінде мен ауылдан жібердім деген факсты ала алмай әлі жүрмін. Айтыңызшы, кеңсеге қазақша сөйлеу соншалықты ұят нәрсе ме? Мен қытайдан келдім, орысша білмеймін, енді факсты қалай аламын? Ол кісінің басы ауырғанына мен кінәілі емеспен ғой.
Құрметті Мақсат! Негізінен кеңседегі факс ректор мен проректорлардың атына келетін кіріс хаттарды қабылдауға арналған, жылына құжат айналымы 4 мыңнан асады. Студенттердің құжаттарын қабылдауды деканат қамтамасыз ету керек. Агрономия, сәулет өнері, жерге орналастыру, ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультеттерінде факс бар, қалған факультеттердің деканаттарына факс орнату мәселесі қарастырылуда. Жедел түрде факс қабылдау керек болған жағдайда (87172) 316072 телефоны арқылы ректордың қабылдау бөлмесінен қабылдауға болады. Сіздің хатыңыз бойынша кеңсе қызметкерлерімен әңгімелесу жүргізілді, олар орын алған жағдайды бұдан былай болдырмау жайлы ескертілді.