Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
7/12/18, 16:03
Сабырбаева Шынаргул Бакытовна
Саламатсыз ба. Ұлым Сіздің вет.медтің ақылы бөлімінде 1 курсты аяқтады. биыл қызым мектеп бітіріп еді, егер 84 баллмен грантқа іліне алмасақ екі баланы оқыту қиын болғандықтан қандай да бір жеңілдік бола ма? Сіздің универге тапсырған жағдайда
Құрметті Шынаргул Бакытовна! Ереже бойынша қызыңыз Қазақстан Республикасы бойынша 4 ЖОО мен 4 мамандықты таңдай алады. Қазіргі таңда университет бойынша оқу ақысы бекітілді, баға қолжетімді. Университет мамандықтары мен таңдау пәндері жайлы ақпаратты университет сайтынан көре аласыз: http://kazatu.kz/kk/talapker/okuga-tusushelerge-arnalgan-akparat/ Университетке қабылдау бойынша сұрақтарыңызды келесі номер және электрондық пошта арқылы қоя аласыз: 8-7172-317-556, Е-mail: 711_12@inbox.ru
7/10/18, 09:05
Төлеужан Аяна
Сәлеметсіз бе! Сұрағым келгені физика математика таңдау пәндерімен қандай мамандықтар бар? және грантқа өтініш қабылдау уақыты қашан?
Құрметті Төлеужан Аяна! Гранттар конкурсына құжат қабылдау 18 шілдеден 26 шілдеге дейін жүргізіледі. Таңдау пәндеріңіз физика және математика болса, келесі мамандықтарды таңдай аласыз: 1. 5В012000 – Кәсіптік білім; 2. 5В070300 – Ақпараттық жүйелер; 3. 5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; 4. 5В071300 – Көлік, көліктік техника и және технологиялар; 5. 5В071700 – Жылу энергетикасы; 6. 5В071800 – Электр энергетикасы; 7. 5В071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар; 8. 5В072400 – Технологиялық машиналар мен жабдықтар (сала бойынша); 9. 5В073200 – Стандарттау және сертификаттау; 10. 5В080600 – Аграрлық техника және технология; 11. 5В081200 – Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету. Университетке қабылдау бойынша сұрақтарыңызды келесі номер және электрондық пошта арқылы қоя аласыз: 8-7172-317-556, Е-mail: 711_12@inbox.ru
7/10/18, 06:57
Әбдіғапар Ерболсын Жомартұлы
Мен Ұбт дан 65 балл жинадым.Таңдау пәнім физика математика.Өзім қалап отқан мамандығым аграрлы техника және технолог.Мен осы оқу орнына грантқа түсуге мүмкіндігім бар ма? Немесе қандай мамандыққа грантқа түсуге мүмкіндігім бар? Жауапқа алдын ала рахмет!
Құрметті Ерболсын Жомартұлы! Таңдау пәндеріңіз физика және математика болса, келесі мамандықтарды таңдай аласыз: 1. 5В012000 – Кәсіптік білім; 2. 5В070300 – Ақпараттық жүйелер; 3. 5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; 4. 5В071300 – Көлік, көліктік техника и және технологиялар; 5. 5В071700 – Жылу энергетикасы; 6. 5В071800 – Электр энергетикасы; 7. 5В071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар; 8. 5В072400 – Технологиялық машиналар мен жабдықтар (сала бойынша); 9. 5В073200 – Стандарттау және сертификаттау; 10. 5В080600 – Аграрлық техника және технология; 11. 5В081200 – Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету. Грант байқауына қатысу үшін құжаттар 18 шілдеден 26 шілдеге дейін қабылданады. Университетке қабылдау бойынша сұрақтарыңызды келесі номер және электрондық пошта арқылы қоя аласыз: 8-7172-317-556, Е-mail: 711_12@inbox.ru
6/30/18, 14:31
Аккулыкова Гулназ Сундетовна
Сəлеметсізбе? Менің қояр сұрағым КАЗАТУ- университетінің ең төменгі төлем ақысы қанша?
Құрметті Гулназ Сундетовна! Біздің университетте ең төменгі оқу ақысы 350,0 мың теңге. Барлық сұрақтар бойынша 8-775-937-39-29
6/27/18, 07:28
Жанқайыр Диас Бауыржанұлы
Сәлеметсізбе. мен 88 балмен био+гео қандай мамандықтарға грантқа түсе алам?
Құрметті Диас! Грантқа өтініштер 18-26 шілде аралығында қабылданады. География және биология пәндерімен Жерге орналастыру, Кадастр, Орман шаруашылығы және орман ресурстары, Аңшылықтану және аң шаруашылығы мамандықтарына оқуға түсуге мүмкіншілігіңіз бар. Барлық сұрақтар бойынша 8-775-937-39-29
6/21/18, 05:30
Кеңес Куралай -
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев! Сәлеметсіз бе! Мен информатика пәні бойынша жоғарғы білімімді бітірдім, ары қарай жалғастырғым келеді, бірақ Сіздерде информатика мамандығы бойынша толық ақпарат жоқ, ең болмаса магистратураға түсу кезіндегі кезекті емтихан сұрақтары болса және де магистратураларға Сіздерде жатақхана қарастырылған ба?
Құрметті Құралай! Магистратурада «Ақпараттық жүйелер» және «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтары ғана бар. «Информатика» мамандығымен бакалаврды бітіріп аталған мамандықтарға түсе аласыз. Магистратураға оқуға түсу үшін шет тілін тапсыру керек, содан соң мамандық бойынша арнайы емтихан тапсыру керек. Емтихандарды жемісті тапсыру нәтижесінде грантқа да үміттенуге болады. Оқудың ақысы 396 мың теңге. Барлық сұрақтар бойынша 8-775-937-39-29