Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
8/5/23, 19:30
Диляра

1 жылдық оқу ақысы канша?


Құрметті Диляра! 

Салеметсізбе, биылғы 1 жылдық оқу ақысы білім беру бағдарламасына байланысты  700 000 - 750 000 тг аралығында.

8/5/23, 18:12
Уринбасар Ұлбосын

Оқуға және жатаханаға қандай құжаттар қажет


Құрметті Уринбасар Ұлбосын!

Сәлеметсізбе, талапкерлерді студенттер қатарына қабылдау 10-25 тамыз аралығында университеттің АЖЖ арқылы (https://platonus.kazatu.kz/index) жүзеге асырылады. Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар тізімі: аттестат (диплом) түпнұсқа, 075у және 063-нысанындағы медициналық анықтамалар, флюорография суреті, 3х4 көлемiндегi 2 фото, жеке куәлік немесе паспорт көшiрмесi, ҰБТ сертификаты, әскери куәліктің көшірмесі (ер бала үшін).

Ал жатақхана алу үшін, оқуға құжаттар тапсырған кезде өтініш жазасыз және 063-нысанындағы медициналық анықтама көшірмесі, флюорография көшірмесі, 3х4 көлемiндегi 2 фото қажет.

8/5/23, 08:57
Айгуль

Оқуға түсуге қандай құжаттар жинауымыз керек???


Құрметті Айгуль!

Сәлеметсізбе, талапкерлерді студенттер қатарына қабылдау 10-25 тамыз аралығында университеттің АЖЖ арқылы (https://platonus.kazatu.kz/index) жүзеге асырылады. Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар тізімі: аттестат (диплом) түпнұсқа, 075у және 063-нысанындағы медициналық анықтамалар, флюорография суреті, 3х4 көлемiндегi 2 фото, жеке куәлік немесе паспорт көшiрмесi, ҰБТ сертификаты, әскери куәліктің көшірмесі (ер бала үшін).

7/24/23, 08:04
Ғалия

Салеметсізбе? Сіздерде сырттай білім беру жүйесі барма? Дошкольниктарга немесе бастауыш білім беруге????


Құрметті Ғалия!

Сәлеметсізбе, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде» өкінішке орай сырттай білім беру жүйесі бағдарламасы бойынша қабылдамайды. Мектеп жасына дейінгі баланы дайындау және бастауыш білімі мамандығына оқытылмайды.

7/14/23, 10:36
Белгісіз

Сәлеметсізбе Мен сіздердің универлеріңізге шағымданғым ұкеліп тұр.Себебі 14.06.2023 жылы оқуға документ тапсырғанда менің атестатымның түп нұсқасын өздеріне алып қаламын деп отыр.Оларға тек атестаттың көшірмесі деп сұраған


Құрметті талапкер!

Сәлеметсізбе, мемлекеттік білім гранттары конкурсына құжаттар тапсырған кезде міндетті түрде аттестатыңыздың түп нұсқасын қалдыруыңыз қажет. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы  31 қазандағы № 600 бұйрығында көрсетілген. ( Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру  бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына 3-қосымша https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017650). Сіздің қолыңызға тапсырған құжаттарыңыздың тізімі жазылған қол хат беріледі. Егер оқуға түспей қалған жағдайда сіз барлық құжаттарыңызды алып кете аласыз.

7/13/23, 13:14
Мұратов Думан

Биология Химия пәнінен ҰБТдан 62 алдым.Осы пәнді таңдап отырып қандай мамандықтарға түсе аламын?


Құрметті Мұратов Думан!

Сәлеметсізбе, ҰБТ биіндік пәніңіз химия және биология, сіздерге В077-Өсімдік шаруашылығы, В080-Балық шаруашылығы, В050-Биологиялық және сабақтас ғылымдар, В078-Мал шаруашылығы, В083-Ветеринария, В068-Азық-түлік өнімдерінің өндірісі мамандықтарына шектік баллыңыз 50-ден жоғары болса, сіз мемлекеттік  білім грантының конкурсына қатысуға құқығыңыз бар.

Мемлекеттік білім гранттары конкурсына қатысуға өтініштер 13-20 шілде аралығында Электрондық үкімет порталы (https://egov.kz/cms/ru) немесе виртуалдық қабылдау комиссиялары арқылы (https://kazatu.edu.kz/ru/) қабылданады.

Гранттарды тағайындау нәтижелері 1-5 тамыз аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайтында (https://www.edu.gov.kz/) немесе Ұлттық тестілеу орталығының сайтында (http://testcenter.kz/) жарияланады.

Талапкерлерді студенттер қатарына қабылдау 10-25 тамыз аралығында университеттің АЖЖ арқылы (https://platonus.kazatu.kz/index) жүзеге асырылады