Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/15/16, 04:24
Ержанова Дарига Алиевна
Сәлеметсізбе!Ақылбек Қажығұлұлы Мен КазАТУ университетіндегі қаржы(финансы) мамандығына түсейін деп едім.Оқуға қай уақыттан бастап қабылдайды ақылы түрде??? Және жылына қанша төлейді? емтиxан тапсырамынба әлде тек ұбтнын нәтижесімен түсемінбе? ұбтдан 61балл Оқуға қандай құжаттар қажет
Құрметті Дарига! Оқудың ақылы түріне құжаттарды қабылдау тамыз айының 10-нан 25-не дейін (гранттар нәтижесі жарияланған соң) жүзеге асырылады. Құжаттарды талапкер оқуға түсетін оқу орнына барып өтініш жазу арқылы тапсырады, сондықтан біздің университет таңдаған болсаңыз, көрсетілген мерзімде құжаттарды бізге келіп өткізесіз. Қаржы мамандығына оқудың төлем ақысы 2015-2016 оқу жылында 375 мың теңге болды. Оқуға қабылдау ҰБТ нәтижесі негізінде жүзеге асырылады. Қажетті құжаттар тізім: - аттестат (диплом) түпнұсқа, - 3х4 көлемiндегi 8 фотосурет, - 086-У және 063-нысанындағы медициналық анықтамалар, флюорография көшірмесі - жеке күәлік немесе паспорт көшiрмесi, - тестілеу нәтижесі көрсетілген (ҰБТ немесе ТКТ) сертификаты. Анықтамалар үшін: телефон 31-75-56
5/13/16, 15:51
Қойлыбаева Жаңылхан Сағындыққызы
Сәлеметсіз бе Ақылбек Қажығұлұлы!Мен Қойлыбаева Жаңылхан КСиПО мамандығында 3курс ақылы бөлімде оқимын. Сізге кояйын деген сұрағым үйде 3 студент оқиды, інім де Қойлыбаев Жанболат осы универде Жерге орналастыру факультетінде 1курста ақылы бөлімде оқиды, келесі оқу жылында бізге жатақхана беріледі ме?
Сәлеметсіз бе Жаңылсын! Университет жатақханаларында орын алу ережесі бойынша бірінші кезекте мемлекеттік грант иегерлеріне беріледі. Ал сіздің өтінішіңіз бойынша әр ай сайын тұрғын үй комиссиясында қаралады және мүмкіндігінше беріледі.
5/7/16, 16:53
Айнагуль Альмухамбетова
Сәлеметсіз бе Ақылбек Қажығұлұлы сұрайын деген сұрағым: "Сіздердің университетте сырттай оқу бар ма? Және оған гран бөліне ме?" Рахмет
Құрметті Айнагуль! Университетте сырттай оқу нысаны кәсіптік және техникалық білім (3,5 жыл) және жоғары білім (2,5 жыл) негізінде қысқартылған бағдарлама бойынша қарастырылған. Жоғары білім негізінде университеттің қабылдау комиссиясына оқуға түсуге арналған емтиханды (сұхбаттасу) тапсыру нәтижесінде қабылданады. Кәсіптік және техникалық білім (колледж) негізінде талапкерлердің кешенді тестілеуін тапсыру нәтижесінде қабылданады. Кешенді тестілеу бойынша мүмкін болатын 100 баллдан кемінде 50 балл, оның ішінде бейіндік пән бойынша 7 балл жинауы тиіс. Сонымен қатар колледж мамандығы жоғары білім мамандығына ҚР БжәнеҒМ бекітілген кесте бойынша сәйкес келуі керек. Анықмалар үшін: 8-7172-31-75-56, 8-775-937-39-29
4/27/16, 14:32
Улыкбек Казыбек Сабитханулы
Құрметті, Ақылбек Қажығұлұлы!!!! Менің сізге қоятын сұрағым,мен қазіргі кезде "Технологиялық машиналар мен жабдықтар " мамандығының 1-курс студентімін.Мен осы жылды бітіріп ,"Қаржы "мамандығына ақылы бөлімге ауыса аламынба?егерде ауысқан жағдайда мына мамндықпен түскен əскери кафедра сақталадыма ???! Рахмет!!!
Құрметті Қазыбек! Ауысу мәселесі бойынша сол факультеттің деканатына хабарласып, барлық сұрақтарыңызды жергілікті шешуіңізге болады. Ауысу мәселесі факультеттердің құзырында. Экономикалық факультет деканатының телефоны: 31-75-66.
4/25/16, 09:38
Улыкбек Казыбек Сабитханулы
Сəлеметсізбе , Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев!!! Мен қазіргі кезде "Технологиялық машиналар мен жабдықтар " мамандығының 1-курс студентімін.Менің коятын сұрағым,мен осы жылы бітіріп, келесі жылы мамандығымды "Қаржы"мамандығына ақылы бөлімге ауыстыра аламынба? ауысқан жағдайда пəн айырмашылығын осы жазғы симестрде оқимынба?жəне де əскери кафедра сақталадыма,мамандықтың əскери кафедраға қатысы барма? Рахмет!!!
Құрметті Ұлықбек Қазыбек Сәбитханұлы! Ауысу ережелеріне сәйкес басқа мамандықтан «Қаржы» мамандығына ауыса алады, егер студент төмендегі талаптарға сәйкес болса: 1) Курсты академиялық қарызсыз және өте жақсы үлгерімі болған жағдайда; 2) Айырмашылық пәндер бойынша міндетті пәндер саны 5 пәннен аспаса; 3) Егер ауысатын мамандықта бос орын болса Жазғы семестрде айырмашылықты тапсыруға мүмкіндік бар. Ол үшін офис -тіркеу бөліміне тіркелу керек. Ал әскериге қатысты сұрақты Әскери кафедрасы жауап береді.
4/20/16, 04:53
иргалиева гулжанат жумагуловна
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы! Менің балам 2016 жылы мектеп бітіреді. Осы университетке түсуді алдына мақсат етіп отыр. Егер де грантқа түсе алмаса техникалық факултетке 1 жылдық оқу ақысы қанша? Жатақанасы барма? 29.04.2016ж. сұрақ жіберіп едім жауап келмеді. Рахмет!
Құрметті Гүлжанат Жумагуловна! Біздің университетіміздің техникалық факультетінде оқыту келесі мамандықтар бойынша жүзеге асырылады: - Көлік, көліктік техника және технологиялар – 350 мың теңге (физика); - Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша) – 350 мың теңге (физика); - Азық-түлік тағамдары технологиясы – 346,6 мың теңге (химия); - Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша) – 346,6 мың теңге (химия); - Стандарттау, сертификаттау және метрология – 350 мың теңге (физика); - Аграрлық техника және технология – 350 мың теңге (физика); - Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру – 342, 9 мың теңге (физика). Университетте жатақхана бар, бірақ жатақхана беру ережесі бойынша әлеуметік жеңілдіктері бар студенттер бірінші қамтылады. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru